Сенбі, 22 Шілде 2017
46 - сөз 1136 0 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 12:18

Алматыға жаңа әуежай керек сияқты

Астана әуежайының жаңа терминалы ұнады. Кең, ыңғайлы әрі қолайлы. Әлі біраз реттелуі тиіс жайттар болғанымен жалпы алғанда ұнады.

Тек T-1 мен T-2 арасында ғимарат ішімен тікелей өтіп кету мүмкіндігі жоқ екен, яғни ішкі рейспен ұшып келсең сыртқа шығып қайта кіруге тура келеді. Шекара қызметі жұмысы сәл болсын дұрысталыпты, EXPO әсер еткен шығар, бірақ әлі де төмен баға берер едім.

Өткенде Лондоннан Астанаға ұшқанда бір қытай студенті транзит арқылы Қытайға ұшып барамын деген еді, өйткені бағасы жақсы әрі тез жетесің деген болатын.

Бұл тұрғыдан Астана мықты хабқа айналуға мүмкіндігі бар. Жаңа терминал стилі де осыған келетіндей. Ал Алматыға болса, жаңа әуежай керек сияқты.

Руслан Желдібай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 21537