Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017
«Соқыр» Фемида 1089 0 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 10:11

Халық пульті өзгенің қолындағы құлтемір ме?

Тұрар Шапқара қазір Abai.kz ақпараттық порталының белсенді авторларының бірі. Атырау облысына қарасты Жылой ауданында тұратын осы белсенді азамат сол өңірдегі келеңсіз оқиғалардың бетін ашып, талай түйіткілді мәселелердің шешілуіне себепкер болып жүр. Әрине, ақиқатқа қол жеткізу оңай іс емес. Тұрар Шапқараны сотқа сүйреп, мысын басқысы келетін азаматтар да аз емес. "Аққа Құдай жақ" дегендей Тұрар Шапқараның сотта жеңгенін кеше ғана сүйіншілей хабарлаған едік. Енді қарсы тарап "жеңілген күреске тоймайдының" кебімен тағы да күреспекке бел буып отырған көрінеді.

Abai.kz ақпараттық порталы

Менің үстімнен қылмыстық іс қозғасын деп мені сотқа берген Ыбыраев Балтабай Жылой аудандық сотының «ақтау үкіміне» наразылық танытып, сотқа одан әрмен аппелияциялық шағым түсірді. Сөздің ақиқаты керек, мен сотты танымаймын, соттың маған бүйрегі бұратындай менің онымен туысқандық және де басқадай еш қарым-қатынасым жоқ. Бәке-сәке, пара-марадан аулақпын. Менің пайымымда сот өз ісін таза, адал жасады деп білемін. Менің мұндай баға беруіме соттың мені ақтағаны себеп емес.

Мен ақты – ақ, қараны – қара дейтін адаммын. Ыбыраевтың аппелияциялық шағымын түгел оқып шықтым. Ол берген шағымында: «Соттың үкімімен толық келіспеймін, іс жан-жақты обьективті тексерілмеді, болған жағдайларға әділ заңды баға бермеді», - депті. Ол Ыбыраевтың өз жеке пікірі, ызалы ойы және бар жеткен түйсігі. Сонда сот Ыбыраевты жақтап шықса «әділ сот» болады да, ал жақтамаса автоматты түрде «әділетсіз сотқа» айналып кете ме? Сот кім көрінгеннің қас-қабағына қарайтын, әркімнің қолжаулығы емес болар. Сот керісінше Ыбыраевтың сот әдебін сақтамай ашуландырғанына қарамай, Ыбыраевтың жасын, ақ шашын сыйлаумен жеңіл ескертпелер ғана беріп отырды. Ыбыраевтың: «Соттың сөздің мәнісі, мақала мәтініне түсінбеуі – адамгершілікке қиянат жасаумен бірдей» - деген сөзінің өзінде сотты «сауатсыз, мәңгүрт» дейтіндей кекету фактісі бар. «Мақаланы жай қарапайым адамға оқытса» дейді де, лезде «сөздің мән-мәтінін, жөнін түсінетін адам оны соттау керек, оның орны түрме дегенді еш күмәнсіз айтады» деген. Жазып келеді де, енді бір жерінде: «Мақаланы оқыған қанша адам мені атар оғы болмай жүргеніне ешкім күмән келтірмесін» - дейді. Адам бірнәрсе жазарда сәл ойлану керек қой. Келтірілген екі сөзі екі түрлі, тіптен бір-бірімен байланыспайды, лақпа сөздер. Бұның бәрі Ыбыраевтың өз жеке логикасы. Менің мақаламды оқыған адам керісінше «Ыбыраевты соттату керек, оның орны түрме» дейді. Ыбыраев сотқа қатысқан филолог маманға да шектен шығып дүрсе қоя берді. Филолог Д.Ж.Кокимова қанша дегенменде қазақ тілі мен әдебиет саласының маманы, арнайы берілген дипломы бар, білім беру ошағы басшысының әдейі таңдап жіберген маманы. Сонда Ыбыраевтың ойынша бұлардың бәрі де сауатсыз, адамзаттың төмені де, жалғыз өзі жұмақтан келген періште ме? Бұның өзі адам менсінбеу, кемсіту, бәрін өзінен төмен санау, тек қана өзім білем, мен күштімін деген тәкаппарлықтың көрінісі. Әлде көрінгеннің бәрі Ыбыраевты жақтау, Ыбыраевты мақтауға жаралған ба?

