Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Білгенге маржан 6570 4 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 13:52

Әлемдегі ең алғашқы триллионер кім болуы мүмкін?

Жалпы, ресми түрде ең алғашқы миллиардер болып танылған - Джон Рокфеллер (1916ж). Өзі жоқ болса да Уолл Стриттің құрметті фигуранты, миллиардері. Содан бері бірнеше жыл өтіп, миллиардерлер саны еселеп өсті. Сәйкесінше тұтынушылар да өсті. Статистикаға көз жүгіртсек 2009 жылы әлемде жалпы капиталы - 2,4 трлн долларлық (бар-жоғы) 793 миллиардер тіркелсе. Бүгінде саны 2 100, жалпы капиталы- 5 трлн доллардан асатын миллиардерлер шықты. Бұл тізімде бар-жоғы 5 Қазақстандық бар екен...

Қазіргі жаңа трендтерге қарасаңыз, IT саласы, жасанды интеллек, ғарыш саласы, медициналық тех дәурені жүріп тұр. Әлемдегі ең қымбат ТОП-5 компаниялар тізімін Apple,Google, Microsoft, Amazon, Facebook дейтін компаниялар көш бастап тұр. Бұрынғы ExxonMobil деген сынды жер ресурстарын барлайтын компаниялар тізімде орнын босатуда. Сол сияқты ең ауқатты адамдар сол компаниялардың қожайындары десек те болады.

Ең алғашқы триллионерге келетін болсақ, сарапшылар Билл немесе Цукерберг деп тұр. Басымдылық Биллде. Қазір капиталы - $89,9 млрд құрап отыр. Oxfam-ның зерттеуінше Билл Гейтс дәл осы қарқынымен (жылдық орт өсім-11%) он жылдан кейін- $213 млрд құраса, сосын- $605 млрд, 86 жасында "тұңғыш триллионер" болуы мүмкін дейді. Ұзақ мерзімді инфляция болса, 79 жасында жеке капиталы - $1 трлн болып кетсе таң қалмаңыз. Кім білед, оған дейін Илон Маск марсқа такси болып кетпесе...)

PS: Билл Гейтс ең жомарт млрд-ер. Осы уақытқа дейін - $34 млрд асатын қаржыны қайырымдылық қорына берген.

Қасеке Нұрсұлтан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499