Бейсенбі, 17 Тамыз 2017
Қоңырау 10552 29 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 10:04

Ресейдің соңғы империя ретінде өмір сүруін тоқтататын кезге куә боламыз

Сонымен кеше Дональд Трамп Ресейге қарсы санкцияларды күшейтетін заңға қол қойыпты! Алдында ғана АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы үш дауыс қарсы болып, 419 дауыс қолдап өткізген жоба Президенттің қол қоюына жіберілгенде орыстар «Трамп бұл заң жобасына қол қоймайтын шығар» деп қатты үміттенген. Ол болса ойланып, толғанып бас қатырған жоқ. Сигнатурасын сүйкеді де салды. Сөйтіп Ресей Федерациясын Иран мен КХДР қатарына апарып қоятын қатаң заң Мәскеу үшін ядролық соққыдан кем болған жоқ. Григорий Явлинский мұны «Путин мен Лавровтың бүкіл сыртқы саясатының күйреуі» деп отыр.

Қазір Ресей айналасындағы күллі көршілерімен қырғиқабақ жағдайда. Балтық жағалауы елдері баяғыда-ақ теріс айналып кеткен. Украинамен соғыс жүріп жатыр. Молдовамен, Гүржістанмен егес таусылар емес. Белоруспен тіл табысу қиындаған. Момақан Қазақстан ештеме шеше алмайды. Орталық Азия елдерімен байланыс Ауғанстаннан төнген қауіпті сейілтуге жараса соның өзі құба құп.

Ресейдің айналасында сенетін күшті досы жоқ. Қытай көмек қолын созбасы анық. ЕО үшін Ресейден гөрі АҚШ маңызды серіктес. Ал АҚШ-тың жаңа заңы ондаған жылдарға созылатын қыл бұрау. Кеңес Одағына салынған санкция 38 жылдан соң әзер алынғанын ұмытпайық. Ресейдің АҚШ-қа қарсы саламыз деген санкциялары түкке тұрмайтын баланың ойынындай нәрсе. Ресей ұлыдержавалық амбициясы мен әсіреұлтшыл шовинизмі салдарынан айналасына шынайы дос жинайтын мүмкіндіктен айырылып қалды. Ресей Солтүстік Корея сияқты бәрі түкіретін жиіркенішті елге айналды.

Жағдайды қалай түзеуге болады? Явлинскийдің ұсынысы: Қырым түбегінің халықаралық-құқықтық жағдайын анықтау үшін халықаралық конференция ұйымдастыру қажет әрі легитимді референдум өткізу маңызды. Екіншіден, Донбаста соғысып жатқан әскерін кері шақырып, Украинамен шекарасын бекітіп, шиеленіс нүктесіне қару-жарақ пен әскери техника жеткізуді тоқтатқаны жөн. Үшіншіден, Ресейдің Сириядағы азамат соғысына қатысуын доғаруы қажет.

Егер осы үш қадам жасалмаса, Ресейдің соңғы империя ретінде өмір сүруін тоқтататын кезге куә боларымыз анық.

Марат Тоқашбаев

Facebook-тегі парақшасынан

29 пікір
Маған "дуст" болмақшы кретинге 2017-08-07 20:19:58
Сендей "дусты" в гробу видал в белых тапочках, понял, кретин ? !
Есенгали дустыма 2017-08-06 18:47:59
Есака, ми бір орыстың Наташасын саган иртіп килгай, шық дарбазаға! Оу, ярата алмайм дисәң, бул ни, биткәнің бә? Ой, позор ! Куркамсин? Ааа... инвалид.Понятно.
білгішсымаққа 2017-08-05 16:09:26
Сен орысты жақын көреді екен деп менің өтім неге жарылуы керек екен ? Сүйген орысыңды құшақта да жат ! Алқаш ватникке қызыңды бер, ұлыңды Наташаға үйлендір, проваслав дінін қабылда, мне от этого ни холодно, ни жарко !
Есенғалиға 2017-08-05 13:35:22
Есенғали Мен орысқұл емеспін бірақ орысты қытайдан жақын тұтамын.Мен емес осы Қазақстанның жартысынан көбі, орысты жақын көреді қытайға қарағанда, өтің жарылса жарылып кетсін осыдан
Есенғали, Антакиядан 2017-08-05 07:25:52
"білгіш" деген білгішсымақ ! Орыстың Наташаларын өзбек пен тәжіктің астынан суырып алудың қажеті жоқ. Бар болғаны ватниктердің өздерінің Сібір өлкесі туралы жазғандарын оқу керек. Орыс тықса, сен сияқты орысқұлдың артына тығады, сәуселім !
білгіш 2017-08-04 22:46:20
Есенғали барлығын барып санап келгендей,орыстың Наташаларын өзбек тәжіктің астынан суырып алғандай сайрайсың ғой,оттағандада дұрыстап оттау керек қой.Орыс не сенің артыңа бірнеңесін тығып па еді,соншама жамандайтындай
Сұрат 2017-08-04 21:19:08
Мына кісі Іресей імпериясы күйреп, жұмыссыз қалса қалай күн көрмек ? Жамандайтын Іресейі жоқ болса онда кімді жамандап күн көрмек ?
"ерен-білгіш" деген "геополиттикке", Антакиялық Есенғалидан 2017-08-04 07:48:36
Орыссияда 5 миллион алқаш пен 7 миллион нашақор бар. 5 миллион қорғансыз-панасыз бала мен 1,8 миллион инвалид бар. Орыссиядағы гастарбайтерлер саны - 10,9 миллион. Москвада 3,5 миллион миграт жасайды, жақын келешекте Орыссияның "столицасы" Маскваабадқа айналады. Орыссия халқының 20 пайызы мұсылман қауымы. Сібір өлкесінде "лесоповалда" ағаш кесіп жүрген орыстардың 40 жастан кейін "аппараты" істемей қалады. Маруся мен Наташалардың қызығын өзбек пен тәжік, қытай мен кәріс көріп жүр. Олар арақ ішпейді, темеке тартпайды, тапқанын бала-шағасына тасиды. Сен сияқты орысқұлдар қанша жерден Орыссияны сақтап қалғысы келгенімен, өмір заңына қарсы тұра алмайсың ! Ватниктердің өздері мойындап отырған тарихи процесті сен сияқтылар тоқтата алмайды. ХХІ ғасырда империяға Күн астында орын жоқ, өтің тарс жарылса да, шындық осы !
Гүлназ 2017-08-04 03:41:30
Не болары белгісіз.
біз 2017-08-04 02:54:28
руза кімнің жағында түсінбедік
ерен-білгіш 2017-08-03 23:27:10
Ресей ыдырамайды оған бірнеше себеп бар.1.Ресейдің 82 % орыс ұлты құрайды оған орыс тілінде сөйлейтін көптеген үлкенді-кішілі ұлттарды қосыңыз.2.Ресейде 86% православ дінінде.3. Барлық республикалардың эконимкалық және интелектуалдық элитасы орталықтың бақылауында.4.Мемлект құраушы орыс ұлтында рулық- тайпалық,діни немесе аймақтық және тілдік алауыздық жоқ біртұтас монолит ұлт. 5.Экономикалық қиындықтар бар ол рас одан шығу үшін орыстар 1917 жыл мен 1991 жылдардағыдай көшеге шығып төңкеріс жасау мүмкін сол арқылы билік пен жүйе алмасуы ықтимал.Алайда Ресей бүгінгі экономикалық,әлеуметтік,географилық,демографилық мазмұнына байланысты ешқашан ыдырамайды,себебі оған ешбір негіз жоқ.
Наке 2017-08-03 13:40:58
Ресейдің ыдырауы үшін кемінде 10-15 жыл керек. Егер ол сценариимен жүрсе Қазақстан экономикасында діңкелетіп болары анық.
бек 2017-08-03 12:06:40
орыстар ешқашан жеңілмейді
Руза 2017-08-03 01:09:50
Айтқаныңыз келсін!
Болат Жугунис 2017-08-03 00:28:59
Санкциялары бізге де ауыр соққы болатын болды. Ресей құласа біздің олигархтардың күні не болады?
Izatqa saiman 2017-08-02 19:10:36
Әкең тірі болса атаңның, әкең өлген соң әкеңнің, шешең өлген соң шешеңнің басына сүйікті Гитлеріңнің суретін креске жапсырып қой ш.а.с. Қышуың қанып жүреді.
А 2017-08-02 19:01:50
Россия капут хахахаха
Izat 2017-08-02 18:55:11
Жер бетіндегі ең оңбаған халық орыс ұлты 1-қан соғысты бастаған орыс ұлты 2-қан соғыстыда бастаған тағы орыс Гитлер орыс еліне бекер соғыс ашпайды орыс ұлты оңбаған дінсіз,екенін біл барып шабул жасалған
ауу 2017-08-02 14:35:12
Ресейде оңай шағылатын жаңғақ емес ау
??? 2017-08-02 14:15:25
Мына кісі Әзімбай Ғалидың шәкірті болар.
Hypuk 2017-08-02 13:58:40
Өздерімен өздері кетсін! Тіфə тіфə. Əлемдегі ең шайтан елдердің бірі осы сарықұлақтар.
Өтепберген 2017-08-02 13:44:36
Ресейден қорқудың еш керегі жоқ ол Қазақстанның ішкі саясатын өзгерту ді ойлап отырған жоқ. Біз өзіміздің ішкі кадр саясатын өзгертуіміз керек неге қазіргі кадр өзіннің байюын ойлайды жəне қазақилықты ойлап отырған жоқ.
Серік 2017-08-02 13:33:07
әуминь!
білгіш 2017-08-02 13:27:55
Ресейден қорқудың еш қажеті жоқ.Ресей бұрыннан сыралғы мемлекет,орыс ұлтымен ғасырлар бойы көрші болып өмір сүріп келеміз.Біз қорқуымыз керек өзіміздегі парақорлардан,намысы жоқ мемлекет басында отырған басшылардан,мынау жымысқы саясат жүргізіп отырған қытайдан сақтануымыз керек сонда ғана қазақ мемлекеті ел болып өмір сүре алады.Менің осы пікірімді кім дұрыс емес дейді айтыңыздар
Багитжан 2017-08-02 12:10:08
Бүгінгі таңда Қазақ үкметі Қазақ Республикасын Ресейге тәуелді қылды. Енді Ресей құрыса Қазақстанғада оңай болмайды. Көптеген білімді қазақ жігіттерімен қыздары Ресейге қоныс аударуда, Ресейде жұмыс бар жалақысыда жақсы.
Мен ғой 2017-08-02 11:54:35
"Бұқаның енегі үзіліп түскенде жеймін", - деп бір аш қасқыр ере-ере, ақыры, аштан өліпті деуші еді. Сол сияқты, Ресейің де оңайға шағылар жаңғақ емес.
Жанболат 2017-08-02 11:38:29
Сириядан Қазақстан мықты ел ғой.
Жанболат 2017-08-02 11:37:06
Сириядан Қазақстан мықиы ғой.
Айна 2017-08-02 11:30:17
Сенбеймін орыс өле қоймас

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2884
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7457