Менің Ыбыраевта алажақ-бережағым жоқ, әуелден бітпес дау, қыжағым жоқ. Кек сақтау, өш алу, қасақана зымияндық жасау секілді харам ниет, харам пиғылым жоқ. Дегенменде, Ыбыраевтың халыққа келтірген залалы шамадан тыс шектен шықты. Сонда да мен оны сыйлағандықтан қандай да бір заң орындарына беріп арызданған жоқпын. Мен бар болғаны шырылдап шындықты ғана жаздым. Ол менің ел үшін жасаған еңбегім, парызым, ұрпақ алдындағы міндет борышым деп білемін, және де көзім жұмылғанша туралықты жаза беремін. Ішінде өтірігі, қоспасы, қаңқу өсегі, жаласы жоқ мақала Жылыой халқының әуелден жарыққа шығара алмай жүрген уәждері болғаны себепті зерделеніп барып жазылған дүние болатын. Бұл мақалаға ел түгелдей тәнті болды десем еш қателеспеймін. Шағымда Ыбыраев: «Сот Шапқараевтың мүддесін, құқын, тер төгіп, көп көңіл бөлді» - деп жазған. Бұл не сөз? Ұйқассыз мұндай терминдерді жазуы, айыпталушы мен сот арасына от жағып айдап салуы деп түсінемін, демек, бұл азғырма сөз. Керісінше, соттың маған қатты ескерпелер бергенін Ыбыраев естімей қалып па? «Ақпарат құралдарына таратқанын былай қойсақ, сот залында сотқа аса сенімділігімен ақпаратта айтылған сөздерді кері айтып берді» - деп, Ыбыраев шағымда асыра сілтеп жіберіпті. Жазған нәрсемді қайталап айтуға мен не үшін бұқпайлауым керек? Соттың сұрауына байланысты жазған нәрсемді тура солай қылып айтып бердім. Оның қай жері күнә?

Ыбыраев мен түгілі енді сотқа жала жаба бастады. Керісінше, сот алдағы болатын сот отырыстарының бәрін Ыбыраевтың: «Мына күні қолым тимейді, мына күнге билет алып қойдым, демалуға кетіп бара жатырмын» - дегені секілді ыңғайына қарап белгілеп отырды. «Ал сот үкімде Т.Шапқараевтың халықтың атынан жаздым дегеніне неге баға бермеген, әлде ол парламент немесе сенат депутаты ма, ол халық атынан мақала беретін кім?» - деп келтіргені, Ыбыраевтың ой-өрісінің өте төмен деңгейде екенін айшықтай түседі. Көзбен көріп, қолмен ұстап тұрып, шындықты айтуым үшін мен міндетті түрде парламент немесе сенат депутаты болуым керек пе? «Кім ол?» - деп, тәкаппарлана адам менсінбейтіндей мен сонда ҚР азаматы емеспін бе? Жақсылыққа үлес қосуыма менің ешқандай да құқым жоқ па әлде шектеулі ме? Заңда ондайға жол берілмеген бе? Әлде қаныпезер, адам шошыр жексұрын қиямперісті сұрқия істер істеуім керек пе? Халық сонда аузы буулы, программасы құйылған, пульті өзгенің қолындағы құлтемір ме? Мақала анық халық атынан жазылған. Мен халықтың жанайқайын жеткізуші белсенділердің бірімін. Жастай елім үшін аянбай күресіп келемін. Бәрі жамырып, іштегісін жеткізе алмай, эмоцияға еріп, ереуілге шығып халық жаппай лап ете түссе не болмақ? Мен елде тыныштықтың орын алуына зор үлесімді қосудамын. Және заң аясынан ауытқымай, мәдени, сауатты, салихалы бейбіт мәмледе халық мұңын билікке жеткізіп отырған жайым бар. Сонымен қатар Ыбыраев өз шағымында: «ҚР Ата заңының 34 бабында Әркім заңды сақтауға, басқа адамдардың абыройы мен құқықтарын, бостандықтарын, абырой мен ар-намысын құрметтеуге міндетті» - делінген деп заң бабтарын келтіріпті. Олай болса, мына қызметкерлер жұмыстан не үшін нақақ қуылды?

