Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017
Әдебиет 2905 2 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 10:23

Жұмаш Көкбөрі. Қазағымды қорғашы...

Түсі суық, сұр ма екен?

Тумысынан сұм ба екен?

Қалың жылан ысылдап,

Шағайын деп тұр ма екен?..

 

Жоқ ұлтыма қайыр да,

Ұры – ұрлап баю да.

Бұл Қазаққа қанша жыл,

Күш көрсеткен аю да.

 

Екеуінің сұрқын-ай,

Бұзылмасын шырқым-ай!

Арасында екі оттың,

Арпалысқан ұлтым-ай!

 

Тағдыр бізді сынады-ау,

Деме Ұлтымды сынады-ау...

Аю, жылан алдында

Қалш-қалш еткін кім анау?..

 

Оңған емес оңбайтын,

Тоңған емес тоңбайтын.

Бірақ, біздің Қазақтың

Тәңірі бар қорғайтын!

 

Намыссыздар, сорлашы!

Оңбағандар, оңбашы!

О, Тәңірім, сен, мәңгі,

Қазағымды қорғашы!?.

Abai.kz

2 пікір