Дүйсенбі, 20 Қараша 2017
Дей салдым-ау 2134 35 пікір 14 Шілде, 2017 сағат 09:17

Сәдібек Түгел. Той және лекция

Биылғы  жылдың шілде  айының екінші   күні. Әйеліміз  екеуіміз үлкен    тойдың,   үлкен   қуаныштың   ішіндеміз. Балдызым  Қанат пен  Гуля   келініміз  ұлдары   Ержанды  Жанерке  атты  қызға үйлендіріп, Елорданың    «Жетіқазына» атты   мейрамханасында ұлан    асар  тойы  жасауда.

Той  залы әсем  безендірілген.  Кешеннің  босағасынан  бастап   түрлі-түсті   шарлар мен алқызыл   гүлдер   ілінген. Атмосфера   қандай? Екі  жастың    қызығына    жиналған   қонақтар  бір-бірімен    құшақ  жая амандасуда. Әр  жерден   «Той  құтты,   екі  жас  бақытты  болсын!  Той-тойға   ұлассын» деген  құттықтаулар толассыз   айтылуда.   Ата-аналарымен  бірге  тойға  келген   жас  балалар да   ерекше    күй   кешуде.   Музыка  құйылып  тұр.   Залдың  ортасында «Ақ  жол» деген  жазуы  бар  ақ  матадан     жасалынған    дорожка   төселген. Қазақ   халқы   қашанда    құдаларын  сыйлаған,  құрмет  тұтқан. Мыңжылдық  құдаларымыз  деген   ұғымның  маңызы  ерекше. Оның  астарында Ұлы ұлтымыздың  ұлағаты,  кеңдігі,  парасаттығы мен  озықтығы,  болашақты  болжай  білетін    кемеңгерлігі   жатыр.  Құлақтан   кіріп,   бойды    алар,    ән   көңілдің   ажары  ғой,  шіркін. Микрофоннан    танымал  әнші Қалжан  Кемаловтың орындауындағы  «Ойна  Құдалар»  әні    шырқалды. Асаба    құдалардың    келе  жатқанын   хабарлады.

Ойна, ойна құдалар,

Жастық  шақты  еске   алып,

Биле,  биле   құдалар.

Жүрмеңіздер    кеш   қалып.

Құдаларға      шашу    шашылынып,  зор  құрмет    көрсетілді.     Қандай    жарасымды  десеңші, мыңжылдық   жаңа  құдаларымыз  ақ  кілемнің   үстімен   жүріп  өтіп ,   той  төрінен   орын  алды.  Әрқайсысының   төсінде құда,  құдағи  деген  жазулары  бар  «Бейдж»  тағылған.  Керемет.

Сосын   әдеттегідей  атақты   «Той  жырымен» жастарды   қарсы  алдық.  Ол да  керемет  өтті.  Беташар  айтылып, неке   қию   рәсімі   өткізілді.    Келген  құдалар нөмірі  бірінші  және  екінші  үстелдерден  орын  алды. Біз әйеліміз  екеуіміз   құдалар отырған бірінші  үстелге жайғастық.  Той  бірден   қызу  басталды.  Сөз  беріледі, би биленеді, өлең  айтылады. Тост  айтушылар  орындарынан  атып  тұрып, ортаға  қол  бұлғап, билеп  шығуда.  Көңіл   шіркінді    көтеріп,    денені   қыздыратын небір    ғажап  әндер бірінен   соң  бірі  айтылуда.   Олардың   арасында   халық   әндері  «Қызыл  өрік», «Чип чип», «Аспанға   қараймын, сол жұлдызды  санаймын», Жанна  Фрискенің  орындауындағы жүректі  ерітетін «Малинки,  малинки, такие  вечеринкилері»  бар.

Халық әбден   көңілденіп  алды.  Сыйластықтың  жоғары   сатысы.  Құдаларымыз   басты  назарда. Оларға  зор  көңіл   бөлінуде. Құрметті құдалары мен қонақтарының  қуанғандарына той иелері Қанат пен  Гуля  да   бек  риза. Түрлерінен    көрініп  тұр.  Бәрі  жарасымды  жақсы   ұйымдастырылған. Құдаларын  құрметтей  білген осы  мықты  тойға   риза  бола  отырып,    15  жыл  бұрын   астаналық   бір ресторанда   қыз  жақтан   құда  болып  барғанымды   есіме  алып,  өз  ойымнан есеңгіреп  қалдым.  Оның   себебі  бар.

