Жұма, 29 Наурыз 2024
3781 0 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 08:51

Германия билігі ауған босқындарын жаппай еліне қайтарудан бас тартты

Германия билігі ауған мигранттарын жаппай еліне қайтару шешімінен бас тартты. Сыртқы істер министрлігі және Ішкі істер министрлігі Ауғанстандағы жағдайда қайта қарап, оны "қауіпсіз елдер" тізімінен шығарды.

Осы уақытқа дейін Германия үкіметі Ауғанстанның қауіпсіздік жағдайын қанағаттандырарлық деп бағалап келген. Мұндай "қауіпсіз" елдер қатарына Албания, Македония, Черногория және Сербия кірген. Бұл елдердің босындарын елдеріне қайтарумен айналысқан.

Германия билігі 10 мыңға жуыұ ауған мигрантын еліне қайтаруды жоспарлаған. Өткен жылы қарашада осындай шешім қабылданған. Мамыр айында Кабулда тіркелген жойқын жарылыстан соң Ауғанстандағы қауіпсіздік деңгейі қайтадан бағаланды.

2016 жылы Германия 27 босқынды Ауғанстанға қайтарған, ал 2015 жылы – 9 ауған бұл елден баспана ала алмады. Қазіргі таңда Германияда 250 мыңға жуық ауған бар. Бұл - Ауғанстаннан көшкен азаматтардың шамамен 5 пайызы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590