Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
689 0 пікір 17 Шілде, 2017 сағат 10:08

Әндіжан колледжіндегі төбелестен бір студент қаза тапты

Өзбекстандағы Әндіжан ауыл шаруашылық кәсіби колледжінде екі түлек төбелесіп қалып, пышақталған студенттің бірі ауруханада көз жұмды.

Куәгерлердің айтуларынша, 2 шілдеде колледждің екі түлегі ерегісіп қалған, бірі екіншісіне пышақ салған. 11 шілдеде 19 жастағы Сұлтанмұрад Сұлтанов ауыр жарақаттан қайтыс болды.

"Төбелесіп қалған баланың бірі екіншісінен әкесін балағаттағаны үшін кешіріп сұрауын талап еткен", - деді оқиға куәгері.

Қайтыс болған баланың ата-анасы болса күдіктінің туыстары баланың психикалық ауытқуы барын дәлелдейтін анықтама жинап жүргенін айтты.

"Кісі өлтірген баланың ата-анасы ауқатты адамдар екен", - дейді марқұмның әке-шешесі.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5723
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11979