Еліміздің   батыс  өңірінде   жиналыстар  өткізіп,  ұлттық  спорт  түрлері    Қауымдастығының   филиалдарын  құрып  жүрген  кезім  болатын. Әйелім  телефон    соқты. «Алматының   жанындағы  ауданда тұратын, аталарымыз  бір апайымның  қызының   қызы  тұрмыс   құрып  жатыр екен.   Солар   қыз  ұзату  тойларын   ауылда  жасапты.  Енді  жігіт  жағының  тойы  Астанада болады. Мені   тауып  алып,  бізді тойға  шақырып  жатыр» деді  ол.

– Ау,   менде  жұмыс    көп.  Өзің  барсаңшы, - деп, мен   жауап  қаттым.

- Мәселе,   мынада  болып  тұр екен.  Менің    апа-жездем   қарапайым шаруалар. Жездем - малшы,  сиыр  жаяды,  апайым - сауыншы.  Ал,  құдалары  бір   дөкей    көрінеді. Кезінде  бастықтары  болыпты.

- Түсінбедім. Олардың  менсінбейтін  қандай   хақы  бар.   Жастар    табысты.  Болды  емес пе?  Сауыншыны  емес ,  оның   қызын   алып  жатыр  ғой .  Қайта екі  жастың  бас  қосқанына   қуанбай ма? - дедім мен   қалжыңды   араластырып.

- Апа-жездем  сенің   келуіңді  қатты   сұрады.  Мен   уәде    бердім, - деді   әйелім  өз   сөзінде.

Атыраудан Астанаға ұшып  келдім.  Әуежайдан тура тойханаға  тарттым.   Мен  мейрамхана    алдына   келгенде  тойдың басталу уақытынан  екі  жарым   сағат  өтіп  кеткен   болатын.  Алып   ұшып  кірсем,  холда  менің    әйелім  бастаған оншақты  ағайындар,   қыз жақтан келген   құдалар   ғана    отыр.  Орталық  залда   беташар  өткізілуде.

– Той  екі   сағатқа   кешігіп  басталды.  Беташар  рәсімінің   өтуіне   жарты   сағаттай  болды.  Соның   аяқталуын  тосып отырмыз, - деді   әйелім.

- Бұл   қалай, неге    ішіне  кірмедіңдер, - дедім  мен.

- Олардың   тәртіптері - беташарға   қыз  жақтан келгендерді  шақырмайды екен, - деп    апай  ақталынып  жатыр.  Қысылып  тұрғаны   анық   көрініп  тұр. Бажам   үнсіз  отыр.  Көңілі   қобалжулы. Бізге беташар  аяқталғаннан  соң  ғана   той  залына   енуге  мүмкіндік келді.  "Ешкім құдалар келді" деп  хабарламады.Үнсіз   келіп, тойхананың   бұрыш  жағындағы   үстелге   отырдық.

Той  басталды.  Асаба  бірден жігіттің әкесін  мақтауға    көшті.  Ол   мынандай  да   мынандай. Ол   үздік   совхоздың   директоры.   Ол  данышпан.  Ол   ана  дөкеймен  бір  ауылдан  шыққан. Ол   делегат  болған,  Ол  депутат  болған, ол  ВДНХ-да  болған. Содан   дөкей   құда   сөйледі  кеп. Бәрін айтты, бірақ келген  құдалары  туралы   бір ауыз   сөз  айтпады.   Той   жүріп  жатыр. Біздің қасымызға құдағидан  басқалар келмейді.  Он  бестен астам  тостар  айтылды.  Бірақ бізге кезек келмеді.   Сол он бес тостың оны   «өлі»  тостар   болды.  Тойға   келмеген,  бірақ   сәлем  жолдаған   генералдар,  мекеме  бастықтары,  бас  директорлар мен  мәжіліс   депутаттарының   атынан  тостар  айтылды.  Әрең  дегенде,  он алтыншы  кезекте   сөз   біздерге,  қыз   жақтан  келген    құдаларға  келді.  Бойдағы жыл лебіздеріміз  бен жүрекжарды   құттықтауларымызды    жеткізу      үшін орнымыздан  тұрып     ортаға   шықтық.

