Дүйсенбі, 20 Қараша 2017
1010 0 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 10:49

БҰҰ Сирияның солтүстігінде гуманитарлық жүк үлестіре бастады

Азық-түліктің алғашқы партиясын Мансур қаласындағы мыңдаған босқын ала бастады. Башар Асад билігі маусым айында БҰҰ-ға елдің солтүстік-шығысындағы Камишли қаласына баратын жолда гуманитарлық көмек үлестіруге рұқсат еткен еді.

Провинцияның бұл аудандарында Ракка қаласындағы әскери қимылдардан қашқан босқындар шоғырланды. АҚШ басқаратын коалиция күштері Ракканы "Ислам мемлекеті" содырларынан азат етуге талпынып жатыр.

БҰҰ мәліметі бойынша, биыл сәуір айынан бастап бұл аймақта 190 мыңнан астам адам босып кетті, 50 мыңға жуық тұрғын қоршаудағы қалада қалды.

Провинциядағы көптеген жолдар 2014 жылы жабылған, сол кезде ИМ күштері Ракканы әкімшілік орталығы етіп, оны Сириядағы халифат астанасы деп жариялаған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10108
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18247