Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 9245 0 пікір 3 Шілде, 2017 сағат 12:37

"Балуан Шолақ" көркем фильмі күзде дайын болады

????????????????????????????????????

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы  «Балуан Шолақ» атты толықметражды көркем фильмінің түсірілім алаңымен журналистер қауымын таныстырды. Түсірілім Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылында өтіп жатыр.  Осы жерде арнайы Қызылжар жәрмеңкесі тұрғызылды. Түсірілім тобының негізгі сахнасы осы декорацияда түсірілуде.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіріліп  жатқан бұл фильм драматург Д.Исабековтің «Жаужүрек» пьесасы желісі бойынша жазылған. Фильм режиссері – Нұргелді Садығұлов.

«1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына түскен кезімде Б.Шолақ туралы фильм түсіруді армандайтынмын. Өзім кішкентайымнан күреске қатысып, жарыс  кезінде мұражайдың алдында Балуан Шолақ көтерген тасты ұстап, ырымдап қатысатынмын. Сол арманымды қазір іске асырып жатырмын. Өкініштісі, қазіргі жастар Б.Шолақтың кім екенін де білмейді. Спорт кешені бар екенінен ғана хабардар.  Егер ол тек балуан болса, спортқа негізделген экшн, ал егер тек композитор болса, шығармашылық адамы ретінде лирикалық фильм түсірер едім. Көрермендер картинада балуан, композитор әрі әнші Балуан  Шолақтың өмірін көре алады.

Негізінен бұл жобаға ұзақ дайындалдық. Кастинг те оңай болмады. Кәсіби актерлермен қатар спортшылар да келді. Ұжым болып бірауыздан Еркебұлан Дайыровты басты рөлге таңдадық» деді фильм режиссері.

-Ең алғаш Д.Исабековтің «Жаужүрек» пьесасы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанды. Сол кезде Б.Шолақтың рөлін ең алғаш сомдадым. Образға ену үшін біраз ізденіс үстінде болдым. Кітаптар оқыдым, күреске қатыстым, жаттықтырушым «Қазақстан барысы»  – Ұлан Рысқұл, тіпті 10 келі салмақ қосуыма тура келді. Фильмдегі қарсыласым Г.Головкин деп те әзілдеді, - бас кейіпкер  Е.Дайыров.

Түсірілім тобы кәсіби мамандардан жинақталған. Фильмнің арт-продюсері С.Әбдіхалықов, қоюшы-оператор Р.Қосай,  қоюшы-суретші  Е.Сүлейменов, киім суретшісі М.Торыбаева.

Кегендегі түсірілімнен соң, түсіру тобы Солтүстік Қазақстанға аттанады. Көркем фильм күзде көрерменге жол тартпақ.

Динара Масақова

Суретте: «Балуан шолақ» фильмін түсіру кезіндегі көріністер

(Суретті түсірген Динара Масақова)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620