Сол  сәтте    асаба «Той иесінің     тапсырмасы  бойынша,  ағаның әрі ақын ,  әрі жазушы қарындасы  Шолтыбаева  сіздерге   арнап   жазып  келгенін  оқиды, ол,  Сіздерді  құдаларыңыздың   үрім-бұтағы,  шыққан  тегімен,   өсіп-өнген  елімен, жерімен жете таныстырады, - деп микрофонды төрде отырған   әйелге апарып   берді. Біз ортада  қақшиып  тұрмыз. Естімегеніміз  бен көрмегеніміз   көп  екен. Микрофонды  ауызына  жақын  ұстаған «жазушы – құдағи» екіленіп,  дауысын қатты шығарып  сөйледі.

- Сендер  біліңдер, кіммен   құда  болып  жатқандарыңды. Билік басында  отырғандармен   құда  болып  жатырсыңдар. Құдаларың   өмір   бойы   билік  баында  келеді.   Солай да   солай.  Біз,  батырлар мен  ғұламалар   шыққан  жерденбіз.  Біздің  тауымыз да,  суымыз да, жерімізде, тасымыз  да  керемет.  Біздің  ел ешқашан жаудан  жеңілмеген,   дұшпаннан  тығылмаған.

Біз  шарасыздан  күтіп  тұрмыз.   Байқаймын бажам ашулана  бастады.  Ашуланатын   жөні  бар.    –Маған  қарап, орнымызға  барып  отырсақ   қайтеді, -   деді. Қайта -қайта   құданың   қасына   барып,  мазасызданып, бірдемеге  қысылып, шырылдап   жүрген  тек құдағи   ғана. Жазушының   сөзіне  елітіп, маңғазданып жаңа   құдамыз   тұр. Бізді  елеп-ескеретін  түрі   жоқ. Менменсінген   біреу.

Әрең  дегенде барып,  бақырақ  дауысты  әйел   сөзін  аяқтады-ау.

Байқап  тұрмыз, ұзын-сонар, іліп  алар ештеңесі жоқ,   орынсыз айтылған   шалажансар әңгіме-лекцияға  тек  біздер   ғана емес,  залдағы   есті   қонақтар  да   жақтырмаған  сынай  танытты.  Соның   айқын   белгісі  ретінде  шаршаған   жұрт,  «ну  наконец-то»   деп,   шу  ете  түсті.   Ешкім  «шешенге»  қол   шапалақтаған  жоқ.

Бажа   сөзін   қысқа   қайырды  да   микрофонды   әйеліне   ұстата   салды. Түр-түсінен  реніш байқалып тұр.  Ал, жүрегі   қобалжыған  апаймыз,   тілегін   бір-екі  ауыз   сөзбен   ғана  бітірді. Біздің   жақтан  тағы   бір   адам   сөйледі. Енді кезек  маған   келді.

- Құрметті  той  қонақтары мен   құдалар!  Қадірлі   жастар! Тойдың   соңы  болғандықтан,  маған, көп  сөйлеуге  болмайтын  шығар  деп  ойлаймын.   Іштеріңізде үйге   қайтуға   асығып  отырғандарыңыз  да бар. Сондықтан да,    қысқаша  сөйлегенім   дұрыс  болар  еді.  Бірақ,    жаңа  ғана    біздің   адресімізге  арнап лекция  оқыған,  жер тарпып,  екілене  сөйлеген  ақын-жазушы   Шолтыбаева   құдағиға жауап  қатпасам, «бұлардың   айтарлары   жоқ  екен» деп  ойлап қалуларыңыз  мүмкін.

Сондықтан   бір-екі  ауыз   сөз  айтуға  тиістімін.

Құрметті, лектор-құдағи! Құрметті лекцияға  тапсырыс  берген  құда!

