Дүйсенбі, 21 Тамыз 2017
Мәңгілік ел 823 1 пікір 8 Тамыз, 2017 сағат 10:03

Діни бірлестіктер жетекшілері бас қосты

«Алматы облысының дін істері басқармасы», «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың тамыз аяында Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы №24 лицейдің кітапханасында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған  тұжырымдамасын талқылау мақсатында Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының отырысы өтті.

Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен діндерді  ұстанушылар арасында конфессияаралық  және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және  нығайту; өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту, мемлекет басшысының Рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру жолдарымен ой бөлісу және іске асыруға  ат салысу.

Отырыста Қазақстандағы діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас сұрақтары, сондай-ақ дінаралық диалог пен келісімді сақтау және  нығайту  мәселелері талқыланды.

Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Ардагерлер ұйымының төрағасы, басқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер өкілдері, Казақстан халқы Ассамблеясы  өкілі,  Жастар  саясаты  мәселелері  басқармасының  өкілі, өңір дінтанушыларының қатысуымен өтті.

Abai.kz

1 пікір
Адайшал 2017-08-12 21:27:18
КНБшник молдасымақтардан не пәтуа шығар дейсің, былтырғы жердауында көтендері түрілген жоқпа.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 3196
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 8023