  • Жұмағазиев Мақсот (87789037156) – «Жылой су» мекемесінде жыл жарым «Камаз» вакум автокөлігінің жүргізушісі болып қызмет атқарған. Ол өз сөзінде жұмыстан негізсіз шығарылғанын, бір апта қызметіне еш сағат соқпағанын, қызметте де, қызметтен тыс та, еш мігір жоқ, құйрық жер иіскетпестен құлдық жүйеде жұмсағанын, Мұнайлыдағы мал қосып отырған үйіне жолдамасыз, чексіз, мекеме көлігімен мекеме суын тегін тасымалдап отырғанын, оның 5-6 рейсін өзі камазбен апарып құйғанын, автокөлікке еш қосалқы бөлшек бермейтінін, көлікті тоқтатпау үшін өз қалтасынан ақша шығаратынын, олай болмаған жағдайда қызметтен қатаң түрде, статьямен қуылатынын қатты ренішпен жеткізген......
  • Сүгіров Сембай (87758572148) – «Жылой су» мекемесінде оператор- машинист (лас суларды айдау) болып қызмет атқарған. Оның айтуында, кезекте тұрған 24 сағатының 2 сағатын негізсіз, заңсыз қиып 22 сағат қылып отырған. Бар болғаны еңбегінің себепсіз соғылмаған 2 сағатын түгендемек болып даулаған екен, «Мен саған ақыл қонғанды көрсетемін» деп, екі күн қатарынан 48 сағат демалтпастан (күні-түн) кезекке қойған, ұйқысыз машинист үшінші күні демалуға кеткенде Балтабай (сол үшінші күні) және кезекке шығасың деп бұйрық шығарған да, «Менің бұйрығыма бағынбады» деген сылтаумен қызметтен қудалаған. Қазіргі таңда «Жылой су» мекемесінің диспечер, оператор-машинист мамандарының бәрі 22 сағатпен отыр, бұл тапа-талтүсте қызметкерлердің еңбекақыларына қол сұғу емес пе дейді? ....
  • Шаукиров Мұрат (87014396826) – «Жылой су» мекемесінде 2 жылдай учаскі басшысы болып қызмет атқарған. Оның айтуында, сенбі, жексенбі күндері мүлдем демалып көрмеген, және ол қызметтеріне еш сағат соғылмаған, Балтабай: «Сендердікі оклад, сөйлеуге қақыларың жоқ» деп бетпақтанып отырған. Мотор сальниктерін (метрі 1000 теңгеден) өз қалтасынан ақша шығарып базардан сатып алып отырған. Мекемеге қызмет көрсету үшін тракторларды өз қалтасынан жалдап отырған, Балтабай анда-санда келіскен жанармайларын да бермей талай абыройсыздықтарға ұшыратқан. Ал мекеменің «КАТ» деген (автомат коробка) тракторын бірнеше жыл өз жеке шаруасына тығып, тиын жасап моторын соқтырды. Оған мекеме қаржысынан моторын жөндетіп, ол тағы жарамсыз болып шықты. Енді қайтадан мекеме қаржысына мотор жинатуда. Трактор інісінің үйінде. Мекеме темір-терсектерін мекеме көлігімен «қара-темір» қабылдайтын жерлерге өткізіп отырған, соны өзі талай апарғанын, ішінде қосалқы бөлшек ретінде пайдаланатын талай әжептәуір салмақты моторлар кеткенін қынжылыспен жеткізді. Мекеме қызметкерлерін жеке шаруасына пайдаланған, шөптерін түсірткен, малдарына шөп салдыртқан, боғын, қиын алдыртқан, мал сойдырып, ішек-қарын тазалатқан, айта берсе көп, бұның істемей отырғаны жоқ дейді. Ең жеңілі «Жылой суға» көмек ретінде берген қалалық әкім Кейкін Шәкірдің котельныйдан түскен 500 тасын Балтабай өз үйіне түсіріп алған. Қазіргі таңда ол тастар Балтабайдың үйінің артында жинаулы тұр....
