Сенбі, 23 Қыркүйек 2017
Деп жатыр 1728 0 пікір 16 Тамыз, 2017 сағат 08:34

Ресей Қазақстанға Сладкое көлін "сыйға тартты" деу дұрыс емес

Ресей Қазақстанға Сладкое көлін "сыйға тартты" деу дұрыс емес деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

«Біріншіден, Ресей Қазақстанға көлді "сыйға тартты" деу дұрыс емес, көлдің бір бөлігі бұрыннан бері Қазақстан аумағында орналасқан. Шекара сызығы 2005 жылдың 18 қаңтарындағы келіссөзге сәйкес белгіленген. Бұл учаске о бастан шекаралық жер. Бұл жерде ешқандай бөліс болған жоқ», – деп мәлімдеді Әнуар Жайнақов.

Новосибирск облысындағы Сладкое көлі Қазақстанға берілді деген ақпарат жергілікті және ресейлік БАҚ-та жарияланған болатын.

Ресейдегі Қазақстан елшілігінің ресми сайтында шекараны бөлуге қатысты түсініктеме берілген. Онда көл екі тарапқа 70:30 болып бөлінген. Басым бөлігі Қазақстанға тиесілі. «Қазіргі кезде аталған учаскеге ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Шекара белгілері делимитациялау жөніндегі келіссөзге толықтай сәйкес келеді», – делінген Қазақстан елшілігі берген түсініктемеде.

Сладкое көлі Новосибирск облысы Купинск ауданы Покровка ауылынан бес шақырым қашықтықта орналасқан. Көлдің жалпы аумағы 45 гектар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5879
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12385