Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
Жаңалықтар 4631 5 пікір 12 Шілде, 2017 сағат 14:13

Қазақ қыздарын бір-бірімен итше төбелестіріп, содан ақша тауып жүр

Жиенімнің мәшинесіне жолдан бір қыз отырды. Содан естідім, Алматыда қыздардың жекпе-жегін өткізеді екен. Өзі жақында ғана Талдықорғандағы жабық жерде өткен жекпе-жекке қатысып, біраз ақша ұтып алыпты. Оның алдында Алматыда ұйымдастырылған тағы біреуіне барып, тараздық қызды жеңіп қайтыпты.

Түрі соншалықты «жынды» қызға ұқсамайды. Кейін әңгімелесе келе, мінезді қыз екені біліне бастады. Жекпе-жекке екі рет қатысып, екеуінде де өзі сияқты қазақ қыздарымен шығыпты. Соған қарағанда, қазақ қыздарын енді бір-бірімен төбелестіріп, біреулер содан ақша таба бастаған секілді.

«Ондайды телебізірден көрсетпейді. Бірақ Алматыда постоянно өтіп тұрады. Төбелесетіндердің тоқсан бес проценті қазақ қыздары. Енді, біреулер ақшаны жеңіл жүріспен табады, біреулер осылай төбелесіп жүріп табады. Біз сияқтыларға басқа вариант жоқ қой» деп мұнайып қояды.

Жиенімнің де мінезі шатақ. Әлгі сөзді естігенде, қатты ашуланып кеткенін байқадым. Қызға емес, қазақ қыздарын бір-бірімен итше төбелестіріп, содан ақша тауып жүргендерге ашуланып отырды. Біраз жерге дейін үндемей келдік те, өзін Альбина деп атаған әлгі қарындасты айтқан жеріне дейін тегін жеткізіп тастап, үйге қайттық. Жазғым келмеп еді, бірақ бұл сұмдықты барша халық білсін деп жаздым...

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір
Алаш 2017-08-06 18:46:55
ит төбелестіріп ақша тауып болып, енди қазақтын қызы қалғанғой
Қазақ 2017-07-15 17:29:39
Қазақ сұмдық азғындап кетті.
Theresa8 2017-07-13 07:41:30
Барлығына ерекше алғысымды білдіремін, Feigeles несие компаниясы 30 қаңтарға дейін несие ұсынады, 3% -ы, егер сіз мүдделі және білгіңіз кeелсе, өмірді ыңғайлы ету үшін банктен арнайы ақшалай қаражат бере алмайтын адамдарға:Adamfeigelesfirm@yahoo.com :)
Ақан 2017-07-13 07:31:22
Орыс тілді биліктің түгелімен отставкаға кеткені жөн болады.
Че 2017-07-12 18:59:48
Елді осындай құрдымға жеткізген тек қана президент.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5693
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11913