Сенбі, 22 Шілде 2017
1185 6 пікір 14 Шілде, 2017 сағат 10:16

Қауіпсіздікті сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға қатысқан құрметті қонақтардың қатарында республиканың күш және құқық қорғау құрылымдарының, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен бірге, шетелдік елшіліктер делегацияларының жетекшілері, шетелдік арнаулы қызметтер өкілдері мен ардагерлері болды.

Жиында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 25 жыл бұрын, 1992 жылдың 13 шілдесінде Ұлт­­тық қауіпсіздік комитетінің құ­рылуымен елі­міздің қауіпсіздігін қамта­масыз ететін берік жүйе қалып­тасқанын атап өтті.

– Сіздер Отанымыздың тұтастығын қамтамасыз етуге, тәуелсіздікті ны­ғайтуға және халқымыздың тыныш­тығын сақтауға 25 жылдың ішінде елеулі үлес қостыңыздар. Арнаулы қыз­меттегі адамдардың бәрі, құқық қорғау органдары, әскерилер, соның ішінде сіздер де көзге көрінбес майданда күн-түн демей, ел үшін абыройлы да жауапты жұмыс атқарып келе жатырсыздар. Осы жылдар ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті көптеген қауіптің алдын алып, талай лаңкестік әрекеттердің жолын кесті. Бұл жұмысқа біліктілігі мен даярлығы жоғары, білімі бар, сезімі бар, отансүйгіш жүрегі бар адамдар ғана қабылданады. Олар алаңсыз әрі адал қызмет етуі үшін мемлекет тарапынан да барлық жағдай жасалған, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін өз өмірін құрбан еткен ҰҚК қызметкерлерінің еңбектерін ерекше атап өтіп, оларды бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды.

Мемлекет басшысы Достастық елдерінің қауіпсіздік органдарының жетекшілеріне Қазақстандағы әріптес­тер­і­мен тығыз байланыс орнатып, өзара жемісті іс-қимыл жасап келе жатқаны үшін алғыс айтты.

Қазақстанның тәуелсіздік жыл­дарындағы жетістіктеріне тоқталған Президент Қазақстанның әлемдік қо­ғамдастықтағы беделі де артып келе жатқанын, биыл еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуы соның бір көрінісі екенін жеткізді.

– Біздің алдымызда әлі де ауқымды міндеттер тұр. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық саланы жаңғырту жүргізіліп жатыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудамыз. Оның мақсаты – әлемнің озық дамыған отыз елінің қатарына ену. Біз цифрландыру әлеміне еніп, дүние жүзінің барлық елдерінде өтіп жатқан техникалық прогреске ілесе алуымыз қажет. Бұл – күрделірек міндет және бұрынғы жаңғыруға ұқсамайтын мүлде басқа деңгей. Сондықтан барынша жұмыс істеуге тура келеді. Алдағы мақсатқа табысты қол жеткізудің басты кілті – төңірегімізде бейбіт өмір мен тыныштықты қамтамасыз ету, ішкі саяси тұрақтылық пен келісімді орнату, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, әлемнің қазіргі барлық сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы тұру үшін ҰҚК қызметкерлерінің кәсіби қабілеті мен біліктілігін жетілдіру қажет.

– Жыл басында Ұлттық қауіп­сіздік комитеті мен оның ведом­ство­ларының жаңа құрылымы бекітіл­ді. Өзара іс-қимыл жасау мен күш-қуат­ты қайта орналастырудың жаңар­тылған жүйесі мейлінше тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қыз­меткерлері алдағы уақытта да Ота­нымызға мінсіз қызмет етіп, елімізді көркейту және ұлттық мүддемізді қорғау жолында өздерінің барлық күшін, білімі мен тәжірибесін жұм­сайтынына сенімдімін, – деп сөзін түйіндеді Президент.

