Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 4692 3 пікір 9 Тамыз, 2017 сағат 08:14

Біздің ел Ресейді періште санайды

Тұп тура 9 жыл бұрын Оңтүстік Осетияда соғыс бұрқ ете қалған еді. Халықтың басым көпшілігі әлі күнге дейін бұл сойқанды Грузия тарапы жасады, ал Ресей жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеніш бола білген періште деп ойлайды.Олай ойлауының себебі Ресейлік ақпараттың елімізде басым болуынан.

Енді осы оқиғаға қайта оралайық. Расымен кім бастады? Айтпаса да түсінікті жайт. Мәскеу. Егер Грузия бастаса, онда өзіне қолайлы әрі тиімді позицияда әрекет етер еді. Ал аталмыш қақтығыс Грузияның мұндай жағдайға дайын еместігін көрсетіп берді. Ал Ресей әскері 2008 жылдың 5 шілдесінде, соғысқа бір ай қалғанда аталмыш аймақта ең ірі әскери жаттығу өткізеді. Ол "Кавказ-2008" деп аталады. Жаттығуға 8000 адам мен 700 техника қатысады. Жаттығу барысында Грузия шекарасына жақын маңға госпиталь құруды да үйренеді.

Кейіннен байқағанымыздай бұл жаттығу емес, соғысқа дайындық екен. Қысқасы айта берсе екі тараптан да факт табылады. Алайда Оңтүстік Осетияны қосып алып, Грузия жерінің 20% тартып алған Ресей, бұл жорамалды Қырымда көрсетті емес пе?! Осымен тоқтап қалмас. Бұл біз үшін үлкен сигнал болуға тиіс.

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір