Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017
Абай.tv 7798 16 пікір 30 Шілде, 2017 сағат 07:43

Екі ұлын Қазақстанға жіберген әке Қытайда он жылға сотталды

Екі ұлын Қазақстанға жіберген әке Қытайда он жылға сотталғаны жөнінде уатсап әлеуметтік желісі арқылы бейнеүндеу мен хабар тарап жатыр.

Екі ұлын Қазақстан Республикасына жіберген әке осы ісі үшін Қытайда он жылға сотталды. Екі ұл ҚР азаматы ретінде Елбасынан әкесіне араша сұрайды. Тұтас Қазақ қоғамы, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, екі тірі жетім сіздерден көмек сұрайды! Үнсіз қалмаңыздар. Бір көмек жасаңыздар.

Cондай-ақ кеше С.Аманжолов атындағы ШҚО мемлекеттік университетінің түлегі Аққу Еренбектің де Қытайда тұтқындалғаны жөнінде ақпараттар таралды.

19 жастағы студент қыз  ұялы телефонынан Құран және "Қылмыс" романы табылғаны үшін тұтқындалған. Аққу Еренбекті жаздық демалыста Қытайдағы үйіне қайтар жолда Майқапшағай-Жеменей шекарасында Қытай Қауіпсіздік қызметкерлері ұстаған.

Abai.kz

16 пікір