Дүйсенбі, 21 Тамыз 2017
Қауіп еткеннен айтамын 8023 17 пікір 3 Тамыз, 2017 сағат 09:16

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Қытайлықтар бүгінде Қазақстанның 132-ші этносы болып қалыптаса бастады. Келесі санақта бұл жаңа этнос ретінде анық көрінетін болады. Ұлты қытай жиендеріміз де дүниеге келіп жатыр. Бір күндері олар Қазақстан халықтары ассамблеясы аясында Парламенттен орын алады. Оған күмәніңіз болмасын. Кез келген шет елдік мемелкет қазақ жеріне ие болып отырған өз азаматтарының мүддесін қорғауға құқы барын тағы ескерейік.

Қытай адам құқықтарының халықаралық норма талаптарына сай қорғалуына аса назар аударып отыратын ел. Ол жақта 150 миллионнан астам адам жұмыссыз екен. Қытай үкіметі қабылдаған «Батысты игеру» бағдарламасында осы жұмыссыздар Қазақстан рыногын игеруге жұмылдырылмақшы. Бүгінде Жетісу өңіріне қытай жағынан келушілердің ағыны толастар емес.

Үлкен жауапкершілікпен айтамын, егер алдағы уақытта да осы айтылған жайларға шыныменен көңіл аудармасақ, бұл мәселелер болашақта Қазақстан мен Қытай арасында геосаяси жағынан да, этникалық жағынан да түрлі әлеуметтік түсінбестіктерді туындатуы мүмкін. Қазақстанды тізерлетіп болғасын Қытай таяудағы 15-20 жылда Еуроодақ елдеріне де ықпалын жүргізіп, оларды кез-келген мәселе төңірегінде мәмілелер жасауға мәжбүр ете бастайды. Қытайдың «қатал ойыны мен жұмсақ экспанциясы» Еуропаға Қазақстан мұнайына иелік ету арқылы ашылған қақпа арқылы жүзеге аспақ. Талай қанды қырғын, қып-қызыл соғыспен ала алмаған Қазақ жерін екі арадағы осындай құйтұрқы тәсілімен қолдарына іліктірген қытайлықтарды ол кезде күштеп те кетіре алмайсың!

Қытай диаспорасы кімге сүйенеді?  Олардың иммигранттары әлемнің қай түпкірінде болмасын қытайдың әскери және қаржылай көмегіне арқа сүйейді. Ендеше, бүгінгі қал-ахуалымыз шығыстағы көршіміз Қытаймен байланысымызға баға беруді талап етеді. Қытайдың соңғы жылдардағы экономикалық жағынын тез өркендеуі мен оның әскери күшінің өсуі ерте ме, кеш пе аймақтағы мемлекеттердің өзара ықпалының ара-салмағын өзгертуі мүмкін. Уақыт өте келе екі ұлт өкілінің арасындағы керіс туындап, ол екі мемлекеттің мәселесіне дейін көтеріліп, дауына айналса, сонда кімнің мүддесінің үстем шығатынын өзіңіз аңғара беріңіз. Оларға әскери тойтарыс беремін деп ойлаудың да қажеті жоқ.

Н.Қошаманұлы

Abai.kz

 

