Сейсенбі, 17 Қазан 2017
Мәңгілік ел 878 15 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 10:28

Саясат Нұрбек: Қазір ауылды жерлерде адамдар айттамайды

Былтыр ауылға бардым. Семей жаққа. Ораза айтпен қатар келген сапарымда, көзім жеткені ауыл адамдары біздің бала күніміздей айттамайтын болыпты. Айт мерекесінде көрші, күллі ауыл болып бір-бірінің үйіне айттайтын дәстүрге үйреніп қалғанбыз ғой. Себебін сұрасам, уақыт жоқ немесе ыңғайсыздық тудырғым келмеді, - дейді біраз ауыл тұрғыны.

Әңгімесін ауылында өткен айт мерекесінен бастаған Саясат Нұрбек «QazTalks» ашық әңгіме алаңында қазіргі қоғамдағы құндылықтардың азайып бара жатқандығын ашық айтты. Құндылықтарды зерттеген саясаттанушы әлеуметтік сауалнамаларды 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтында жұмыс істегенде бастаған. Сауалнамаға жастары 18-ден жоғары 1600-ден астам адам қатысқан. Олар қала мен ауыл тұрғындары.

Сонымен, нәтижесінде қазақстандықтардың 75% -ы денсаулықты басты құндылыққа шығарыпты. Бала мен жеке бас қауіпсіздігін ең үлкен құндылық деп санайтындар 44-54 % құраған. Қалған сатыларға адамның тұрмыстық қажеттіліктері сай келсе, Отанға қызмет ету, патриоттық сезім және өзін-өзі дамыту сауалнамаға қатысқан кейбір адамдар үшін соңғы орынға ығыстырылған. Қазіргі адамдар ұзақ мерізімге жоспар құруды ұмытқан. Технология мен заманның қарыштап дамуы адамның рухани құндылығының әлсіреуіне әкелді. Ал Елбасының Рухани Жаңғыру мақаласында көрсетілген әр бөлім рухани құндылықтарымызды қайта қалыптастыруға мүмкіндік беретін үлкен бағдарлама,- деді Саясат Нұрбек.

Спикер «QazTalks» ашық әңгіме алаңындағы сөзін қорытындылай келе, Джеймс Робинсон мен Дарон Аджемоглудың «Why Nations Fail» (Мемлекеттер неге күйрейді?) деген екі жыл бұрын шыққан кітабын оқуға кеңес берді. Құндылықтар туралы көп сұрақтың жауабын осы кітаптан табуға болатынын атап өтті.

Abai.kz

15 пікір
Бектас 2017-08-23 01:00:56
Туған жерге және патриоттық құндылықтар өзгеріп жатыр жастарда. Жастар көбі шетелге барғысы келеді. Демалуға Түркия, Дубай, оқуға Лондон мен АҚШ, діни бағыт салафи мен өзге дәстүрлі емес ағымдар, тілді орыс пен ағылшын. Ал туып өскен жердің дәстүрі мен тарихы, тілі, ділі архаикалық заманға теңестіреді. Осы үрдіс жастарға қтіп сақталып жатыр, болашақта бұл үлкен қауіп төңуі мүмкін.
Жарас 2017-08-07 17:34:56
Жарлы бай, бай Құдай болсам дейдінің кері, дүние қумай, құндылықтарға назар аударайық.
шыңғыс 2017-08-07 17:34:36
шын мәнінде ынта мен қалау керек, біздікілер дайын асқа тік қасық болғылары келеді.
Мерей 2017-08-07 17:34:20
менімше қоғамда жалқаулық пен немқұрайлық басым, әйтпесе барлық мүмкіндік толып тұр осы күні.
қуат 2017-08-07 17:34:05
75 пайызы денсаулықты басты орынға шығарғандары шын болса денсмаулықты сақтандыруға көшуге атсалысып, жанталасса қанеки!
Парасат 2017-08-07 17:33:50
Білім алуға барлық жағдай жасалған мына заманда мүмкіндіктерді қуып, ізденуге ұмтылса қайтты адамдар!
Сабина 2017-08-07 15:36:53
Айтшыламайтыны рас, туыстарың да айттап келмейді кейде, өзіміз айтшылап жүреміз бала шағаны салып алып ылғи: айт кезінде де, басқалай уақытта да... Адамға да байланысты ма екен)))
Олжас 2017-08-07 15:35:27
Ашық әңгіме алаңы өте керек, халыққа қызықты деп ойлаймын. Сондықтан өресі кең болсын.
Дарина 2017-08-07 15:33:31
Көрші қолаң араласып тұрғанға не жетсін. Қазір қалада көршіңмен де дұрыс араласа алмайсың ғой, құндылықтарымыз төмендеп бара жатқаны рас секілді. Көршімді "үйге келіп тұр" деп қонаққа шақырудан шаршадым, мүлде бас сұқпайды үйінде бос отырса да баламен....
Нағима 2017-08-07 15:31:23
Негізі салт дәстүрді қайталап, еске салып, жаңғыртып отырмаса, ұмытылып қалады. Айт демекші, жарапазан да айтпайды, бұрын балалық шақта жарапазан айтушы ек.
Габит 2017-08-07 15:26:51
Президентіміз беріп отырған бағыт бағдар ұлылығымызды нығайтар
Жасулан 2017-08-07 15:24:04
Өкінішті ақ, қазақ екенімізді ұмытып бара жатырмыз. Тарихымызды, бабаларымыз қалдырған рухымызды ұмыттық.
Алдияр 2017-08-07 15:18:25
Расында, қазаққа тән қасиеттер мен дәстүріміз жоқ болып барады. Біз ұлылығымызды дәріптеуіміз керекпіз.
Сабина 2017-08-07 14:04:13
Во многом он прав, нужно прислушаться к его словам и сделать выводы.
Фазылбек 2017-08-07 13:06:18
"ауыл адамдары біздің бала күніміздей айттамайтын болыпты" .2004-жылы көпқабатты үйлерден (мөлтекаудан) қала шетіне көшіп келдік. Рамазан айында көршілерді шақырып, сенбі күні, ауызашар бердік. Дәл жанымыздағы көршімізде сол күнге шақырыпты. Жаңа көшіп келген үй болған соңба бар көрші біздің үйге келді. Жанымыздағы көршіміз "біз екеумізде мұғалімбіз, әдейі бос күнімізді таңдап едік, сендер неге осы күнге белгіледіңдер" -деп қатты ренжіді. Біз екеумізде оқытушы едік. Сол жылдары көршілер бір-біріне айттап, наурызда бірігіп наурыз көже дайындап, сондай ынтымақты едік. Қазір...сол көршілер бір-біріне айттамайды, тіпті ауызашар жасағанда не келмейді, не шақырмайды. Нағыз капитализмге келдік-ау шамасы... Түркістан.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7520
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 14700