Жұма, 29 Наурыз 2024
EXPO - 2017 6197 1 пікір 25 Шілде, 2017 сағат 17:46

Төле, Қазыбек, Әйтеке - үшемдер ЭКСПО-да волонтер болып жүр

Төле, Қазыбек, Әйтеке Тілегеновтер. Бұл үшеуі Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы үшемдері. Оларға қазақтың үш биінің есімін берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еді.

Олар Елордадағы Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне еріктілер сапында қызмет ету үшін арнайы Куба аралдарынан ұшып жетіпті.

Қазақстандық дипломат Исраил Тілегеновтің шаңырағында туған үшемдер әкесінің қызметіне байланысты  қазір Куба аралдарында тұрып жатыр. Биыл үш жігіт Гавана қаласында орта мектепті аяқтады.

«Біз ЭКСПО  көрмесі жайлы өткен жылы естідік. Сол кезден бастап Лондон, Нью-Йорк, Гавана қалаларындағы достарымызды Астанаға шақыра бастадық. ЭКСПО-ға жылда баруға әркімнің мүмкіндігі жоқ қой. Сондықтан өз Отанымызда өтіп жатқан көрмеге міндетті түрде барып, еріктілер қызметінде болып, өз үлесімізді тигіземіз деп шештык" , - дейді Төле.

Үшемдер орта мектепті ағылшын тілінде оқып бітіргендіктен волонтерлік сыннан сүрінбей өткен.

«Алғашқы күні үшеумізге бірдей униформа кигізді, күзетшілер аң-таң. Олар үш куәлікте бірдей фотосурет тұр деп ойлап қалған ғой. Міндетті түрде бас-аяғымызға дейін мұқият тексеріп шықты. ЭКСПО-ға келгелі фотоға түспеген күніміз жоқ. Келушілерге де, қызметкерлерге де біздің түріміз қызық және көп адамдар Төлені қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновке ұқсатады», - деді Әйтеке.

Үшемдердің сыртқы физиологиясы ұқсас болғанымен, мінездері әр түрлі екен. Қазыбек - тұйық мінезді болса, Әйтеке кенже болғандықтан ашық жайдары.

Биыл қыркүйек айында үшемдер 19 жасқа толатын көрінеді. Төле халықаралық бизнес, Қазыбек - заң, ал, Әйтеке - Канаданың Монреаль қаласында компьютерлік бағдарлама бойынша білім алмақ.

«Үлкен ағамыз Жанболат Америка Құрама Штаттарындағы оқуын аяқтады және қазір Астана қаласында жұмыс істеп жүр. Әрине, біз де қажетті білім жинақтаған соң, елге ораламыз.  Астананың күннен күнге көркейіп келе жатқаны бізді қуантады», - дейді Төле.

Түйін: Шетелде білім алып жүрген қазақ жастарының Елорда төрінде өтіп жатқан Халықаралық көрмеге көмек қолын созуға бейіл екендігін осыған дейін жазғанбыз. Дейтұрғанмен, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш үшемнің ЭКСПО-2017 көрмесіне ерікті ретінде қызметін ұсынуы тарихты жаңғырту, тарихтың жаңғыруы  деп түйдік.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3587