Жұма, 29 Наурыз 2024
4973 0 пікір 14 Шілде, 2017 сағат 09:36

Қырғыздың бұрынғы муфтиі түрік діни қайраткері Гүленмен кездескен

Қырғызстанның бұрынғы муфтиі Чубак ажы Жалиловтың түрік діни қайраткері Фетхуллах Гүленмен кездескені олардың суреті Интернетте жарияланған соң ғана белгілі болды. Жалилов Гүленмен АҚШ-қа он күндік сапары кезінде жүздескенін растады.

"Мен Гүленмен кездескім келді. Оның сабақтарына бардым, біз әңгімелестік. Мен Түркияның оны терроршы деп жариялағанын білем, бірақ оны ешқандай мемлекет мойындаған жоқ. Біздің елде Гүленді сыйлайды, оның лицейлері, басқа да ұйымдары істейді", – деді Жалилов.

Фетхуллах Гүлен мұсылмандардың дін уағыздаушысы Саид Нүрсиді дәріптейді. Нүрси ханафит мазхабын қолдаған. Гүлен өзі құрған қозғалысқа жетекшілік етеді. Қозғалыстың Түркия мен басқа да елдерде бизнес нысандары және білім мекемелері бар. Өткен жылы Түркиядағы бүліктен соң қозғалыстың мыңдаған мүшесі ұсталды, түркия билігі Гүленді "терроршы" деп жариялады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576