Алғашқы  тілегімді  сіздерге  арнағанды  жөн   көріп  тұрмын. Атамыз   қазақ «Құрғақ   қасық  ауыз  жыртады» дейді. Тойға   жұрт лекция  тыңдауға   емес, қызыққа,   қуанышқа  ортақ  болуға,  би  билеп,   ән   салуға,   ықылас-лебіздері мен   ақ  тілектерін   ағытуға,  бата  беруге,  той-тойлауға келеді. Бізде   сондай   ниетпен   келдік  осы  тойға. Бізге, құданың төрт совхоздың   директоры,   ауыл  шаруашылығы  басқармасының   бастығы,    аупарткомның   бюро  мүшесі  болғаны, жиырма  генералмен  дос  болғаны   емес,  оның   ақылды,  мыңжылдық құда болғаны маңызды. Лекция   дегеніңіз -  аудиторияларда,  оқу  орындарында,  ғылыми конференцияларда  оқылады. Жаңағы, біз   еріксіз  тыңдаған   Шолтыбаеваның   лекциясы  бос сөз,  құр   уақыт  алу  ғана    болды.  Оның орынына әсем  әндер мен   тәтті   күйлер  орындалса мың есе дұрыс  болар  еді.   Жалпы   адамгершілік, әділдік,   достық,   туыстық   тұрғыдан   алғанда  ру мен  рудың,   жер мен  жердің,   ел мен елдің,  тау мен  таудың,   өзен мен  өзеннің,  көл мен көлдің  бірінен  бірінің  артықшылығы  болмайды.  Олар  бірдей.  Оларды  Алла Тағала  жаратқан,  бізге   сыйлаған  баға  жетпес  байлықтарымыз. Біз   бәрінен   артықпыз  деп,  той  үстінде көңілге  кірбің  түсіретін -  кеуде   қағу,  менің  түсінігімде   астамшылық,  ақымақтық  болып  саналады.  Ондай  жағдайда  біздің  де   ауыз  толтырып айтарымыз бар.

Көк   аспандағы    күн  қайдан  шықса, тіршілік,  өмір   бірінші  болып   сол   өңірден   бастау   алады.   Өр  Алтай,   Асқар  Алтай, Асқан  Алтай,   Асау  Ертіс,  Ерке  Ертіс өркениеттің   бастау   алған  жері,  түркі   қағанатының  алтын  бесігі емес  пе?.  Қарт  Алтай - барлық  елге  пана  болған, ұлттың   ырысы мен берекесі   емес  пе? Көне  Алтайдан   Шыңғыс,  Тоныкөк,  Күлтегін,  Найман қаһандар,  Кетбұқа, Қабанбай  батыр  бастаған  барлық  батырлар мен   билер, Шығыстан   Абай  бастаған   ғұламалар    шыққан. 740  жылы   Найман   қаһанның   атты   әскері  қытайлардан  қазақтың   жерін   азат  еткен. Тіпті Жоңғарлардан   қазақтың  шекарасын   алғашқы   болып  қорғаған да   наймандар  емес пе?  Өйткені  олар  өмір  бойы   соғысып келеді. Оңтүстікті   хиуалықтар мен   қоқандықтар  басып  алғанда,   дер  кезінде көмекке   келгендер де   алтайлықтар  болатын.   Айта  берсем    әңгіме   көп,  лектор құдағи мен оған  тапсырыс  берген   құдамыз . Так  что,    ең  мықты   жермен,  ең  мықты   румен   құда  болып  жатырсыз.   Құтты  болсын!    Айтпаса   сөздің   атасы   өледі  деген   ғой.  Қазақ   қашанда  құдасын   құдайдай   сыйлап,   төрге  отырғызып,   төбесіне   көтерген. Ол  халқымыздың    көрегендігі мен  кемеңгерлігі. Тойға   келмеген   оншақты    адамдардың  атынан   тосты   көтерту,  ал,   жаңа   құдаларды    елемеу  дұрыс  болмады.   Сол   «мертвый»   тостарыңыз   қаншама   уақытты   ысырап  етті.   Ал,   қызметке   келсек ,  біз де   құр  алақан емеспіз.Қасыңызда  отырған екі  генералмен, ол  кезде олар полковник, подполковниктер  болатын,   Елбасының   қатысуымен    осы  жаңа Астанада    талай  шаралар  өткізіп  едік. (Офицерлер  менің   сөзімді  мұқият  тыңдап  отырған  екен. Орындарынан   атып  тұрды.  Олармен  бірге  жұбайлары мен басқада  той  қонақтары   бірге  түрегелді.)

