Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017
991 0 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 11:10

«ӘСКЕР МЕДИА – 2017» тұңғыш республикалық баспасөз фестивалі өтеді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «ӘСКЕР МЕДИА – 2017» тұңғыш республикалық баспасөз фестивалі туралы  ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұйымдастырып отырған «ӘСКЕРИ МЕДИА – 2017» қазақстандық баспасөз фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль, бір жылға арналған нұсқау марапаттау рәсімін өткізу жылына сәйкес келеді) мынадай міндеттерді шешуге бағытталған.

- Қарулы Күштердің ашықтылығы мен қолжетімділігін арттыру, БАҚ-та Қарулы Күштердің қызметін білікті және дәйекті түрде жария ету, телевизиялық, баспасөз және электрондық БАҚ-та бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру;

- қазақстандық армия туралы қоғамның позитивті көзқарасын қалыптастыру, қоғам арасында әскери қызметтің беделі мен әскери дәстүрді насихаттау және арттыру;

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне деген қоғамның назарын аударту.

2. Фестивальдің ұйымдастырушылары мен финалды өткізу орны

2.1. Фестивальдің ұйымдастырушысы Министрлік болып табылады.

2.2. Фестивлаьдің шешуші кезеңі Астана қаласындағы ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталықта өтеді.

2.3. Фестивальдің ұйымдастырушылары:

- қоғамға және фестивальдің әлеуетті қатысушыларына байқау рәсімдері туралы ақпаратты жеткізуді;

- барлық қатысушылапрға арналған тең жағдайды;

- фестивальға дайындалу және оны өткізумен байланысты іс-шараларды кеңінен жариялауды;

- Министрліктің www.mod.gov.kz ресми сайтында байқау туралы ақпаратты орналастыруды;

- жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттауды;

- ресми жариялағанға дейін фестиваль нәтижелерінің дербестігін қамтамасыз етеді.

3. Фестивальдің материалдары мен қатысушылары

3.1 Фестивальдің мәні орталық және өңірлік (жергілікті) баспасөз, аудио және элеткрондық БАҚ-та орналастырылған материалдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметіне арналған әлеуметтік желілер мен блогатрда жарияланған авторлық материалдар болып табылады.

3.2. Фестивальға 2017 жылғы қаңтардың 1-і мен қазанның 31-і аралығында Қарулы Күштердің қызметі туралы материалдар жариялаған Қазақстан Республикасының азаматтары, әскери қызметшілер, БАҚ өкілдері, блогерлер қатысуға (бұдан әрі - Қатысушылар) шақырылады.

4. Фестивальді өткізу барысы

4.1. Фестивальға Министрліктің Ақпарат және коммуникациялар департаментінде конкурстық іріктеуден өткен Қазақстанның түкпір-түкпірінен өтініштер қабылданады. Үміткерлер ұйымдастырушылардың мекенжайына өтінімдерді жолдау арқылы өзін-өзі ұсыну қағидаты бойынша өтініш білдіреді. Фестиваль ұйымдастырушылары БАҚ редакцияларына, редакцияның штаттық және штаттан тыс қызметкерлеріне, сондай-ақ азаматтарға фестивальға қатысуға бастама білдіруге құқылы.

5. Фестивальдің аталымдары

5.1. Телевизиялық БАҚ қызметкерлеріне – үздік телевизиялық бағдарлама үшін.

5.2. Радиостанциялардың қызметкерлеріне – үздік радиобағдарлама үшін.

5.3. Баспасөз БАҚ-тың қызметкерлеріне – баспасөз БАҚ-тағы үздік материал үшін.

5.4. Ақпараттық агенттіктердің қызметкерлеріне – ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс үшін.

5.5. Фотографтарға – үздік фотожұмыс үшін.

5.6. Блогерлерге – әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс үшін.

5.7. Арнайы аталымдар: - үздік әскери шолушы; - үздік жас журналист; - өңірлік БАҚ-тағы үздік материал.

6. Конкурстық материалдарға қойылатын талаптар. Өтінімдерді беру және фестивальға қатысу тәртібі.

6.1. Фестивальға қатысушылар Министрліктің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің мекенжайына өтінімдерін береді.

6.2. Ұсынылатын материалдар жоғары кәсіби деңгеймен ерекшеленіп және: - тақырыптың өзектілігі әрі маңыздылығымен;

- тақырыптың дәлелденуі және терең ашылуымен;

- талдамалы көзқараспен;

- мазмұндау мәнерлілігі, нақтылығы және санаға жеткізілумен сипатталуы тиіс.