  • Әлжанов Әмірхан (87783021745) – «Жылой су» мекемесінде 3 жылдан аса оператор-машинист болып қызмет атқарған. Оның айтуынша, «бар шындықты айтып қойдың» деп, жұмыстан статьямен шығарылған. Сотқа қосалқы айтарлары бар.....
  • Шакимов Орынбасар (87025393483) – «Жылой су» мекемесінің нағыз таптырмас маманы, еш қарсы келер, қарсы айтар сөзі жоқ, тек қана ісін білетін момын маман. Оны жұмыстан шығарғанына Балтабай өкініп, қызметке қайта алмақшы, сондықтан бұл қызметкер сөз саптай алмауына, бұрын соңды сот ғимараттарына барып көрмегені, т.с.с себептермен өзін мазаламауын өтінген......
  • Жанбаев Орынбасар (87021382228) – бұл маманды жұмыстан шығарып жібергеніне біраз болды. Бұл жігіт осы мекеменің басшысы болуға да лайықты. Жер асты каналдарын, барлық механизм, тетіктерді жатқа біледі, ісіне мығым десек те болады. Бұл жігітте Балтабайдың мекеме қосалқы бөлшектерін темір-терсекке өткізген суреттері сақталған...
  • Балтабай осы уақытқа дейін заңсыз адам құқығын, адам күшін қулықпен еріксіз пайдаланып келген. Бұндайға арнайы көзделген баптар бар. Әлиманов Нарынбай деген өзі қатарлас кісіні жалшы ретінде сарайына итқорлықпен қамап ұстаған. Нарынбай сол үйдің отымен кіріп күлімен шыққан. Басының ауыратындығын, қағаз танымайтын, қол да қоя алмайтын сауатсыздығын, аздап ауыратындығын аса қулықпен пайдаланған Балтабай Нарынбайды мекемеге күзетші қылып тіркеп қойып еңбекақысын өзі алып отырған. Нарынбайға тек «өле түссін» дегендей темекісін, жүрек жалғасын деп қаужитын қара нанын ғана зорға әперіп отырған. Нарынбай зейнетке қалған соң да Балтабайдың есігінде жалшылық өмірін жалғастырған. Оны кейін осы мекемеде қарауыл болып жұмыс жасайтын Әлиманов Шүренбай деген інісі халықтан ұялғаннан ол жерден яғни құлдық жүйеден зорға айырып алған. Нарынбай қазіргі таңда қоқыс төгетін алаң жақтағы бір қырда мал бағып жүр. «Жылой су» мекемесінің қызметкерлерінің айтулары бойынша Нарынбай қыста киімсіз, азып-тозып, аш-жалаңаш күйде өте жұпыны өмір сүрген. Нарынбай диспетчерлерге барып, ондағы ұмыт қалған, ашып кетіп формасын бұзған, итке де құюға келмейтін жемнен бетер ішіп-жемдерді сиырып салып соғып алып отырған. Оны тұтқында ұстап, мұндай қайыршылық күйге түсірген Балтабай дейді. Ел аман, жұрт тыныш, мынандай мамыражай бейбіт заманда ҚР азаматын қорлап, үй қамақта жалшы етіп, еңбекақысын алғаннан бөлек аса қулықпен күшін пайдаланғаны үшін заң алдында жауап берсін!