Құрметті    той қонақтары!  Жастар  бақытты  болсын ! Той-тойға   ұлассын!».  Мен  осылай деп тілек   сөзімді   аяқтадым.

Тойдың    атмосферасы     күрт   өзгерді. Бүкіл  қонақтар  бізді   келіп   құттықтауда. Орынымызға келіп  отырдық.   Дастарханымыз   жаңартылған.   Құдағи қасымызға  екі  генералды жұбайларымен  әкеліп  отырғызды. Асаба  да  өзгеріп   салды.  Той  біткенше, жаңа құдалардың  құрметіне   деген  сөздер   оның  ауызынан   бір  түспеді. Біздің  жүзімізге күлкі   үйірілді.

- Есер   құдаға,  есемізді   жібермеген  Азаматым-ай,   қайда   жүрсеңде   аман   бол, - деп  бажам  алғысын  білдірді.

Қазақтың   тойы - халқымыздың    қазына-берекесі.  Құдай  тойдан   айырмасын!   Ұлдарымыз  ат жалын  тартып мініп, Отан  алдындағы   әскери  міндеттерін  абыроймен  атқарып, институт  бітіріп  25   жасқа  дейін   үйленуге  тиісті,  ал ,   қыздарымыз бойжетіп,   білім  алып,    25  жасқа  дейін  тұрмыс  құрғандары   дұрыс болады деп  санаймын. Олар  міндетті  түрде   қазақтың  жігіттеріне   күйеуге  шығулары  керек.

Той-тойға   ұлассын!

2017  жылдың    13-ші    шілдесі.  «Отаутүскен»  ауылы

Abai.kz

 

