Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6027 0 пікір 25 Шілде, 2017 сағат 15:11

«ORBULAK RACE» экстрималды спорт ойыны өтеді

2017 жылғы 28 шілде күні, сағат 10.00-де Талдықорған қаласы, Аквапарк маңындағы саябақта (Пляж)Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 25 жыл толуына орай «ORBULAK RACE» экстрималды спорт ойыны өтеді. Осыған орай, сіздерді, ақпараттық қолдау білдіруге шақырамыз!

Ұйымдастырушылар: Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы.

Жарыстың мақсаты : жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына ықпал ету, діни экстремизм мен терроризмнің, құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау

«ORBULAK RACE»жарысының өткізілу барысы: Жарыс SPARTAN RACE- экстрималды спортының талаптарына сай өткізіледі. Жарыстың қашықтығы – 2020 метр. Жалпы бөгеттер саны – 14, соңғы айналым капитандар сайысы. 1 кезеңнен тұратын жарыс командалық жүйеде өткізіледі. Жарысқа облысымыздың маргинал және дивиант жастары, ӘТМ тәрбиеленушілері, 18-29 жас аралығындағы жастар қатысады.Ерекше сипаттағы бұл шара Жетісудың спорт сүйер жастарын және жалпы қатысушыларын сан-алуан бөгеттермен сынайды. Ойын барысында ең ұзын биіктік 6 метрді құрайтын зәулім кедергілерді бағындырған, оттан секіріп, су кешкен қатысушылардың қызықты ойынын тамашалайсыздар.

Abai.kz

0 пікір