Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017
Деп жатыр 6330 156 пікір 28 Шілде, 2017 сағат 11:31

Xалха-моңғолдардың Шыңғыс ханға қатысты 7 өтірігі

Бірінші өтірік

«Біз Моңғолмыз» дейді, ал қалмақтар мен буряттар олардан қалыспай калмык-монгол, бурят-монгол болып алған. Шындық – моңғол атауы тарихтағы Моғолстанның шын моғолдарымен бірге халық атауы ретінде тарих қойнауына кеткен, бүгінгі «моңғол – біз» деп жүрген халықтың шын атауы – Халха.

Екінші өтірік

Барлық жерде Халхалар жар салып: «ШХ ру-тайпаларының бәрі бізде бар» деп айтады, ал шындығында ол өтірік, оларда ешқандай да – Найман, Коңырат, Жалайыр, Дулат, Керей секілді көп ру-атаулар атымен жоқ.

Шындығында оларды бұрын Мәнжүр империясы отток пен хошунға бөліп араластырып тастаған, сол себепті оларда қазақтағыдай әр ру бөлек ауыл болып отырмаған, сол себепті де Халханың еш қайсысы ата-баба руын білмейді.

Халха егемендік алғалы бері ШХ-ны басты «герой» етіп алып, соның атына сәйкес болу үшін, 1990 жылдардан бастап әр халхас өзінің жеке бас куәлігіне руын жазу міндеттеледі, ал білмесе нені жазады? Әрине газет-журналдан оқыған ШХ-ның руын жазады, сөйтіп Халханың жартысынан көбі Боржигон болып алған, ал кішкене ұяты барлары Найман, Жалайыр т.б ру атауларын алған.

Ең масқарасы мынада ғой: мысалға әкесі – найманмын десе, бір баласы – бөржегін болады да, бірі мен жалайыр болғым келеді дей салады.

Бурят пен қалмақтар өз руын біледі, сол себепті оларда ШХ-ның ру атаулары жоқ.

Халханың өтірігін шығару жолы:

Қай рудансың?

Ол рудың Таңбасы қандай – суретін көрсет?

Ол рудың ата-қоныс жері қайда, картадан көрсет?

Ұраны қандай?

Ең бастысы ол ру ары қарай қандай руларға бөлінеді?

Осымен өтірікшінің үні өшеді.

Үшінші өтірік

Қазір Халхалар мемлекеттік тұрғыда ШХ-ны дәріптеп, түркі-моңғолдарының бұрынғы бүкіл салт-дәстүрін, киімін өздеріне алып жатыр. Ал шындығында Халханың салты мен киім киісі мүлдем басқа болған.

Негізі Халхалар онша дамымай қалған, мысалға арбаларына қарасаңыз, дөңгелектері өте дилетантты түрде жасалған, тек қана жақын жердегі жүктерді тасымаса, ондай дөңгелекпен көрші ауылғада жету мүмкін емес шығар.

Ал ШХ моңғолдары бала-шағасын жүктерін тасып, өздерінің керемет үлгілі арбаларымен бүкіл әлемді шарлап шыққан.

Тағы Халха қайтыс болған адамын ешқашан көмбеген, далаға лақтырып тастайды.

Өтірігін шығару жолы:

Гуглдан «Монголия 19 век фото» деп теріп шыққан суреттерді Халханың бетіне басу.

Тағы «Монгольская телега» дегенді теріп шыққан фотоны бетіне басу.

Өздері жеп көретін Мәнжүрдің фотоларын көрсетіп, міне сенің шыққан тегің деп бетіне басу керек.

Төртінші өтірік

Халхалар ШХ тілі біздікіндей деп айтады.

Ал шындығында Қарақорымға барған Франция королінің елшісі Рубрук моңғол сөздері деп жазып кеткен сөздің барлығы, ол бүгінгі қазақ сөзі, ал халхада ол сөздер мүлдем басқаша аталады.

Мысалға, Рубруктың жазбасы бойынша:
– Кефир – айра, қазақша айран
– Кумыс – комос, қаз – қымыз
– Курт – гиурт, қаз – құрт
– Сурок – согур, қаз – суыр
– Архар – аркар, қаз – арқар

Өтірігін шығару жолы:

Осы сөздердің халха аудармасын сұрау, сосын Рубрукта осылай деп бетіне басу.

Негізі басқа халханың көп сөзі түркі тіліне келеді, олар бізден алдыңдар деп айтуы әсте мүмкін. Оған көне түркі руника жазбасын, немесе 10 ғасырда жазылған Махмұд Қашқаридың Түркі сөздігін көрсету керек. «Міне, бұл сөздің бәрі ШХ-да моңғол атауы да шықпай тұрып, түркі сөзі болған» деп.

