Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Көкмұнар 4829 11 пікір 26 Шілде, 2017 сағат 15:23

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі: Испанияға саяхат

Испанияның «АстанаЭКСПО-2017» көрмесінде қонақтарға жасыл энергияның әлеуеті туралы айтуы бекер емес. Бұл мемлекет табиғи энергияны өндіруден көш бастап тұрғандардың бірі. Елдің басты мақтанышы – аталмыш саладағы инновациялық ғылымды дамыту жолдарын қолға алуы. Бұл туралы Испания павильонының кіре берісінен-ақ білуге болады. Елдің тыныс-тіршілігі туралы мағлұмат алған соң, келушілер испан ауылына саяхаттайды. Саяхатты павильонның жетекшісі Кармен Буэно бастайды. Айтуынша, бұл жерде меймандар табиғат пен оның ресурстары арасындағы байланысты терең сезінеді. Ол - виртуалды ағаш. Алайда кәдімгі табиғаттың тірі ағзасының жанында тұрғандай күш кешесіз. Жапырақтар сыбдыры, салқын самал, көктің исі...бәрін-бәрін сезінесіз. «Бұл біздің үнемі дамып отыруымыз керек. Бізге қажеттілігімізді қоршаған ортаға зиян тигізбейтіндей етіп өтеуді, табиғи тепе-теңдікті сақтауды  үйрену қажет» -дейді көрме ұйымдастырушылары.

Испандықтар өздерін арманшылдар, алғашқылардың бірі, инноваторлармыз деп атайды. Бұл елдің желдік энергетикалық технологиялар экспортының жылдық көлемі екі жарым млрд еуродан асады. Жел энергетикасымен байланысты патенттер саны жағынан Еуропадағы үшінші ел. Дүниежүзіндегі термоэлектрлік энергетика бойынша жобалардың 73%  испан компанияларымен жүзеге асырылуда. Павильон қабырғаларындағы айрықша геометриялық пішіндер бұл мемлекеттің энергетикалық әл-ауқатын көрсетеді. Ал, ерекше күн станциялары электр және жылу қуатын беруден алда келеді екен.

Айта кетерлігі, дүниежүзілік қуаттың 45% Испанияда орналасқан. Қолданыстағы барлық энергия көзінің 40%  жаңартылған энергия көзі  құрап отыр.

Польша павильоны несімен ерекшеленді?

Польша жерінде өте көп көмір қоры болғандықтан, бұл жерде шахта үлгісінде жасалған бөлік бар. Қабырғадағы экраннан Уть қаласында орналасқан шахта тұр. Жер астындағы пайдалы қазба арқылы 1928 жылдан бері жұмыс істемейді. Дегенмен, жергілікті халық  кен орнын бұзбай,  оны сақтап қойған. Польша ғалымдары қайта өңдеу үдерісі арқылы жасалған көгілдір көмір зияны қарапайым түріне қарағанда әлдеқайда аз екенін айтады.

Кішкене ғана бөлменің төбесіне киіз үйдің шаңырағын орнату арқылы ұйымдастырушылар екі ел арасындағы достықты меңзепті.

Анастасия Веретинская,Польша павильонының қызметкері көрмеге кеп жатқан қонақтардың көңілінен шығуға тырысып жатқандықтарын айтады. Оларға Польшадағы энергия өндіру тәсілдері туралы кеңінен мағлұмат берілген соң, павильонда бұл елдің өмір салты, ұлттық ерекшеліктері жайында әртүрлі қызықты деректермен танысуға болады-дейді.

Польша павильонының екінші бөлігіне кірген бетте өзіңізді бейнебір ну орманда жүргендей сезінесіз. Бұл елде жылына 500 млн түп көшет отырғызылады екен. Аумағы 76 млн. гектар жерді алып жатқан орман мемлекет қорғауында. Орманның 62% қарағай ағашынан тұратын көрінеді. Сонымен қатар, емен мен ақ қайың да бұл елде көп кездесетін ағаштардың бірі.  Павильондағы «орманды» аралап жүріп, сан алуан аңдар туралы мәлімет қана алып қоймай, түрлі дыбыстарды да ести аласыз.

(Жалғасы бар)

Зарина Әділбек

Abai.kz

11 пікір