Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4275 2 пікір 11 Тамыз, 2017 сағат 13:51

Полицейлер пышақтасып жатыр

Таразда ІІД-нің ішімдікке сылқия тойған жоғары лауазымды қызметкері әріптестерін пышақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың сөзіне сілтеме жасай отырып. Қазір ол іздеуде жүр. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 10 тамызда сағат түнгі екіде болған.  "Биыл 10 тамызда түнгі уақытта спирттік ішімдік ішу кезінде полицияның бұрынғы қызметкері М.Ж.Жетпісбаев, Жамбыл облыстық ІІД-нің Басқарма басшылары М.И.Үмбетәлиев пен Е.О.Бектұрғанов қақтығысып қалып, кейін ол қақтығыс төбелеске ұласқан. Соның салдарынан Үмбетәлиев М.Жетпісбаевты пышақтаған, Бектұрғановқа пышақпен жарақат салған", - деп хабарлады ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 24-баптары бойынша ("Адам өлтіруге оқталу") соталды тергеу басталғаны белгілі болды.  "Қазіргі уақытта М.И.Үмбетәлиевті ұстауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр. Ал Е.О.Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада. ІІМ өкілі қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ, Жамбыл облыстық ІІД басшылығын жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатқанын айта кетт

Абай-ақпарат

2 пікір