Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017
Мәңгілік ел 1627 0 пікір 12 Шілде, 2017 сағат 11:23

Дүниежүзі көз тіккен көрме

EXPO – 2017 халықаралық ма­ман­дандырылған көрмесі тек жаңа технологияларды таныстырып қана қоймай, ғаламдық климаттың жылы­нуы, қоршаған ортаны қор­ғау, балама қуат көздерін табу мен оларды жетілдіру мәселелерін тал­қы­лайтын алаң ретінде де таңдал­ғаны белгілі. Осыған байланысты көр­менің ең басты іскерлік бағдар­ламасы ретінде «Болашақтың энер­гиясы» форумы таңдалған болатын.

10-11 шілде күндері осы форум­ның екінші конференциясы «Көмір­тегі мөлшері төмен техно­логиялар және қалпына келтірі­летін техноло­гиялық шешімдер» деген тақырыппен өтті, - деп жазады "Айқын" гәзетінің сайты. Аталған конференцияда алыс-жақын шетелдерден келген және отан­дық ғалымдар суды үнемді пайда­лану, балама қуат көздерін пайдалану, жаңа технологиялар төңірегінде пікір алмасты. Ғалымдар балама қуат көзде­рімен қатар, суды үнем­деу мәселесіне де назар аудару қа­жет екендігін атап өтті. Әсіресе, Орталық Азия аймағында бола­шақта су тап­шылығының туындау қаупі жоғары. Сондықтан, ауыл ша­руашылығы жұмыс­тарын жүр­гіз­генде де, тұрғын­дарды ауыз сумен қамтамасыз етуде де суды үнемдеуге айрықша назар ауда­ру қажет. Конференция бары­сында қабылданған шешімдер мен ұсы­ныстар EXPO – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қорытынды құжатына енгізілмек. Жиынға Энергетиканы тұрақты дамыту саясаты институтының негі­зін қалаушы, доктор Тетсунари Иида, SolarCentury &SolarAir негізін қалаушы доктор Джереми Леггетт тәрізді ғалымдар қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5791
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12091