35 пікір
Тугел Садыбек 2017-07-19 21:26:43
Оте улкен маселе котерген ангиме елдин курметине боленди. Рахмет !!!
Садыбек Тугел 2017-07-19 21:21:14
Баршанызга жаксылык тилеймин!!! Жаксы ангимелер жазыла берсин!!! Той- тойга улассын!!!
Садыбек Тугел 2017-07-19 21:20:54
Баршанызга жаксылык тилеймин!!! Жаксы ангимелер жазыла берсин!!! Той- тойга улассын!!!
Генерал N. 2017-07-18 19:07:46
Ты, Садик, кто дураковатый? Я не понял!
Сәдібекке 2017-07-18 19:03:05
6-сынып оқушысы
Сәдібекке 2017-07-18 19:01:28
Сәке, қазақ тілін және Қазақ елін сыйлауды өзіңізден бастаңыз. Ол үшін телефоныңызға немесе ноутбугыңызға қазақ шрифтін орнатыңыз. Бұны қазір 6-сынып оқытушысы орната алады. Себебі, пикир, ангиме т.б. деп сіз ұлтыңызды қорлап отырсыз (телеф, компьютер ішінде әлемнің бар шрифті тұр ғой...).
Садыбек Тугел 2017-07-17 13:09:32
Кишкене гана ангимем осыншама пикир- талас тугызады деп ойлаган жокпын.
Садыбек Тугел 2017-07-17 10:29:10
Той- тойга улассын! Балаларымыз бакытты болсын!!!
Раушан 2017-07-17 02:41:28
Автордың мақаласы өте дұрыс,көтерген мәселесі орынды. Көптеген пікіршілер құдасының аты-жөнін неге жазбаған дейді. Мәселе әпербақан құданың атында тұрған жоқ ғой! Үйленіп жатқан жігіттің (күйеу баланың), туыстарының абыройын ойлап отыр ғой! Газетке басу керек деген пікірге қосыламын.
Садыбек Тугел 2017-07-16 22:52:59
Бул букил ултка ортак проблема. Оны акылдасып, кенсип шешкен дурыс болады.
Тугел Садыбек 2017-07-16 22:42:08
Той откизу, той жасау ари куанышты ари жауапты шара.
Садыбек Тугел 2017-07-16 22:35:44
Баршанызга зор Рахмет!!! Пикир жазу макаланы колдау болып табылады. Олай болса, ангиме елге ой салды. Тойда калай болу керек, калай кудаларды карсы алу керек.
Адайбекқали 2017-07-16 20:43:46
Найманның тойы болса сынауға біз де келеміз, бөспеңдер.
Садыбек Тугел 2017-07-16 15:12:04
Ерекше макала болгансон осындай кызу пикирталас болуда. Ой дурыс. Болган окига. Дуракаватый куданы орнына койдык. Ол артынан киммен куда болганын тусинип, таубесине келип, сабасына тусти.
Садыбек Тугел 2017-07-16 15:06:34
Билгенге маржан, билмегенге арзан.
Алшын 2017-07-16 14:28:51
Туған құдаларым Жалайыр ғой, Рахмет ! Осыларды бір састырдым-ау, бәлем. Әлі де сұрақтарым бар еді...қазақтың құдалығына қатысты. Мыналар (сиыр-тур культі) Жердің қалай айналатынын таба алмай , бастары айналып құлап жатпасын. АА, айтпақшы жалайырдың бір бұтағы сиыршы екен ғой, мыналар "ұрлап" кетпесін.
Алшынға Жалайыртүс 2017-07-16 13:44:10
Өздеріне өздері разы НАЙМАНҒА сөзді қор қылып қайтесіз. Құда болған адай да сол найманның мінез-құлқын біліп, әдейі құрмет көрсетпеген болар. Құдама құдам сай, сасыған етке борсыған май деп осындайда айтқан қазақ. Қазақтың тағы бір мақалы бар. "Итпен құда болсаң, боқпен той болады" деген.
Алшын 2017-07-16 11:48:41
Сәдібекке . Қарапайым логикалық сұрақ. Сіз " Көк аспандағы күн қайдан шықса тіршілік , өмір ең бірінші сол өңірден бастау алады. Өр Алтай..өркениеттің бастау алған жері емес пе " депсіз. Сізге күн Алтайдан шығады деп үйреткен кім, қазақтың күн шығысы - Қытай емес пе. Тіршілік иесі Жерді Күн айналмайтынын білесіз. Дұрысы Жер Күнді айналады, ол батысқа ма, әлде шығысқа айнала ма ?
Садыбек Тугел 2017-07-16 00:12:58
Максут мырза оте дурыс айтты!!
Мақсұт 2017-07-15 21:50:19