6.3. Фестивальға қатысу үшін мынадай құжаттар (материалдар) ұсынылады:

1) байқау аталымының атауымен қатысуға өтінім білдіру (электрондық өтінімнің бланкісі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz  ресми сайтында орналастырылған), материалдың атауы, шығу күні, қысқаша аңдатпасы, автор туралы мәліметтер (тегі, аты-жөні, жұмыс орны, айналысатын жұмысы, пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы), немесе ұжым, ұйым туралы (атауы, электрондық мекенжайы, телефоны);

2) аталымға байланысты:

а) Телевидение. Материалдардың бейнежазбалары интернет-ресурс пен сканерленген эфирлік анықтамаға сілтеме жасай отырып, барынша сапада ұсынылады. Эфирлік анықтама мыналарды қамтуы тиіс:

- телеарна жеке меншігінің атауы мен нысанын (мемлекеттік, коммерциялық және т.с.с.);

- жаңалықтық немесе өзге бағыттылықты көрсете отырып, бағдарламаның атауы;

- телебағдарламаның (сюжеттің) шығу күні мен уақыты;

- бағдарламаның (сюжеттің) хронометражы;

- қозғалатын тақырып, жанр;

- басшының қолы, мөрі.

б) Радио. Радиобағдарлама (сюжет) жазбалары интернет-ресурс пен сканерленген эфирлік анықтамаға сілтеме жасай отырып ұсынылады. Эфирлік анықтама мыналарды қамтуы тиіс:

- радиостанцияның жеке меншігінің атауы мен нысанын (мемлекеттік, коммерциялық және т.с.с.);

- радиостанцияның тарату жиілігі; - жаңалықтық немесе өзге бағыттылықты көрсете отырып, бағдарламаның атауы;

- радиобағдарламаның (сюжеттің) шығу күні мен уақыты;

- бағдарламаның (сюжеттің) хронометражы;

- басшының қолы, мөрі.

в) Баспасөз БАҚ Материалдар  pdf  пішімінде ұсынылады және анықтамамен сүйемелденеді. Онда мыналар көрсетіледі:

- басылымның атауы мен тиесілігі (мемлекеттік, коммерциялық және т.с.с.);

- жаңалықтық немесе өзге де бағыттылықты көрсете отырып, айдардың (тараудың) атауы;

- материалдың шығу күні мен уақыты;

- басшының қолы, мөрі.

г) Ақпараттық агенттіктер. Байқау тақырыбы бойынша материалдарды таңдау басылған және электрондық нұсқада мақалаға сілтеме түрінде және мақала бейнесінің скриншоты түрінде ұсынылады.

д) Фотожұмыстар. Электрондық нұсқадағы түрлі түсті және ақ қара түсті фотосуреттер (2 МП (1600*1200 кем емес 300 dpi кем емес рұқсат етілуімен  jpg пішімі), фотосуреттің қысқаша сипаттамасы (тарихы) болуы ықтимал (мәтіннің 1 бетінен аспағаны жөн);

е) арнайы аталымға қатысу үшін авторлық жарияланымдар. Жарияланым мәтіні ұсынылады, оған міндетті түрде веб-адрес көрсетіле отырып, электрондық нұсқада скриншоттар қоса салынады.

ж) Әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс. Әлеуметтік желілерде немесе блог-тұғырнамаларда жарияланым немесе пост мәтіні ұсынылады. Оған міндетті түрде сілтемені көрсете отырып, электрондық нұсқада скриншоттар қоса салынады.

6.4. Фестивальға қатысу үшін өтінімдер электрондық нысанда 2017 жылғы шілденің 10-ы мен қазанның 31-і аралығында қабылданады.

6.5. Өтінімді ұсына отырып, ҚР заңнамасына сәйкес авторлық қаламақыны төлемей автор (ұйым) көрмелерді, фестиваль жарнамаларын. әлеуметтік жарнаманы  БАҚ-та жариялау үшін коммерциялық емес мақсатта олар жіберген материалдарды пайдалануға өз келісімін береді.

6.6. Қатысушылар ұсынған материалдар қайтарылмайды және төленбейді.

6.7. Фестивальға қатысу бойынша барлық шығыстар, яғни, интернетке кіруді, жеңімпаздарды марапаттау орнына жету жолақысы, тұру үшін тұрғынжайды жалға алу бойынша шығыстарды төлеу және өзге де шығындарды қатысушы жеке өзі төлейді.

6.8. Егер фестиваль жеңімпазы марапаттауға жеке өзі келе алмаса, марапаты оған пошта арқылы жіберіледі. Марапатты жөнелту бойынша шығынды ұйымдастырушы жүзеге асырады.

7. Фестивальдің конкурстық комиссиясы (әділқазылар алқасы)

7.1. Фестивальдің қорытындысын шығару үшін Министрлікте министрліктің. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдерін, БАҚ саласындағы еңбегі сіңген қайраткерлерді, танымал медиа тұлғаларды қамтитын байқау комиссиясы (әділқазылар) құрылады.

7.2 Әділқазылар әрбір аталым бойынша іріктеу өлшемшартын әзірлеп, қатысушылардың жұмысын тексеруді жүзеге асырады және фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттауға қатысады.

8. Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау

8.1. Финалдық марапаттау рәсімі Астанадағы ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталықта өтеді.

8.2 Финалдық рәсімге қатысушылар (номинанттар) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің дипломымен, естелік белгі және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5791
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12091