Бейсенбі, 23 Қараша 2017
958 0 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 10:47

Қырғыз оппозиционері Текебаев соттан төлқұжатын қайтарып беруін өтінді

Бішкектің Первомай аудандық сотында "Ата Мекен" оппозициялық партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенбек Чотоновқа қатысты іс бойынша сот жүріп жатыр. Текебаев конституциялық құқығы шектеліп отырғанын сот отырысында мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, тергеу кезінде және сот жүріп жатқан уақытта ол заңды құқықтарын пайдалана алады, ол үшін оған төлқұжатын (ID-карта) қайтарып алу керек. Сол себепті ол соттан Орталық сайлау комиссиясына құжаттар өткізу үшін төлқұжатын сұрады.

"Менің төлқұжатымды неге қайтармайсыңдар? Іс материалдарында менің екі төлқұжатым да жатыр. ID-карта маған қазір керек. Менің конституциялық құқығымды шектемеуіңізді сұраймын", - деді Текебаев.

Дегенмен судья оның өтінішін қанағаттандырмады. Еске салайық, Өмірбек Текебаев Орталық сайлау комиссиясына қырғыз президенті сайлауына түсу үшін өзін-өзі ұсынған. Оның өтініші қабылданған.

Текебаев пен Чотоновқа пара алды деген айып тағылып отыр. Қылмыстық іс Ресей азаматтары Алексей Модин мен Леонид Маевскийдің куәлік етуі негізінде қозғалды. Сотталушылар істің саяси астары бар деп есептейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10411
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18633