Соңында Елбасы қызметтік па­рызын орындауда ерлік пен жан­кештілік көрсеткен ұлттық қауіп­сіздік органдарының үздік қызмет­керлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің орталық нұсқаушысы, майор, марқұм Ерғанат Көшербаев наградталды және осы орденді ҰҚК 2-ші департаментінің басқарма бастығы, майор Әмір Сарықұлов кеудесіне тақты. Ал «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен ҰҚК қызметкерлері – Д.Ба­зарбаев, А.Қожабеков, А.Лұқпанов, Ж.Омариев, Ә.Тастамбеков, Е.Үсе­нов марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты концерт өтіп, осы саланың тарихы мен қазіргі сәттерін бейнелейтін деректі фильм көрсетілді.

Қатысушылар лебізі

Болат ЗӘКИЕВ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері:

– Бір елдің тарихында 25 жыл деген қысқа мерзім. Бірақ әр мекеменің өз саласындағы жеткен жетістіктері уақыт­пен өлшенбейді. Қазақстанның Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің ширек ға­сыр ішінде атқарған жұмыстары ауыз тол­ты­рып айтарлықтай. Арнаулы мем­ле­кет­тік орган еліміздегі тыныштық пен тұ­рақтылықты сақтауда елеулі еңбек етіп келеді.

Мен 41 жыл бойы осы салада жұмыс істедім. Соның 15 жылында Шекара қызметін басқардым. Сондықтан осы сала маған жақынырақ. 1992 жылы Қазақстанның Шекара қызметі құрылған кезде біз Қытаймен шектесетін 1600 шақырым жерді ғана күзетіп отырдық. Содан бері еліміздің шекарасын, яғни 15 мың шақырымды күзету үшін көптеген жұмыс атқарылды. Мысалы, шекара бекеттерін салу, оларды білікті кадр­лармен қамтамасыз ету, заңдарды қабылдау әрі көрші елдермен бейбіт байланыс орнату секілді көптеген шаруалар еңсерілді.

Осы орайда, рухы мықты, жүрегінде отансүйгіштік сезімді ұялатқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің арқасында осындай толайым табыстарға қол жеткіздік. Бұл салада кілең елін сүйген мамандар жұмыс істейді. Олар өмірін қатерге тіге жүріп, еліміздің тұрақтылығы мен тұтастығын адалдықпен қорғай білді. Әріптестерімнің ерлікке пара-пар еңбегі расымен де еленуге тұрарлық.  Арнаулы мемлекеттік қызметтегі барлық азаматты кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Олардың еңбектеріне табыс тілеймін. Халқымыз  аман, еліміз тыныш болсын!

Әмір САРЫҚҰЛОВ, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері:

– Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Елбасының қолынан мемлекеттік марапат алып жатқаныма шын жүректен қуаныштымын. Мұндай марапат маған бұрынғыдан да үлкен жауапкершілік жүктейді. Өзім 2000 жылдан бері қауіпсіздік саласында жұмыс істеймін. Содан бері арнайы органның қызметіне деген Елбасының қолдауын әрдайым сезініп келеміз. Қазіргі таңда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қауіп-қатерге қарсы тұруға қауқарлы барлық қажетті ресурстары мен құрал-жабдықтары бар. Президенттің бастамасымен арнайы мемлекеттік бағдарлама да қабылданып, жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде инфрақұрылымды дамыту, материалдық-техникалық базаны жаңғырту, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Демек, біздің алаңсыз жұмыс істеуімізге барлық жағдай бар деуге болады.

Қазіргі жаһандық жағдайда күллі әлемнің алдында көптеген сын-қатерлер тұр. Осындай сынақ кезінде біз елімізді тиісті деңгейде қорғап, қауіп-қатер туындағанда шұғыл әрекет ете алуымыз керек. Әрі Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер жүктеп, әсіресе, киберқылмыстың алдын алуды, оған тосқауыл қойып, «Қазақстанның киберқалқаны» жүйесін қалыптастыруды тапсырды.  Біз осындай ауқымды міндеттерді адал  атқарып, Отанымызға қызмет етуге әрдайым дайынбыз!

