Бейсенбі, 19 Қазан 2017
Дат 2621 20 пікір 11 Тамыз, 2017 сағат 15:29

«Ай-хай, 25» пен «Пай-пай, 25» туралы

 

Әріптесім Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желіде маған қатысты базынасын айтыпты. Бұл базынаның менің нақты қолыма алған жұмысыма тікелей қатысы болғандықтан, Сіздердің назарларыңызға өз жауабымды ұсынғым келеді деп жазды белгілі тележурналист, "Хабар" Агенттігі" АҚ-ның Басқармалар төрағасының орынбасары Ринат Кертаев FB-дағы жеке парақшасында.

Біріншіден, «Хабар» Агенттігінің Көркемдік кеңесіне Бибігүл Дәулетбекқызынан «Ай-хай, 25» деген атпен ешқандай бағдарламаның жобасы ресми ұсынылған жоқ. Бірақ, менімен кездесуінде бірнеше жобасымен қатар «Ай-хай, 25» турасында да ауызша баяндағаны рас. Былтыр, яғни Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ширек ғасыр ішінде еліміздің жеткен жетістіктері көрсетілетін басқа да жобалар Көркемдік кеңеске ұсынылған болатын. Соның бірі – «Fresh TV» компаниясының идеясы. Бағдарламаның авторлары және сценаристері – Әсел Қайролла және Алмас Тоқабаев. Аталған авторлар және өндіруші компания бағдарламаның атауына қатысты мынадай ұсыныстар берген: «Өскен өркен», «Пай-пай, 25», «Ширек ғасыр». Көркемдік кеңестің шешімі бойынша аталған жоба эфирге шығаруға лайық деп танылып, оның «Пай-пай, 25» деген атауына тоқтаған болатын.

Екіншіден, «Пай - пай, 25» жобасы авторлық құқық талаптарына толықтай сай жүзеге асырылған бағдарлама. «Fresh TV» компаниясы бағдарлама жасау және прокат талаптарына сай «Хабар» Агенттігіне бағдарламаның авторлық құқықтарын тапсырды. Авторлық құқық саласындағы заңнама талаптары толықтай сақталған және «Хабар» Агенттігіне тиесілі.

Әрине, «Пай - пай, 25» деген сөздің «Ай - хай 25» деген сөзге ұқсастығы бар болғанмен, құрылымы мүлдем басқа. Біздің арнадан өткен бағдарламада ел өміріндегі елеулі оқиғалардың жай-жапсары жан-жақты баяндалды. Студияға келген танымал тұлғалар (саясаткерлер, спортшылар мен зиялы қауым өкілдері) өз естеліктерімен бөлісіп, еліміздің өткені мен келешегін талқылайды. Осылайша, Бибігүл Дәулетбекқызы ұсынған «Ай - хай 25» жобасымен ешқандай ұқсастығы жоқ және бұны менімен кездесуінде өзі де мойындаған болатын. Қажет болған жағдайда, Агенттік заң жүзінде өз құқығын қорғап шығуға дайын.

Бибігүл Дәулетбекқызының осы жазбаларынан тек бір ұйғарымына толық келісемін. Ешқандай қызмет те, мансап та мәңгілік емес. Мен үшін халықтың мүддесі алғы орында. Сондықтан, бұл мүдде жолында кіммен болсын, кездесуге дайынмын, қандай идея болсын қарастыруға әзірміз. Біздің Агенттікке қарасты эфирден өтетін жобалардың бәрі Көркемдік кеңесте қаралатынын ескерткім келеді. Жобаны қарау я оны эфирге жіберу бойынша шешімді мен жалғыз қабылдамаймын. Тағы да қайталап айтамын, мемлекетшілдік сананы бекітетін, азаматтық қоғамның деңгейін арттыратын, әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін көтеретін кез-келген жобаны қарастыруға әзірміз.

