Бейсенбі, 17 Тамыз 2017
Мәңгілік ел 808 1 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 16:47

Алматы облысы ауыз сумен қамту мәселесі бойынша  бірінші орында

Жетісу өзен мен көлге бай өлке болғандықтан, ауыз су мәселесі мұнда алғашқы орында. Сондықтан, барлық ауданды 100% ауыз суымен қамту 2020 жылға жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Облыстың 622 елді мекені 83,9% орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған,

2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау саласы бойынша 4 жаңа жоба іске асырылуда. Оның екеуі  Ақсу , Кербұлақ аудандарында және 2 жоба Талдықорған қаласында.

«Республика бойынша Алматы облысы ауыз сумен қамту бойынша бірінші орынды алып отыр. Көрсеткішке сүйенсек 83,7%.  Ауыз сумен қамтуда кәріз жүйесі үлкен рөл алады. Кәріз жүйесі облысымыздың 58 елді мекенінде бар. Қапшағай қаласындағы кәріз-тазарту имаратының құрылысы қайта жаңғырту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қапшағай қаласындағы кәріз-тазарту құрылысы қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаны іске асыру үшін жеке меншік капитал тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанағатов Әсет.

Қорытындылай келе жылдың соңына дейін облыстың 18 ауылдық елді мекеніне орталықтандырылған ауыз сумен қамту мәселесі қарастырылған. Олардың сумен жабдықтау жүйелерінің үлесі 86,4% немесе 640 елді мекенді құрайды.

Abai.kz

1 пікір
Есенғали, Антакиядан 2017-08-03 08:03:30
Ошшым, нұрсу-нұрбұлақ-нұрқұдық...

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2885
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7458