Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017
46 - сөз 1657 0 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 12:23

Қылышымды кітапқа айырбастаймын

- Білесің бе, аға? - деді Наурызбай батыр Кенесарыға. Егер осы соғыстан аман қалсам ілім үйренем. Расында біз нағыз көрсоқыр болып келген екенбіз ғой... Мен өмір бойы іздеген сұрақтардың жауабы кітапта жазылған екен ғой аға, - деді көздерін ыстық жас жуып.

- Сонда қандай кітаптан бастамақсың, Науанжан? - деді Кенесары да қиналғанын білдіргісі келмей.

- Егер дәл осы жолы ажалдан аман қалсам Құдіретті Қасым xаннан мұраға қалған "Жаулап алушының құпия-сырларын" жатпай-тұрмай оқимын. Бір оқығаннан түсінбейсің дейді ғой Нысанбай қария, бірақ мен түсінгенше оқи берем. Ғылым жолына түсемін аға. Жау көрсе тұра шабатын есерлігімді де тастаймын, рас айтам аға. Сеніңіз маған. Қылышымды кітапқа айырбастаймын. Керек десеңіз миға кірмейтін алджебр(алгебра) мен пәлсапаны да үйренем. Тек осы жолы аман қалсам екен. Күш қаруда емес, кітапта екен ғой аға...

- Бізге соны кішкентайымызда ұқтыратын ешкім болмағанын-ай, Науанжан. Бірақ біз өз таңдауымызды жасадық. Келер ұрпақтарымыз қателігімізді қайталамаса деп тілейік одан.

- Аға, өмір қандай тамаша, ә?! Менің қайта өмір сүргім келіп кетті...

Бірақ бұл жолы ағасы оған жауап қатпады. Ол басын бұрғанда Қазақ Елінің соңғы үмітінің басы батқан күнмен бірге сайға қарай домалап бара жатқан еді..."

"Патшалар һәм Падишаxтар құпиясы" (тыйым салынған кітап)

Асхат Хасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5791
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12091