Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
Алаң 1474 3 пікір 11 Тамыз, 2017 сағат 15:57

Жампозовтың баласы іштен тепкені үшін істі бола ма?

 

Ақмола облысы, Целиноград ауданының прокурорына қол жұмсады деп пәлеге қалып жатқан Асылжан Жампозовтың әрекетіне байланысты ІІМ-нің өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеме жасады.

ІІМ-нің өкілі Алмас Сәдубаевтың сөзіне қарағанда Асылжан Жампозов прокурорды іштен тепкен көрінеді. Асылжанның ашу үстінде мемлекеттік қызметкерге күш қолданғанын тап сол кезде өзге де мемлекеттік қызметкерлер көріп қалып, дереу куә болып шыға келгенге ұқсайды. Ал прокурорды «ұрып жібергенін» Асылжанның өзі де айтып жүр. «Мен ол кезде өзімді өзім ұстай алмай афект жағдайында болдым», - дейді Асылжан Өмірбекұлы. Енді қайтсін, өзіне өзі қол жұмсауға жеткізген қиын жағдайдан құтылудың жолы бақи дүниеге аттану деп шешім қабылдаған әкесі арыстай болып сұлап жатса, ұлы қаракетсіз қарап отыра ала ма? Бұндай кезде іштен тебу ғана емес, одан зорғысы да болуы мүмкін. Тіпті, шетін оқиғаға қатысы бардың басы жарылып, көзі шығып, мүрдемге кетуі де ықтимал. Алайда, Асылжан сол мезетте өзін сабырға шақырып, прокурордан кешірім сұрапты. Әйтсе де, жас Жампозовтың прокурорды іштен тебуі  дереу тіркеліп, сол күні, яғни 20 шілде күні Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасына жөнелтіліп үлгеріпті. Естеріңізге сала кетейік, сол күні Өмірбек Жампозов Целиноград ауданындағы прокуратура қызметкері мен полиция қызметкерін атып жаралап, соңынан өзіне қол жұмсаған болатын.

ІІМ-нің өкілі Алмас Сәдубаев Асылжан Жампозовтың ісі «Мемлекеттік қызмет өкіліне  күш қолдану» және «Сотқа дейінгі тергеу ісі мен соттың шешіміне байланысты қорқытып-үркіту, күш қолдану» болып табылады деп отыр. Алайда Асылжанға қарсы қандай да бір іс қозғалмағанға ұқсайды. Расында, әке өліміне жаны күйген жігіт прокурорды іштен тепкені үшін істі бола ма? Болмайтын шығар.

Abai.kz   

3 пікір
Адайшал 2017-08-12 21:40:43
Тептіме, тиіп кеттіма итім білсін, бір анығы енді өз көттерін жабу үшін бұл таптырмас сылтау болғалы тұр. О бала шындыққа жетем деп еді өзі қылмыскер боп шығакелді, әкесі марқұм қолы қалтырап дұрыс аталмаған болып тұрғой, мұндай іске Күлекбаевтай жүректі болуы керек қой. Егер режим ауысып демократиялық қоғам орнар болса осы кісілер нағыз халық қаһарманы боп шығады ақталып.
Бітті 2017-08-12 17:21:58
Все, ауылсәбет Руза айтты бітті.
Руза 2017-08-11 20:09:15
Болса егер, нағыз жауыздық сол болар!

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5723
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11979