Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017
Міне, әңгіме! 1963 3 пікір 5 Тамыз, 2017 сағат 09:45

«ЭКСПО-2017»: 2 миллионыншы, қонақ, қош келдің!

Әлемнің 115 мемлекеті қатысып жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген 2 миллионыншы қонаққа құрмет көретілді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.Кеше кешкі сағат 20:21-де ЭКСПО-ның төрт өткізу бекетіне орнатылған бейнебақылау камералары мен есептеуіштері 2 миллионыншы келушіні тіркеген. Ол – Орал қаласының тұрғыны, өндірістік сала қызметкері Ғайса Жұмалиев.

Ол өзін көрменің 2 миллионыншы қонағы боламын деп күтпеген.

«Мен өте қуаныштымын. Барлығы аяқ астынан болды. Билетті жаңа «Мегадан» кешкі жеңілдікпен 2000 теңгеге сатып алдым. Чехия павильонын аралап үлгердім. Shell павильонын аралағалы жатқанмын. Бірақ мені «ЭКСПО-2017» баспасөз орталығына журналистермен кездесуге алып келді. Мен мұндайды күткен жоқпын. Оралда тұрамын. Егіз балам бар», - деді Ғайса Жұмалиев.

«ЭКСПО-2017» медиа-орталығында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов 2 миллионыншы қонақты өзі құттықтады. Ол Ғайса Жұмалиевке бағалы сыйлықтарды табыстады.

«Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы үшін айтулы күн. Алдымызға қойған меже 2 миллион болатын. Сол мақсат бүгін орындалды. Ғайса «ЭКСПО-2017» көрмесінің 2 миллионыншы қонағы атанды. «ЭКСПО-2017» көрмесінің аяқталуына әлі де бір ай уақыт бар. Елбасының жобасы ойдағыдай жүзеге асуда», - деп түйіндеді сөзін төраға.

Сондай-ақ, «Астана EXPO – 2017» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Елбасының жобасы ой­дағыдай жүзеге асып жатқанын айтты.

«Көрме басталған сәттен бас­тап, Астанада тұрғын үй алу 33 пайызға, сауда айналымы 20 пайыз­ға, ал сауда ойын-сауық орталығы­на кіріп-шығу көрсеткіші екі есеге өскен. Астанада маусым айының өзінде қызмет көрсету саласындағы салық 2,5 есеге артты. Бұл – дағ­дарыс кезіндегі экономиканың жандануы. Біз қазір жолдың үштен екі бөлігін жүріп өттік. Жоғарыда тізіп шыққан табыстарымызды есепке алсақ, Елбасының көрме өт­кізу туралы көреген шешім қа­был­дағанын түсінеміз»,  – деді төраға.

Естеріңізде болса, Астанада өтіп жатқан "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2 млн адам келеді деп жоспарланған болатын.

Астана – армандар орындалатын қала.  Сондықтан EXPO-2017 Еуразия төрінде. «EXPO-2017» көрмесі – тек Астана үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа қадамы болады» деген Елбасымыздың сөзі санамызда сенімнің шоғын маздатып, келешекке бағыт алған үкілі үмітімізді еселей түсетіндей.

Abai.kz

3 пікір