Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3466 0 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 10:46

Түркімен журналисі Сапармамед Непескулиев екі жылдан бері түрмеде отыр

Түркіменстандық журналист Сапармамед Непескулиевтің қамауға алынғанына екі жыл болды. Ол үш жылға сотталған. Адам құқығын қорғаушы ұйымдар мен БҰҰ оны саяси тұтқын деп таныған.

"Сапармамед журналистік қызметі үшін жазаланды. Оны адвокатсыз соттады, жабық өткен іс қолдан ұйымдастырылған деп есептейміз", - деді Азат Еуропа/Азаттық радиосының (RFE/RL) президенті Томас Кент.

Непескулиев 2015 жылы 7 шілдеде Аваза курортты қаласында ұсталған. Түркіменстан соты 2015 жылы 30 тамызда оны есірткі заттарын сақтаған деген айыппен жаза белгіледі. Адам құқығын қорғаушылар журналистің ісін ұйымдастырған деп есептейді.

БҰҰ-ның жұмыс тобы 2015 жылы желтоқсанда оның ұсталуын ой еркіндігін шектеу деп таныды. Өткен жылы маусымда оннан астам БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар ұжым болып наразылық білдірді.

Республикадағы саяси ахуалға байланысты, РСЕ/РС Түркіменстанда бюро аша алмай отыр, соған қарамастан жергілікті тілшілер арқылы жұмыс жүргізіп келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2252
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505