17 пікір
Мен 2017-08-16 15:10:24
Кытай тек ақшамен алмайды олар өөте қу халық мүмкіндігінше жалпақтаумен алдыңда бүкшеңдеп жүріп төріңнен бірақ шығады. Өмір бойы ешкім көрсетпеген құрмет көрсетеді қытайға барып жүргендер біледі , өзіңді əжептеуір мəртебелі кісі екенмін деп қаласың бірақ оның бəрі тегін емес екенін үйге келгенде түсінесің. Сондықтан олардан аса сақ болған дұрыс. Мен Димаш Құдайберген інімізге көрсетіліп раотырған соншалықты жарылқаушылықты да үлкен саясат деп ойлайм. Өйткені соңғы кезде біздің қыздар қытайға тұрмысқа шығып жатыр деп шу шығып , қытайлықтарға деген жеккөрінішті көзқарас қалыптасып келе жатқан еді енді бірден қытайлар жақсы болып шыға келді,енді қытайлар Алматыда еркін бас котеріп жүре алатын болды. Енді тіпті қаптап кетседе бүкіл қазақстандықтар қолдайтындай болып тұр. Димаш жəне оны қолдайтындар ренжімесін Димаштың талантына күман келтіре алмаймыз менде жанкүйерінің бірімін. Менің айтайын дегенім абай болайық əсірісе жастар , қыздар....
сұлтан 2017-08-09 14:23:09
қытайдың ақшасына сатылғандардың қатарында басы биліктегілерден тартып айағы оралманға дейін талайы бар. енді біраз жылдан соң қытай "бауырластарымызды қорғаймыз" деген сылтаумен әскер кіргізсе таң қалатын түгі доқ.
сұлтан 2017-08-09 14:18:57
қытайдың ақшасына сатылғандардың қатарында басы биліктегілерден тартып айағы оралманға дейін талайы бар. енді біраз жылдан соң қытай "бауырластарымызды қорғаймыз" деген сылтаумен әскер кіргізсе таң қалатын түгі доқ.
ОРАЛМАН. 2017-08-07 11:56:35
" Жалғас ---------- 2017-08-06 21:14:34 ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- -------------Қытайлар осында Қытайдан келіп, орнығып алған оралманға сүйенеді деген қауесет рас па ? " ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ ----- Осы айтылған пікірде... бір шындықтың ұшығы бар сияқты... анау " ЖЕБЕУ " ұйымына күдік бар.....
Жалғас 2017-08-06 21:14:34
Қытайлар осында Қытайдан келіп, орнығып алған оралманға сүйенеді деген қауесет рас па ?
АБЫЗ 2017-08-04 11:01:53
Көп сөзді қойып... иісі Қазақ баласы... республикадағы Қытайларды дереу шығарып...Қытайды кіргізген адамдарды анықтап жазалау керек. Енді іске кіріспесе кешігеміз...
Қаһарлы қазақ 2017-08-04 01:56:35
Қиын-ақ! Қытайды диаспора қылса - бұл биліктің ұлтына істеген қастандығы, сатқындығы! Қытайлар қазір Қазақ елдіне дүңген, дұңған болып, мұсылманбыз деп кіріп жатыр. Олардың мұсылмандығы тек алдаудың жолы. Əйтпесе оларға Дін Ислам текке керек емес. Осыдан сақ болу керек!
Манас 2017-08-04 00:58:04
Қазақстанды сатқындар билеуде !
Бір қазақ 2017-08-03 22:02:22
Бізге кеп жатқандары Канада, АҚШ,Жапония,Малаизия, Сингапур,Австралия,Оңтүстік Африка,Австралия, Латын Америкасы,Еуропага кетіп жатқандарынан артылған бірең сараңдарығой. Соның өзі қаптап барат. Шынымен бет бұрар болса, бұл тасқынды тоқтату мұмкін емес-ау!
Есенғали, Антакиядан 2017-08-03 18:44:52
Алматы аэропортында келген самолёттерден жақыныныңызды күтіп алсаңыз, өзіңізді Қытайда жүргендей сезінесіз. Алматыға ағылған қытай мен ұйғырды көресіз.
Гүлназ 2017-08-03 17:11:02
Қытайларды елден шығару керек. Тәуелсіздігімізге қауіпті.
ЖИЫН 2017-08-03 15:55:29
...Осы сынақтан лайықты өту Билікке де, халыққа да зор жауапкершілік жүктейді. (???) Билік дегеніміз - халық және оның шешімі. Бірақ бізде олай емес. Нәтижесі қазіргідей...
ХАЛЫҚ 2017-08-03 15:27:49
К.Масимовті және мынау Қытайлар мен Қытайға тұрмысқа шыққан Қазақ қыздарын түгелдей Қазақ Елінен шығарып жіберуді... бүкіл Қазақ жұрты талап етуді ұйымдастырыңдар...
Кытəй 2017-08-03 15:15:11
Шенеунике пара бер, Пара берде бара бер.
Че 2017-08-03 12:29:42
Бұл іс кгб түлегі п.министр бүгінде ұлт қауіпсіздігінің басшысы К.Масимовтың стратегиясының жетістігі, мақсаты. Ол қытайдардың арасында ұйғырларда бар. Ұлтқа мемлекеттікке қауіп төндіретін адам қалай Ұлт қауіпсіздігіне жауапты өзі ???
Амантай 2017-08-03 10:39:38
Бұл тақырып тек автор ғана емес күллі Қазақ қоғамының алаңдаушылығын тудырып отырған бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналды.Ақырған аюдың шеңгелінен шыға алмай отырғанда енді әбжылан айдаҺардың шырмауына орансақ жағдайымыз мүлде ұшығып кететініне еш күмән жоқ шығар. Әрине сыртқы жау қауіпті, Ел ішінде ынтымық, бірлік болса күллі Қазақстан халқы бір мақсатқа ұмтылып, ортақ мүдде үшін жұдырықтай жұмылып тұрса, отаншыл, елдік рухымыз асқақтап тұрса бәрі де басқаша болар еді. Бірақ қазақтың елінің суын ішіп, нанын жеп отырғандардың ішінде мұндай елдік қасиеттерден жұрдайлары аз ба? Бәрінен де қауіпті іштен шыққан жау жаман. Осындай күрделі ахуалдан елді, халықты аман алып шығу үшін аса көреген, салиқалы, сындарлы саясат керек.Қазақ қоғамында шешім күткен келелі мәселе әлі шаш етектен. Қысқасы қазақ қоғамы бүгін сын сағатта тұр. Осы сынақтан лайықты өту Билікке де, халыққа да зор жауапкершілік жүктейді.
ХАЛЫҚ 2017-08-03 09:57:30
Осының барлығы - ақылсыз және Қазақтың келешегі керек емес - Басшының іс-әрекеттері !!.. Халық болып қалғың келсе құр сөзді қойып... нақты да қайырымды іске кіріс ?!!..

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 3196
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 8023