Алшын, Әсия және Басқаларға! Апыр -ай бауырларым -ай, Сіздерге не болған?! Менің Сәдібек Түгелге түк қатысым жоқ танымаймын да, бірақ айтар ойын түсініп отырмын. Ал Сіздерге не болған?! Найманның,басқаның, автордың ойдан шығарған, шығармағанының не қатысы бар?! Мейлі, ойдан құрасын, рахмет онысы үшін де, әйтеуір елге ой тудыру үшін қиялын қосқан шығар. Бірақ мақсаты, ойы көрініп тұрған жоқ па?! Түкке түсінбейтіндер мен түсінгісі келмейтіндерге "тәпсірлеп" берейін: 1. Бізге Орыс отаршылдығынан көп кеселдер ауысты. Соның бірі -Жағымпаздық пен Жәркелештік. Осы бір қасиетсіз әдет қанымызға сіңгені сонша -біреу өліп жатса, соның үстіне бір министр келіп қалса, өлікті тастай салып, үстінен аттап әлігі асқақтаған "пенденің" етегіне жабысамыз! Ал, Өлімде солай болғасын тойлардағымыз тіпті сорақы -түк айтары жоқ әлдебір дәлдіруіштің қызметіне бола ауызына қарап, бар қызығымызды мақұрым етеміз. Осы өтірік пе? Автор осыны айтып отыр. 2. Жұрт тойларға өз қуаныштарын қосу үшін, барын беріп, ретіне қарай сый құрметін көру үшін, жақсы әңгіме, ән тыңдап, жақсы жақындарымен көрісу үшін барады. Ырғатылып, шіренген шермеңделердің сандырағын тыңдау үшін емес. Автор соны айтып отыр! 3. Қазіргі күндері қазақ тойларында көңіл көтеру мен той тойлаулардың орынына ұзақ сонар сөз сөйлеп, мағынасыз мақтанулар, ешкім бет бұрып қарамаса да ортаға бір шығу ұрдіс болыып барады. Бар айтары "...Алдыңғылардың сөзіне қосыламн... құтты болсын,.. бақытты болсын,,,- дардан" аспайтын "шешендер сөз тимей қалса-сөгіп кететіні де бар. Автор осыны мысал етіп отыр. Ал мұндағы "Бекежан мырзалар" сөзді бұрып қайдағы бір найман, ру мәселесіне аударып әлек. Алшындар, наймандар. Қыпшақтар, адайлар мен Назарбайлар, Сәдібек бауырымыз айтқан "Әсіре қошеметшілдік" ауруы бәрімізге ортақ, сондықтан өзіміздің таз кепешімізді бастыра киіп алып басқаның басының қотырын қасымайық!!!
Садыбек Тугел 2017-07-15 21:44:08
Тойда келген конактардын бари бир денгейде болуы керек. Ал, Кудалар ерекше курметке боленуы тисти.
Садыбек Тугел 2017-07-15 21:26:45
Максут, дурыс айтасыз.Когамда орын алып отырган откир маселе.
Алшын 2017-07-15 20:24:53
Иә, Әсия дұрыс айтасың. Кәрі жездеңнің Алматы облысынан шыққан ақымақ құдасы кім екен . 15 жылдан бері найманның қызы 5 бала туып, болары болып, бояуы сіңген шығар. Енді оның айтар несі қалды дейсің.
Әсия 2017-07-15 15:48:26
Он бес жыл бұрынғыны қойып, былтыр не болғаны есте тұрмайды. Кешіріп қойыңыз, найман болсам да, мақтан сүйер, ойдан құралған қияли әңгімелерді ұнатпайтын едім.
Мақсұт 2017-07-15 14:57:19
Сәдібек мырза! Сіз түсіне білгенге өте үлкен мәселені көтерген екенсіз. Кейбір кісілердің айналып келіп ру, тайпа әңгімелерін орағыта бергені -амал не, сол баяғы қарабайырлығымыз, қазақы ауруымыз ғой. Сіз сол "ауруымыздың" ең үлкені "қошеметшілдігіміз, жалтақ жағымпаздығымыз екені рас. Бұл дерттің асқынғаны соншалықты Елдік, мемілекеттік деңгейге дейін көтеріліп, "ауызы қисық байдың балаларын" сөйлетіп, атасы үлкен ақсақтарды билетіп, ақшалы ақымақтарды тыңдайтын болғанбыз. Өлгенде адамның бәрі бірдей, бір орам шүберекпен кетеді, той жиындарда да адамдар бірдей - барын киініп жұртпен бірдей көрінгісі келіп барады.. Алалап, бөлектеген жандарда парасат бар ма?! Әрине жоқ. Бұл барып тұрған - пасықтық! Мына әңгімеңізді сәл ықшамдап, біреулердің түсінбей жатқан жағын нақтылап жұрт жаппай оқитын... "Жас алаш" сияқты басылымдарға, қайталап жібере берсеңіз екен. Ой салатын жерлері өте көп. Мысалы мен автордың (Бұл жерде -кейіпкердің шығар) тарихты тізбелеген тұстарынан өзге сөздерін жаттап алуға тырысып отырмын. Осындай әңгімені батылым жетіп айта алмаған, айтқым келген жерлер көп... Егер Сәке, рұсат етсеңіз бірер басылымға бұл әңгімеңізді меніңде ұсынып көргім келіп отыр. Осындай материалдар, осындай мақала, пікірлер қоғамдағы әсіре қошемет, кішкене қызметі барларға құлдық ұру сияқты жағымсыздықтарға қарсы қамшы болар еді. Рахмет Сізге.
алшын 2017-07-15 14:56:45