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»

Cуреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

 

6 пікір
Ренішті 2017-07-16 13:58:11
Осы үлкенді силау деген қазақтың әдеті жоғалғанба? Анау Советхан Ғаббасов деген ақсақалға жол беріп, барлық басқа пікірлерді алып тастап, сол кісінің ғана сөздерін қалдырса бәрі түзеліп кетер еді, жаңбырда уақтылы жауып, күнде қатты ысып мезі қылмай, жұрттың алар жалақысыда көбейіп, жұмыссызға жұмыс беріліп, адай құдалары той жасаса найман құдаларын лайықты силап дегендей.
СТУДЕНТ ШӘКІРТТЕРІ ҚАЙТАЛАП ҰСЫНАДЫ. 2017-07-16 11:56:21
Совет-Хан Габбасов · Top Commenter · Tokyo Sushi Academy ( Global ) "Түркстан" газетінде жариялаған Байбек Бауыржандай азаматымның мақаласын және «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының жобасын оқып шыққан соң өз пікірімді білдіргенді жөн көрдім. Себебі, ҰРЛЫҚ атты СҰМПАЙЫНЫ яки КОРУПЦИЯНЫ жою... бұл ҰЛТТЫҢ болашағы мен ҰРПАҚТЫҢ келешегі екенін - мекемелік ҰЖЫМ түгіл... әрбір азаматтың түсінуі ауадай қажет. Ең әуелі ҰРЛЫҚ яки КОРУПЦИЯ - деген не ? .. Бұл ұғымның негізі - АРСЫЗДЫҚ - екі дүниедегі КҮНӘКӘРЛІК - ХАЙУАН да ... ИТекеш... ИТ те істемейтін ПЕНДЕШІЛІК ! Тәуелсіздіктің 20-жылында ұрлық пен алайақтықтан МИЛЛИАРДЕР атанғандар... халықтың НЕСІБЕСІН өздеріне қайтарып, азаматтық пен адамдықтың ҮЛГІСІН көрсетсе дұрыс болар еді. " НҰР ОТАН" партиясы нағыз ХАЛЫҚТЫҚ партия болғысы келсе, мынандай ҮШ ЖҮЙЕНІ - БАСҚАРУ - ҰЙЫМДАСТЫРУ - ҚАДАҒАЛАУ ды - іс жүзінде... МЕКЕМЕ ден МЕМЛЕКЕТТІК деігейге көтеру шарт. Жаратушының яки АЛЛАНЫҢ бар екенін де. тек ТІРШІЛІКТІҢ ЖҮЙЕДЕН тұратындығымен сендіруге болады. Сондықтан да, МЕМЛЕКЕТТІ жаңа сапаға жетілдіру, тек ЖҮЙЕ арқылы ғана орындалмақ. Іске сәт !!!
ҒАЛЫМ ШӘКІРТТЕРІ. 2017-07-15 20:54:00
проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 15. 07. 2017ж. Иә-ә, барлық ІЗГІЛІК пен ИГІЛІК... тек Бірінші БАСШЫҒА тікелей байланысты. Мұны Ата-бабамыз баяғыда айтқан... Ал Мемлекеттің меншігіндегінің барлығын ... ЖЕКЕ меншікке сату. бұл ертең - ТАҚЫРҒА отыру екені анық. Жалпы 70 - жыл бойы КАПИТАЛИЗМДІ жамандаумен келіп, ТӘУЕЛСІЗДІКТІ алысымен ... Осы СҰРҚИЯНЫҢ құшағына енгеннен асқан қателік болмаса керек !!.. Сондықтан, ӘЛІ де ойланған жөн...
ҒАЛЫМ ШӘКІРТТЕРІ. 2017-07-15 15:53:34
Ғасыр АТТАП-Ағылшынша аудармасымен. Ғасыр аттап туатын Кемеңгерім. Академик-жазушы Совет-Хан Габбасов-ағайға. Тәнті ететін ғажайып талғамына, Жастайынан ұмтылған арманына. Ақ тілекпен азғантай жыр арнадым Қазағымның дәл Сіздей заңғарына. Әрбір сөзі алтындай сараланған, Артық тұрар айбары бар адамнан. Бақытты едік, біз қандай...