Бейсенбі, 17 Тамыз 2017
Білгенге маржан 1139 0 пікір 28 Шілде, 2017 сағат 15:25

«Астана ЭКСПО -2017» көрмесі: Электрқуатымен жүретін көліктер ұсынылды

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақ энергиясы» аталуы адамзат мәселелерін  шешуде энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану және дамыту- бірқатар әлем елдері алдында тұрған маңызды стратегиялық басымдықтардың бірегейі екенін көрсетуде. 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым 174 гектар жерді алып жатқан көрмеге аталмыш тақырыпта өздері ұсынған экспозицияларын таныстыруда.

Жаһандық энергетика секторындағы  инновацияларды талқылау үшін ұйымдастырылған ауқымды шара баламалы және жаңартылмалы энергия көздерін дамыту мен пайдалануда түрлі ұсыныстар мен ашылулардың алаңына айналды.  Бұл неғұрлым экологиялық таза және қауіпсіз қоршаған ортаға қатысты жаңа шешімдер іздеу үшін халықаралық қауымдастықты жинауға Қазақстанның тарапынан туындаған батыл қадам еді.

Қазақстан үшін баламалы энергия көздерін, энергетикалық технологияларды дамыту, пайдалану, мәселен, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, сақтау сияқты салаларда чех компанияларының тәжірибесі маңызды. Елімізде  158 ірі чех компанияларының өкілдіктері мен филиалдары тіркелген екен. Олардың 69-ы жұмыс істеуде. Қазақстандық тарапқа энергетикалық, машина жасау технологиясы мен құрылғылары аса маңызды. Ал, бұл салалар Чехия экономикасының мықты тұсы болғандықтан, бұл салада чехтерден  еліміздің үйренері көп.

Жалпы алғанда, «...екі ел арасындағы  ауыл шаруашылығы өнімдерін, инфрақұрылымдық және логистика саласындағы  бірлескен кәсіпорындар ашуға екі ел де мүделі»- дейді павильон менеджерлері.

Павильон қызметкерлері чех компанияларының: таза энергия, жасыл құрылыс, телекоммуникация, шағын электр станциялары, электркөлік және  экологиялық тұрақты химиялық өндірістен- жаңа технологиялар нәтижесінде өнімдер мен қызметтердің жасап шығарылуына қатысты жеке-жеке тоқталып, көрмеге келуші қонақтарға жан-жақты мәліметтер беруде.

Чехия павильоны көрмеге келушілердің дені қызықтайтын орындардың біріне айналған.

Әлемдегі ең жылдам электроқозғалтқышты ұшақ, ауада қалықтап тұра алатын велосипед.

Баламалы энергия көздерінің күшімен жүретін  техника, EXPO көрме кешеніндегі Чех павильоны ұсынғандар.

Жалпы Чехия Республикасының кешені - халықтың зор қызығушылығына ие алаңдардың бірі. Көрме ашылғалы бері онда 100 мыңнан астам адам барған.

EXPO 2017 көрмесі өз жұмысын бастағалы бері баламалы энергетика саласында дамыған мемлекеттер өзінің тың технологияларын осы алаңда паш ете бастады.

Чехиялықтар осы көрме алаңына жаңартылған энергия көздерін паш ететін түрлі техникаларын көптеп әкелген мемлекеттердің бірі.

Павильонның қақ ортасында ұшақ ілінген. Бұл – әлемдегі ең жылдам электроқозғалтқышты ұшақ. Максималды жылдамдығы сағатына 260 шақырым. Қуаттау мәселесіне тоқталсақ, 220 вольттық ұяшықтан 8 сағатта бүкіл батареялар толық энергия жинап алады. Алайда, аспанда тек бір сағат ғана ұша алады екен.

Чехия Республикасы автоөндіріс саласында өте дамыған мемлекет екенін білеміз. Олар көрме аясында болашақта толық электрқуатымен жүретін автобусты таныстырды. Бүгінде Чехияда осындай қоғамдық көліктің гибридті нұсқасы бар. Ол бензин және электроқозғалқышпен аралас жүреді. Төрт-бес сағат қуатталған батареялармен автобус 150 шақырымға дейін жүріп өтеді.

Көпшілікті таңғалдырғаны: павильондағы ұшатын велосипед. Максималды ұшу биіктігі 7-8 метр. Ұйымдастырушылар, қазіргі нұсқасында  ол толық қуатталған батареялармен бар болғаны 3-5 минут қана ұшатынын айтады.Әлі жетілдірілу үстінде дейді.

Ұшатын велосипед жанында қарапайым үлгісі де ұсынылған. Ол да электроқозғалқышпен жүреді. Аккумуляторды екі сағат қуаттасаңыз, 120 шақырым жерді жүріп өтуге болады.

Павильонның екінші қабатында су, жел энергетикасын тиімді пайдалану, дамытудағы осы елдің технологиялары туралы ақпарат ала аласыз. Кейбірін көрнекі құралдар, құрылғылар арқылы тәжірибе түрінде көруге болады.

Латын Америкасы: Төменгі бағалар мен заманауи технологиялар

Латын Америкасы электрге деген мұқтаждықтарын жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану арқылы қанағаттандыруда.

Төменгі бағалар мен заманауи технологиялар күн, жел және өзге де энергия көздерін, қазба отындарын өндіруде бәсекеге қабілеттілікке бағытталады. Латын Америкасының жаңартылмалы энергиясына қатысты мақсатты қоры Америка Ішкі Даму банкінің (АІДБ) жаңа есебіне сәйкес жобаланған 2050 жылғы сұраныстан электр мұқтаждығын 22 рет жабуға жетеді.

Күн энергиясы

Латын Америкасы елдері соңғы жылдары күн энергиясы нарығында өз әлеуетін көрсетіп келеді. Латын Америкасы елдерін шетелдік инвестициялар тек қауіпсіз энергия көздерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар батыс жарты шары мен әлемге көміртегі қалдықтарын азайту мен климат өзгерістерін төмендетуге көмектесер еді. Сыртқы жәрдем екі түрлі нысанда келе алады: сыртқы ортаны қоршауға бағытталған халықаралық альянстар және жеке компаниялардың инвестициялары.

Неге күн энергиясы?

Қауіпсіз қуат іздеуде күн энергиясы бәлкім Латын Америкасына көмектесетін ең жылдам шешім шығар. Күн энергиясын өндіруде жаһандық жылудың тудыратын улы ластағыштары немесе қауіпті қалдықтары болмайды. Тіпті, күн энергиясымен байланысты өзекті мәселелердің ең қиындарының да шешімін табуға болады.

Су энергиясы

Су қуаты әлемнің жаңартылмалы энергиясының ең үлкен көзі болып отыр. Латын Америкасында су қуаты негізгі энергия көзі болып табылады. Ол өндірілетін бүкіл электрдің 65 пайызын құрайды екен. Бұл әсіресе, көп елдері су энергиясына тәуелді Латын Америкасында анық байқалады.

Геотермалдық энергия

Сарапшылардың айтуынша, жер қыртысынан шығатын табиғи жылу Латын Америкасы үшін тиімді әрі қолжетімді қуат көзі болар еді. Алайда, оны зерттеуші технологиялар әлі де даму үстінде. Америка Аралық Даму Банкі мен Дүниежүзілік Банкінің жасаған баяндамасына сәйкес Латын Америкасы өз геотермалдық әлеуетінің жыл сайынғы 300 терават сағатының 5пайызын ғана пайдаланатындығы анықталған.

( Жалғасы бар ).

Зарина Әділбек

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2885
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7458