Бесінші өтірік

«Тайная история монголов» аталған жазба Халха тілінде жазылған дейді. Бұл жазба қытай ироглифімен жазылған және оны орыстар тауып алып, оригиналын жойып жіберіп, өздері халха тіліне ұқсастырып латын әрпімен транскрипция жасаған.

Өтірігін шығару жолы:

Қытай иероглифі ол әшейін сурет, мысалға «Ит үрді» деп жазғысы келсе, ИТ және ҮРДІ деген сурет салып береді болды, оны қай тілге аударсаң да, сол тілде сөйлеп шыға келеді.

Одан бөлек орыста шындық жоқ.

Алтыншы өтірік

Ескі моңғол жазбасы деген жазу, бүкіл жазу халха тілінде жазылған сымақ және әлі күнге дейін олар онымен жазады-мыс.

Өз басым, осы жазуды оқуды үйрене алмай-ақ қойдым, ал жасалған транскрипциялар өтірікші, тарихшы-сымақ орыстардікі, сол себепті оған сенім жоқ.

Ал сол 12-13 ғасырлардағы моңғол хаттамаларына келер болсақ, арап әрпімен және латын әрпімен жазылған жазбалардың бәрі түркі жазуы болып есептеледі.

Мысалға, арап әрпімен жазылған хат ол – Күйік ханның Рим Папасына жазған хаты таза түркі тілімен басталып, арғы жағы парсы тілінде жазылған.

Рим Папасының елшісі Плано Карпинидің сөзіне сүйенсек, алғашында моңғолдар хатты өз тілінде жаза бастайды, сосын бірақ біздің тілден Рим Папасына ешкім хатты аударып бере алмас деп, қалған хатты сарацин тілінде жазды екен.

Ал латын әрпімен жазылған дүниеге, еуропа миссионерлерінің Алтын Орда көшпенділерін христиан дініне үгіттеу мақсатында жазылған Кодекс Куманикус туындысы. Бұл туынды бір күнде пайда болған жоқ, олар бұны жазбай тұрып моңғолдарға қаншама елшілік жіберіп, тілдерін әбден зеріттеген.

Бүгін бұл туындыны Қыпшақ жазу деп атап жүр, ал расында бұл Алтын Орданы құрған түркі-моңғолдарының жазбасы.

Ал бүгінгі Халхасиядыға кездесетін көнеұйғыр жазуы шындығында оларға Мәнжүрден келген, Мәнжүрлер көнемоңғол жазуын өздеріне бейімдеп өзгерткен, сөйтіп бүкіл өздерінің Мәнжүр империясына таратқан, сөйтіп халхағада жеткен бұл жазу.

Тағы Хазарицы деген Ауған халқын өздеріне туыс қылып алған, ол бос сандырақ, олар иран тілінде сөйлейді, ал монгол сөздері бар дегені, өзіміз білетін халха тіліндегі көптеген өзіміздің түркі сөздер, сонау руникамен және 10 ғасырда Қашқари сөздігінде жазылып кеткен.

Өтірігін шығару

Сендердің жазуларың ол Мәнжүр жазуы деп бетіне басу, тағы көнемоңғол тілінде «Ц» әрпі мүлдем болмаған, ал халха тілінде «Ц» әрпі жиі қолданылады.

Жетінші өтірік

Ген бойынша «сендер біздің халхадан» тарағасыңдар деп, өздерінше С3 атаулы гаплогруппаны өздері иемденіп алған, ал шындығында ешқандай Ген-гаплогруппа ұлтқа, тілге бөлінбейді, себебі олар 10 мың жылдар бұрын, ешқандай ұлт болмай тұрғанда пайда болған. С3 гені көптеген ұлт өкілдерінде бар, Америка үндістері мен, Автралия аборигендерінде де бар, сонда оларда Халха болғаны ма?

Ең көп бізде кездеседі деп уәж айтуыкәдік, шындығында бұл геннің ең жоғары концентрациясы кездесетін халық – Мәнжүр халқы. Халха Мәнжүрден көп таяқ жеген, иттің етінен жек көреді оларды.

Өтірігін шығару:

«Сонда сендер халхалар Мәнжүрден тарағансыңдар ма?» деп төтесінен сұрақ қойып, жауап талап ету.

Осыны әр қазақ баласы білсе дұрыс болар еді, әйтпесе көбіміз сол «совоктар» жазып берген тарихпен жүрміз.

Сәкен Сайлауұлы
156 пікір