P.S. «Пай-пай, 25» бағдарламасынан бейхабар, оның ерекшелігін білмейтін, таныс емес адамдар көремін десе, төмендегі сілтеме арқылы өтуге болады:

http://khabar.kz/kz/m-ra-at-paj-paj-25

Abai.kz

20 пікір
ҒАЛЫМ ШӘКІРТТЕРІ. 2017-08-15 11:08:29
Мынау - Р* - деген ... қандай ақымақ адам ?! Адамның РУХЫ мен САНАСЫ оянып... ТӘРБИЕСІ мен ТӘЛІМІ түзелмеген Халықты - АУРУДЫҢ неше алуаны басады. Р* - деп ырбыйып қалған НАДАНДАРДЫҢ тартқан ТЕМЕКІ... ішкен АРАҚ... жалаған НАШАСЫНАН - қазіргі балалар... ҰРЫҒЫНАН УЛАНЫП 46-47 % МҮШЕ дерттерімен туып жатыр. ------------- Мынандай СӨЗДІ - " Р* дай НАДАН - 2017-08-15 02:35:45 - " БАЛАНЫҢ МҮШЕ дерті мен ТЕЛЕАРНАНЫҢ қандай қатысы бар ? " - деп сандырақтауынан жаның қасым болады. Мүмкін - АҚ пен ҚАРАНЫ тану үшін осындай ақымақтардың да сөзі керек болар...
р 2017-08-15 02:35:45
БАЛАНЫҢ МҮШЕ дерті мен ТЕЛЕАРНАНЫҢ қандай қатысы бар ?
ҒАЛЫМ ШӘКІРТТЕРІ. (қайталады) 2017-08-12 19:28:28 2017-08-13 19:51:53
проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. • 12. 08. 2017ж. ГЕК мырзаның - айтқандары өте дұрыс - тіпті көпшілігін сыпайылап айтыпты. Жалпы қазақ ТЕЛЕАРНАЛАРЫ - кешегі КЕҢЕС кезеңінің жұлығына да тұрмайды. Бұл қандай ТӘУЕЛСІЗДІК айтыңдар шы ?.. Мүлдем ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯДАН - АДА ... болғанда соншалықты мәдениетсіздікке бой алдырып... не ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ мен ТӘЛІМНІҢ сұлабасы да жоқ !!.. ДИКТОР атаулы да - не дикция... не мағаналы ұғым мен көркем сөйлеуді білмейді. Бүйтіп " рухани жаңғырмақ" түгіл... ұрпақ өте қатты азғындау да !... Бір-бірімен орысша сөйлескен ЖАСТАР, әсіресе қыз атаулы шүлдірлеп... ауыздарында ТЕМЕКІ тістегендер де есеп жоқ !!.. ҮКІМЕТ - заңмен тоқтатпаса - САНАНЫҢ бұзылғаны соншама... ертең бұлардан қандай АНА шықпақ шы ?.. Қазір 1960 жылмен салыстырған да... АУРУДЫҢ САНЫ - 12-- 13 есе өсіп... 1700-ді көрсетсе, БАЛАНЫҢ МҮШЕ дерті 0,2 % - дан - 46-47 % - ға өсіп кетті. Сонда, мұны ҮКІМЕТ басындағылар білмей отыр ма ?.. ДЕРЕУ парасатты шешімдер керек ?!..
ГЕККЕ Көрген 2017-08-13 18:02:17
Гек, өте дұрыс ескерту жасапсың. Телевизиядағы көп бағдарламаға көп ақша бөлінеді, әсіресе танымдық жобаларға. Оны түсіретін журналистер кез келген атақты ғалымды, сол мәселені білетін маманды жобасына түсіріп, сорып алады да, ақысын төлемейді, ол ойына да келмейді. Басымнан талайы өтті. Соңғы кезде ондай өтініштерге менімен шарт жасасып, ақысын төлейтін болыңдар, қазір нарық заманы дегенді айтатын болдым. Кейбірі амалсыздан келіседі, көбісі "ойбай, ақша жоқ деп жалынады, ақталады. Біз сізге реклама жасап жүрміз ғой" дейді. Мен: маған сендердің рекламаларың керек емес - деп жауап қататын болдым..
ГЕК 2017-08-13 17:00:12
