Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017
Дабыл 6070 18 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 12:45

Ішкі көш: бағдарламаның сапалы орындалуын бақылауымыз керек!

 

"Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасы аясында оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныстануға ниет білдірген отбасылар қатары артып келеді. Қуантарлық жағдай. Алайда.......

Осы бағдарламаны пайдаланып, оңтүстіктің біраз пысықай байлары солтүстікке қоныс аударып жатқан жұртты көшірісуге көмектескен болып, көшкендердің атынан серіктестік шаруашылықтар құрып, ауыл шаруашылығына мыңдаған гектар жер алып, өз бизнестерін дамытып жатыр деген ресми емес ақпараттар бар. Егер шынымен солай болса, жақсы идеяны боққа былғаған жалмауыздық əрекет болғаны бұның. Дегенмен ақпаратты тексеру керек сияқты. Бұл бағдарламаның сапалы орындалуын дұрыстап бақылау керек баршамызға.

Көш байсалды, бəсекеге қабілетті болуы керек. Көшіп барған əр отбасы солтүстіктің əлеуметтік, табиғи тегеуріндеріне қарсы тұра білетін əлеуетті болуы керек. Бұл көш құлдардың көшіне айналмауы тиіс ең бастысы.

Талғат Жақиянов

Abai.kz

18 пікір