Өзіңіздей, Профессор алдынан сабақ алған. Санасымен сергіген... Сапалылар, Мәйекті ойды білдірер мақамы дәл. Асқартаудай ағайым жасай берсін Ат көтере алмайтын атағы бар. Атақта емес - бар бақыт еңбегінде, Нәр болатын сөздері шөлдегенде. "Ғаббасовты түсінем"- дейтін болсақ Бір кітабын оқып көр ең кемінде ?! Алғыс айтып арайлы азат таңға, Талантыңыз Қазақта... ғажап дара. "Ұрпағым"- деп жазылған кітабыңның Міндеттіміз әр бетін парақтауға. "Ұрпағым" мен "Ұлтым"- деп аласатқан, Тарландай-ақ бәйгеде дара шапқан. Ұлағатты ұлы Ұстаз... ұжданды ары Кем тұрмаған пайымы парасаттан. Бағындырған Өмірдің өрендерін, Азық болған Халқыңа кемелді ойың. Жасай бергін... Жаратқан ғұмыр беріп Ғасыр аттап туатын Кемеңгерім ?! Еңбегіңе сүйсініп әлі талай... Ақындарың жазады өлеңдерін. Жазған "худграфтың" 3-ші курс студенті - Амангүл Құрмаш. АБАЙ атындағы ҚазҰПУ. 5.012. 2014ж. Bing Bypassing occurs Kameer Gasyr. Academician-writer tip-Khan Gabbasov-AIA. "Miracle people who are employed, Seek my childhood dreams. A bit of poetry lovingly dedicate National seen Such. Golden differential every word Turar of the Constitution, there are more than a man. We are happy what we are...SSA, Professor front. ... Spalier of the hearth, tightens pores, It rennet Blair many thoughts. Let AIIM to do Baroudi It who can't lift the title. Not in the title - there's happiness in his labour, Words that nourish slegend. "Abbasova Tsam" says Try to read at least one book ?! Azat thanked warm in the morning Gift Azata... Talantyi a miracle. "Chaim" says Klabin Required paratwa each page. "Chaim" and "Nationality" alastan, Torlundy-AO, which in the individual race. And then... about a great Teacher Gandy Not a vision, which parasiten. Rendern Life, action, At food school camp " rainbow People are perfect. But what to do bergn life... Bypassing occurs Kameer century ?! Happy many more Abege... Hindery writes poetry. Wrote "hadgraft" 3-year - Kurmash Langl. KazNPU named after ABAI. 5.012. 2014..
проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 2017-07-14 11:03:58
НҰРЕКЕҢ нің - айтқан аталық сөздері мен Ел келешегінің қамы... жан-жүрегімді тебірентті. Иә, енді Елдің ертеңі мен Ұрпақтың болашағын көздің қарашығындай мәпелей білетін Ұлттық санаға жетілуіміз керек...
Че 2017-07-14 10:50:28
Қазақты кім қылмады бұл билік?. Экстремист қазақты қолдан жасап нұр отан муфтияты сақал өсіргендерді мешітте намаз оқымасын дейме? Бұдан соң дініне нұқсан келген қазақ қалай экстремист атанбайды нұрастанаға? Бəрі билікпен қолдан жасалуда, үш тұғырлы тіл, жалға жер, латын кəріпі, жер қазнаны жеке басына пайдалану, жемқорлық, осы əдлетсіздіктің бəрінен диструктивты қоғам пайда болғаны билікке қолайлы. Үлкен серпін қазаққа қажет. Ұлт қауіпсідігін сақтайтындардың саналары саяз көздері соқыр құлақтары кереңбе? Қауіптің биліктің өзінен екенін ұқпайтындарға кортофельный медальдар жарасады. Бұлар Ұлт қауіпсіздігін президент туыстары мен олигархтардың жеке мүдесімен шатастырып жүр.

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 21537