Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
Жаңалықтар 1842 9 пікір 3 Шілде, 2017 сағат 12:02

Әлемнің үздік фотосуретшілері Астанада бас қосты

Халықаралық «ЭКСПО- 2017» көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен  Астанадағы Ұлттық музейде  елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды фотофестивальдің салтанатты ашылуы болды.  «Мәдениет пен өнер- халықтар мен мемлекеттер арасын жалғайтын алтын көпір. Фотография өнері ұлтқа,нәсілге, дін мен тілге бөлінбейтін бірден –бір құбылыс. Әлемге танымал фотосуретшілердің басын қосқан халықаралық «PHOTOfest.KZ» фотофестивалі еліміздің фотоөнерінің дамуына, Қазақстан мемлекетінің мәдениетіне, толерантты саясатына үлкен үлес қосады деген сенімдемін. Фестиваль дәстүрлі жалғасын табады»-деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шараның ашылу рәсімінде.

Көрмеге   21-ші  ғасырдағы фото әлемі үздіктерінің қайталанбас туындылары қойылған.  200– ге жуық фотосуреттің авторлары көрмені тамашалауға келген қонақтармен суретке түсіп, қолтаңбаларын қалдырып жатты. Олардың ішінде жұмыстары әлемнің барлық атақты көрмелеріне қойылған жапон фотосуретшісі Шигеру Йошида,  Франциядан келген кәсіби фотограф,ню фотография, портрет және натюрморт бағыттарындағы еңбектері әлемге танымал, жарықпен жұмыс жасаудың маманы, осы тақырыпта алты кітап жазып, олардың барлығы бестселлерге айналған Жан Тюрко, Түркиялық Исмаил Хайкир, Аднан Аташ пен заманауи арт-фотограф, ресей, Еуропа, АҚШ мемлекеттерінің ең атақты портретист-суретшісі Павел Антонов бар.  Сонымен қатар осы саланың майталмандары, елімізде фотосурет саласының дамуына үлес қосып жүрген, қазақ тіліндегі тұңғыш «ФОТОЖУРНАЛИСТИКА» оқу құралын жазған Асылхан Әбдірайым, ҚР Премьер-министрінің жеке фототілшісі Шүкір Шахай,Мақсат Шағырбаев пен Тұрар Қазанғаповтың туындылары да көрермен назарына ұсынылды.

Ұйымдастырушылар шараның басты мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында алғаш рет  Орталық Азиядағы ең ауқымды фотофестиваль өткізіп, жастарды фотосурет өнеріне тарту, қызықтыру екенін айтады.

Фотофестиваль аясында қатысушылар Бурабай, Баянауыл, Ұлытау, Түркістан,Шымбұлақ, Медеу, Тамғалы тас, Көлсай, Қарқаралы, басқа да аймақтарды саяхаттап, ол жерлерді суретке түсірмек. Түсірілген фотосуреттердің үздіктерінен «PHOTOfest.KZ»   -гүлденген Қазақстан әлем фотосуретшілерінің көзімен» атты фотоальманах жасалмақ.

1-ші шілдеде салтанатты ашылған фотокөрме айдың ортасына дейін жалғаспақ.

Зарина Әділбек

Abai.kz

9 пікір
Ержан 2017-07-04 12:05:32
Керемет фотолар. Барлығы да сапалы шыққан екен..
Әлішер 2017-07-04 11:40:36
Суретті де сөйлете білген өнер. Фотосуретшілердің еңбегі еленіп жатқаны қуантады.
толқын 2017-07-03 18:38:56
бұл да заманауи өнердің бір түрі ғой, ал арасында жастардың көп болғаны тіпті қуантады!
Болат 2017-07-03 18:38:31
фотосуретшілік бізде аса қарқын алып, дамып кете қоймаса да,қазір көп көңіл бөлінуде, шабыттарыңыз сарқылмасын!
Руслан 2017-07-03 14:22:21
Қызғалдақтың арасындағы баланың түрін-айй
Асхат 2017-07-03 14:21:22
Осындай кәсіп менің хоббиім. Арасында түсіріп тұратыным бар. Көрмеге қуана барам
Мадина 2017-07-03 14:20:22
Аралдың фотосуреті ғой деймін, қатты ұнады
Динара 2017-07-03 14:17:12
Қандай әдемі кадрлер. Әдемі суретті жақсы көрем...
Жанара 2017-07-03 14:16:15
Керемет! бала кезімде фото-суретші болуды армандап едім...

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5693
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11913