Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
4262 1 пікір 9 Тамыз, 2017 сағат 08:23

Қырғыз имамдары ішімдік сатылатын дүкендерді аралап жүр

Қырғызстанның Баткен облысы Кадамжай ауданына қарасты Марказ және Майдан айыл окмоту (ауыл үкіметі) имамдары ішімдік сатылатын дүкендерді аралай бастады. Дін өкілдері спирттік ішімдіктер сатпауға шақырып жүр. Бұл туралы марказ ауылының имамы Ибрахим Айткулов хабарлады.

"Имамдар ауылдағы барлық дүкендерді аралап шықты. Олар сатушыларға дінде тыйым салынған спирттік ішімдіктердің зиянын түсіндіріп, оны сатудан бас тартуға шақырды. Дүкендегілер алкоголь сатпауға уәде берді", - деді ол.

Айткуловтың айтуынша, имамдар мұндай акциясын жалғастыруды көздеп отыр. Түсіндіру жұмыстарынан соң көптеген дүкендер спирттік ішімдікті сатуды доғарды, деді ол.

Бұған дейін Қырғызстанның бірқатар ауылдарын алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған еді.

Abai.kz

1 пікір