"Айтпаса сөздің атасы өледі". ТВ ны осындай деңгейге жеткізудің өзі маскара ұят! Қазақстан телеарналарын әртістер мен тамыр таныстардың мекеніне айналдырып алғаны туралы әңгімелер тегін емес. Министр Абаев мұндай мәселеге жауап беруден ат тонын ала қашады. Қарин үнсіз. Кертаев өзін ақтап әлек. Біз не көріп жүрміз? Үнді мен түріктің киносы, әртістердің мәдениеттен жұрдай жыртың әзілсымақтары, экранда өздерін ұстай білмейтін жастардың түрлі масқара қылықтары, әртістердің арасындағы қатын өсек, 40 жыл бұрын өтіп кеткен дүниелерді жаңалық қып ұсыну ( бес ешкісі бар, екі сиыры бар, көрпе тігеді, ою ояды, картоп салады, шөп шабады, жылқы өсіреді, т.с.с.). Құдай ау ата бабаңнан қалған іс қой оның бәрі, Министрлер мен әкімдердің бір жерге барғаны, көргені... Ол оның күнделікті жұмысы емес пе? Соны да жаңалық қылады.Жүргізушілер шетінен дарақы, ылғыги әрістер, экран мәдениетін білмейді, тойда жасайтын қылықтарын жасайды. Жаңалық жоқ, идеологиядан жұрдай. Телеарналарға бөлінген қайран қыруар қаржы... Бұларда халықтың сұранысын қамтамасыз ету деген ой жоқ. Бұлар эфирдің тесігі мен жыртығын қалай жапсам, анау көп ақшадан қалай жымқырып қалсам деген оймен жұмыс істейтін сияқты. Ресей тв көшірген қабарларынан аяқ алып жүре алмайсың. Қарап отырып күлкің келеді, сосын өшіріп басқа каналдарға ауысып кетесің. Бір сөзбен Телеарналарға толыққанды ревизия керек! Және керексіз хабарлар мен жүргізушілерді эфирден аластаған жөн! Халықпен ойнамаңдар мырзалар. Халық соқыр емес. Кертаев сияқтылар өздеріне өздері "мен осы қандаймын, хабарларымыз қандай" деп, есеп беруі тиіс.Халықтың көгілдір экранын күлтөкпеге айналдырмаңдар!
Қырт екенсіңдер 2017-08-13 16:12:07
Абайлықтар мыналарың ұят бопты. Қаракөзім қарындасымыздың шырылдаған үнін шығармай, кері тартпаның қыртылын жариялапсыңдар. Тапсырыс түскені көзге ұрып тұр.
ТАРИХШЫ. 2017-08-13 11:13:06
Р* - деген АЛБАСТЫ кім ? Айтыңдар шы ?..
ҒАЛЫМ ШӘКІРТТЕРІ. 2017-08-13 10:45:25
Р.. - әкеңнің аузы қара батпақ яауыз... түсінбесең есалаңдығыңды шайнап өтерсің көргенсі күйің мен... садаға кеткір арсыз неме !!!..
р 2017-08-13 03:22:49
Мына Советханы не шайнап отыр. Әмір Темір көреген дей ме....осының сандырағы бұл жерге неме керек еді.
Жасқазаққа 2017-08-13 00:47:43
Атаңның басы! Мықты журналист деп көтімнің күлікісн келтірмеш, көтляк. Бұл ботқабеттің телеарнада мықты бағдарлама жасағанын көрмеппін. Серік Абасовты айтса бір жөн. Кертаевың нағыз суайт, сөзінде тұрмайтын жігіт. Талайларды қан қақсатқан пасық бала.
ҒАЛЫМ ШӘКІРТТЕРІ. 2017-08-12 19:28:28
ГЕК мырзаның - айтқандары өте дұрыс - тіпті көпшілігін сыпайылап айтыпты. Жалпы қазақ ТЕЛЕАРНАЛАРЫ - кешегі КЕҢЕС кезеңінің жұлығына да тұрмайды. Бұл қандай ТӘУЕЛСІЗДІК айтыңдар шы ?.. Мүлдем ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯДАН - АДА ... болғанда соншалықты мәдениетсіздікке бой алдырып... не ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ мен ТӘЛІМНІҢ сұлабасы да жоқ !!.. ДИКТОР атаулы да - не дикция... не мағаналы ұғым мен көркем сөйлеуді білмейді. Бүйтіп " рухани жаңғырмақ" түгіл... ұрпақ өте қатты азғындау да !... Бір-бірімен орысша сөйлескен ЖАСТАР, әсіресе қыз атаулы шүлдірлеп... ауыздарында ТЕМЕКІ тістегендер де есеп жоқ !!.. ҮКІМЕТ - заңмен тоқтатпаса - САНАНЫҢ бұзылғаны соншама... ертең бұлардан қандай АНА шықпақ шы ?.. Қазір 1960 жылмен салыстырған да... АУРУДЫҢ САНЫ - 12-- 13 есе өсіп... 1700-ді көрсетсе, БАЛАНЫҢ МҮШЕ дерті 0,2 % - дан - 46-47 % - ға өсіп кетті. Сонда, мұны ҮКІМЕТ басындағылар білмей отыр ма ?.. ДЕРЕУ парасатты шешімдер керек ?!..
проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 2017-08-12 15:20:16
"Тектілер" - деп КІМДІ айтады ?.. 12. 08. 2017ж. Уәзір АДАЛ болса - ХАН әулие ! Би ӘДІЛ болса - ХАН халықтың атасы! Би АЛАЯҚ болса - ХАН шайтанның шоқпары ! "ТЕКТІЛЕР" - деп, халқы үшін, Елі мен Жері үшін, ӘДІЛДІК үшін құрбандыққа баратын азаматтарды атаған ?!.. ТЕКТІЛЕР - атақ, байлыққа - қызықпаған ! БИЛІК пен БАЙЛЫҚ қолында тұрса да... ӨЗ атына - Қала - Шаһар - Ауылды... немесе, ЖЕР, СУ, аттарын - МЕНІҢ есіміммен болсын !! - деп АЙТПАҒАН !!!.. Мысал ға ; - ШЫҢҒЫСХАН - ӘЗ ЖӘНІБЕК - ӘМІР ТЕМІР КӨРЕГЕН - АЙҚАРАҚ КЕРЕЙ ХАН - ЕР ЖӘНІБЕК ХАН - ҚАСЫМ ХАН - ХАҚ НАЗАР ХАН - ТӘУЕКЕЛ ХАН - ӘЗ ТӘУКЕ ХАН - АБЫЛАЙ ХАН - мұндай ТЕКСІЗДІКТЕН аулақ болды. Әйтпесе, не істеймін десе де - қолдарында болды !!!.. Олар ЕЛ мүддесін - ЖЕКЕ мүддеден ЖОҒАРЫ қоя білген !!.. Тарихымызда - Өз мүддесімен өткен - ХАНДАР да болған... бірақ өмірлерінің соңы ӨКСІКПЕН өткені ЕЛ аузында қалған !!.. БҰЛАР : - ХАН ТҰРСЫН - ЕСІМ ХАН - ӘБІЛҚАЙЫР ХАН - ЖӘҢГІР ХАН - ТЕЗЕК ТӨРЕ...тағы басқалар ?!.. - қайғылы ҚУ тіршілікпен аяқталды.
Күдікшіл 2017-08-12 12:23:08
Дегенмен бір шикілік бар. Ақталмауы керек еді. Өзі басшы болса, көркемдік кеңес қолында ғой.
Esen 2017-08-12 11:43:13
Болды ғой енді. Бәрін нақты айтыпты. Тек амандық болсын!
Азамат87 2017-08-12 11:38:29
Ринат түзіу жігіт ғой. Бибігүлдің былғын білеміз ғой.
Ф 2017-08-11 23:04:26
Ертұғырыл артистерін көруге келгендер бірін-бірі таптай жаздады,-,деп жазады Алаш айнасы,таптай жаздағаннан емес біздің адамдардың орысша сөйлегенінен ұялдым мен(видеода естіледі).түріктерден ұят болды өз тілінде сөйлемегені Жұрттың.біздің жұрт қашан түсінеді шұбарлап араластырып сөйлеуді қазақша сөйлеп тұрмыз деп ұғынуды.?түріктердің алдында өз тілдерінің беделін түсірді.сосын түріктер өз тілінде сөйлейді деп қызығатыны бар.ал өз тіліңді соларша сөйлеуді қашан үйренесің Жұрт?
Ореке 2017-08-11 18:38:21
Бибігүл "Ай-хай,25"-ті ұсынғанға дейін пай-пайлап бұ неме қайда жүрген? Ұрлық болған, ұрлық, ағайын!
Ых ым 2017-08-11 17:17:32
Өйдөйт 25, дейсалмадыңдарма. Іш қандай дау болмас еді.
з 2017-08-11 16:11:46
пай-пай, пысығын-ай !
жасқазақ 2017-08-11 15:37:33
Ринат Кертаев өте мықты кәсіби маман, жақсы адамның артынан сөзде қалмайды, көш көше береді, ит ұре береді.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7676
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 14919