Ыбыраевтың ойынша менің мақаламның ішінде оған жақпайтын сөздер болыпты. Әрине, «иттің ішіне май жақпайтыны» секілді ащы шындық кімге ұнайды? Сөзім дәйекті, түсінікті болу үшін мақалада келтірілген Ыбыраевқа жақпаған сөздерге жеке-жеке тоқталып өтейін.

Ыбыраев: «Мені сотты болды, мемлекеттік қыруар қаржыны қымқырды деген жеріне дәлел келтірсін» - деп отыр.  Қазақта лезде құтылып кетсе де соттың қармағына бір ілініп қалғанды «сотты» болып деп айта береді. Бұл – синоним! Шындығында оқиға желісі былай болған. «Жылой су» мекемесі басшысы Ыбыраев 6 млн 450 тг қаржыны өз сыбайластарымен тапа-талтүсте талан-таражға салып жоқ қылып қымқырып кетеді. Сыбайластар әзір 3 адам, көрінбей бұғып қалғандары болуы да әбден ықтимал. Бұлар топ болып қылмыс жасағаны себепті міндетті түрде сотталатын болды. Демек, бұл жерде қырағылық пен аса қулық қажет болды. Өз қоластындағы қызметкерлерінің айтуы бойынша бұлар бір адамнан (заң орнының тұлғасы) кеңес алып, «Кәмелетке толмаған балаң бар, сені соттамайды, бір адам мойныңа алсаң  топ-групировка деген бәледен құтыламыз, сонда бәрімізге жеңіл болады, көп болса 3 жыл условня береді, кейін қымқырған қаржыны түгел қайтарамыз, бастысы сотталмаймыз. Және осы қызметіңде өмір бойы жасай бересің» - деп, кішкентайы бар есепшінің көмекшісіне қолқа салады. Әйтпесе түгел сотталады. Үйретулері бойынша: «Мен қайдан білейін, Балтабай жоқта қол қойып жіберіп едім» - деп, есепшінің көмекшісі бар істі өз мойнына алады, сот болады, сот есепші көмекшісіне 6 жыл беріп, кейін егемендіктің 25 жылдығына орай рақымшылыққа бөленіп, 3  жыл условня, шектеу жазасын тағайындайды. Бұл арнайы қойылған драма еді. Бұл жерде де кімнің кімге көмектескені анық жайт! 6 млн 450 тг жәймен үкіметке қайтарыла бастайды, 2 млн жарымы әлі берілмеген секілді. Солайша бұлар аса қулықпен бұл істен құтылғандай болады. Іс рет-ретімен, өздері ойлағандай күйде іске асты. Демек, бұл істе де үлкен сыбайластықтың, жемқорлықтың, парақорлықтың, кланның исі мүңкіп тұр. Істің бұлай болуын ойлап тапқан, және дәл солай жасаған тұлғаларды жай адам, болмаса тегін жасады деп ойламаймын. Сценарий бойынша жасалған эпизодтар ертеңгі күні «қайта қарау» науқаны орын алған жағдайда сахнаның опырылып ортаға құлауына әкеп соқтыруы ықтимал және істің барлығынан халық хабардар. Сот Атырау қаласында өткен. Ал енді есепшінің көмекшісі Балғаным ханым қазіргі таңда әлі сол мекемеде, сол қызметін жалғастыруда. Ал Ыбыраев ең бастысы бұл жерде менің аты-жөнім жоқ деп ойлайды, қатты тартса қармақшалар шығып қалатынынан бейхабар секілді. Мысалы, Ыбыраевтың осындай істері «іскерлік» пе? Бұл істің қайта қаралуын сұрап мен ҚР Жоғарғы сотына арыз жолдаймын. Себебі, мемлекет қаржысын еркін қымқырып, кейін өздері ойлағандай аса қулықпен оңай құтылып кете берсе не болады? Қулық қылғандарға түлкібұраң, арбау, шаң қаптырды, т.с.с сөз тіркестері қолдануға лайық. Ал құлақ жайлы айтылса, ол «ана қалқанқұлағымен ақиқатты естімей ме?» деген теңеу. Жүгенсіз кеткен, әмпәй-жәмпәй, т.с.с сөздер біздің жергілікті менталитет бойынша үнемі еркін қолданыстағы айтыла беретін байырғы қазақ сөздері. Ол сөздер балағатқа жатпайды, жаман сөз болса «қазақ сөздік қорынан» аластатылып алынып тасталуы тиіс. Мақала бір адамға қаратылып жазылса, кімге жазылса да ол нәрсе адамның өзіне қаратылып айтлылғаны себепті ашуына тиюі мүмкін. Ол табиғи заңдылық! Сонда біреудің ашуына тиеді деп ешкім шындық айтпау керек пе? Күнәні көріп тұрып түземеуіміз керек пе? Ал Ыбыраевқа халыққа қандай зардап шектірсе де рұқсат па сонда? Ар-намыс, ождан, бедел секілді қасиеттер тек қана Ыбыраевтың денесіне бекітілген бе? Жұртты сынап, ал өзі сынауға ұшырағанда «арыма тиді» деп шу көтеріп арыздануды шәлкес мінезден деп есептеймін. Алла алдында да, адам, заң алдында да адамдар бірдей. Мақала Ыбыраевтың ар-намысына тиді десек, Ыбыраевтың экологияны бүлдіріп халықтың денсаулығын құртуы халықтың ешнәрсесіне тиген жоқ па? Сот Ыбыраев екеумізді мейірлесіп, татуластыруға тырысып бақты, бірақ, Ыбыраев: «Мен қоймаймын, түбіне жетемін» деп қырсығып бақты. Менің 7 балам бар, жұмыссызбын. Үйімнен гөрі ел қамына көп алаңдаймын. Ыбыраевтың сондағы мақсаты нәфсани жеңу ғана ма? ҚР ҚК 130 бабтың 2 бөлігі, 131 бабтың 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғатып, менен тиесілі соманы өндірсе Ыбыраевтың ұпайы түгенделе ме? Осы уақытқа шейін Ыбыраевты сыйлап келдім, енді оның үстінен менің арыздануыма тура келіп тұр. Жаза берсе том кітапқа айналары сөзсіз, сондықтан қысқартылып жазылды.

Тұрар Шапқара

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5791
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12091