Сәдібек қорқақ болмаса, құдасының 10 генералы, не ең құрығанда "өз жағына" шыққан 2 генералдың аты туралы айту керек қой. Найман қаһанды қандай "генералдар" қолдайтынын біле жүрейік.
Сәдібек мырзаға 2017-07-15 13:46:36
Біріншіден, той мәселесін көтергеніңіз дұрыс. Екіншіден, той мәселесі ру таныстыру т.б. емес, үлкен тәрбие мектебі. Үшіншіден, жалпы "өлі тост, тірі тост" - орыстан келген пәле, одан құтылып, аз адам сөйлеу керек (мысалы, бір тойда 5-6 сөз болса жетеді.
Алшын 2017-07-15 13:31:25
Бақтияр дұрыс айтады. Тойыңды айта бер. Ондай той қайда болмай жатыр. Тек тәубесіне түсірген құдаңның аты жөнін, руын қорқақ болмасаң өзің алдымен айтуың керек еді. "Қазақ" этнонимі қай ғасырда дүниеге келгенін өзің тарихтан оқыған боларсың, "қытай" атауы да сол. Өтірігіңді соған қиыстырып айт. Жалпы мақалаң сондай "қиыстырылып" жасалған жасанды екені көрніп тұр.
Өмір 2017-07-15 11:43:56
Қайран, қазағым! Қащан ел боламыз? Үнемі таласумен, тартысумен келеміз. Одан да Қызылжар орыстанып барады, ішкі миграцияны реттеу удерісімен Оңтүстік жақтан келіп жатқан еңбеккқор ағайындарымызды ,қалай қоныстырамыз /жер, баспана, жұмыспен қамту/ "Серпін-2050" бағдарламасымен келген жастарымызды қалай сіңістіреміз, тұрарқтандырамыз деудің орнына өнбес дауды қуалап, қымбат уақытты өлтіріп жүрміз... "Мен Қазақпын, Алты Алаштың ұрпағымын" деп мақтанайық!!!
Садыбек Тугел 2017-07-15 11:20:38
бактияр, провокатор болма. Байыбына жетпей, байбалам салма. Жастар бакытты омир сурип жатыр. Озинен кызмети томендерди менсибейтин куданы тарбиеге келтирдик. Казир тузелди.
Садыбек Тугел 2017-07-15 11:06:31
алшын коркак болмай, алдымен азан шакырылып койган аты жонынды жаз. Телефонынды жаз. Мен болган окиганы, кайталанбасын деп Каз- калпында жазып отырмын.
Бақтияр 2017-07-15 11:04:29
Гулзира қарындасым! Бұларға бірнәрсе түсіндіріп әуре болма, барлық найман қазақтан бұрын өз руының атағын жарнамалау үшін кез келген сылтау тауып алады. Енді өз мақаласын ақтау үшін құдаларын сылтау етіп отыр. Ең болмаса қосылған екі жастың бұдан кейінгі тұрмысына азап әкелгенімен ісі жоқ.
Алшын 2017-07-15 09:13:59
Автор Сәдібек Түгел. Астанадағы "Жетіқазына" ресторанында балдызы тойында 15 жыл бұрынғы той есіне түскен-мыс. Айтар ойы не, тағы найман ба...Мына Наймандар 2002 жылғы тойдағыдай бишара болған ба. 740 жылы қытайлардан Қ А З А Қ жерін Найман қаһан азат еткен дейді. 6-шы ғасырдағы қайдағы "Қазақ жері" ! Бұл да 10 генералмен "тамыр" болған совхоз директоры сияқты өтірікші қу ғой !
Садыбек Тугел 2017-07-15 08:55:11
Курметти Гулзира!! Алдымен пикиринизге рахмет айтамын. Бул ангиме болган окига изимен жазылган. Ол жерде болган жагдай, куданын билимсиздигинен туды. Мукият окысаныз мен оз созимде ру мен руды, жермен жерди жарыстыруга болмайды деп кадап айттым. Бизге айттырган акымак куда болды. Сонда кауым менин созимди дурыс деп кабылдап, курмет корсетти.
Гүлзира 2017-07-15 02:43:27
Садыбек ағай, мақалаңыз өте жақсы! Қоғамға ой саларлық қызықты мақала. Әттеген айы, менің ойымша, мақаланың өн бойында рушылдық, жақынға бұра тарту көрініс тапқан. Найман руы өзін басқалардан биік санайды. Ру мен рудың бір-бірінен қандай айырмасы бар? Найманның емес, жалпы қазақтың баһадүрлерін ұлықтайық. Алтай киелі жер сөз жоқ. Бірақ, талай ұлы тұлғалар дүниеге келген шырайлы Шымкент, маңғаз, шежіресі тарихқа толы, батырлар Отаны Маңғыстау, Қарқаралы, ұлтымыздың мақтанышы Ұлытау, мұнайлы Атырау, Кереку мен Қызылжар да әрқайсысы Алтай секілді өзінше ұлы.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10108
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18247