Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 5760 0 пікір 21 Тамыз, 2017 сағат 07:38

Ұрпақтар сабақтастығы және «Рухани жаңғыру»

Талдықорған қаласында «Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының негізгі ережелері арнайы ұйымдастырылған ашық диалог алаңында түсіндірілді.

Шараға 15 жылдық тарихы бар Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының негізі құрылғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін басқарған жеті басшы, 16 аудан және 3 қала газеттерінің редакторлары және журналистер қатысты.

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының негізі 2002 жылы  құрылғаны тарихтан белгілі. Сол кезеңнен бастап  әр жылдары ішкі саясат басқармасында  еңбек еткен басшылар «Рухани жаңғыру» тақырыбында өздерінің ойларын өңірдің әр ауданы мен қаласынан келген бөлім басшылары және газеттердің бас редакторларымен бөлісті. Бұл Елбасы мақаласында көрсетілген қоғамның рухани жаңғыруындағы ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі.

«Елбасы мақаласы бойынша біздің өңірде де атқарылып жатқан жұмыс шаш етектен. Ел мақтанышына айналған әйгілі тұлғалармен кездесу, тарих пен тіл тағдырын көтерген жиындар, әсіресе, латын қарпіне көшу міндетін талқылаған басқосулар «Рухани жаңғыру» бастамасы аясында өтуде», - деді ерекше дөңгелек үстелді ұйымдастырған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.

«Ең алғаш өңірлерде ішкі саясат департаменті құрылғанда Алматы облысының басында тұрып, идеология саласын дәл осы Жетісуда құрғанымды мақтан етемін. Талдықорған әрқашан менің жүрегімде», -деді облыстық ішкі саясат басқармасының негізін қалаған Гүлсаруар Жакубаева.

«Алматы облысында Ішкі саясат басқармасының даму қарқынына қарап отырсам, мерзім бойынша 7 жыл қызмет етіп, ең көп басқарған мен екенмін. Бұл факт мен үшін абырой. Біз басқарған уақыт ең бір күрделі, тарихи кезең болғанымен өзіндік қызықтары да болды. Ең алғаш облыста жастар мәселесін біз қолға алған едік. Биылғы Ұлт Көшбасшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жастарға арналғаны анық. Өйткені, болашақ - жастардың қолында. Қоғамдық сананы жаңғырудың басты басымдығы ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Бұл ретте өзіміздің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз. Отаныңды сүймей салт-дәстүріңді сақтай алмайтындығыңды да жете түсінген жөн», - деп 2008 - 2014 жылдардағы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы - Сүлейменова Гүлжиян атап өтті.

Ал, 2015-2016 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болған, бүгінгі күні облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев: «Білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді. Көшбасшымыздың өскелең ұрпақты білімге құштар болуға үндеуінің сыры осында. Білім алуды культке айналдыру, басымдыққа айналдыру біздің қоғам үшін өте қажет. Сауатты ел ғана дамыған 30 елдің қатарында болмақ. Сондықтан рухани бай адам – кез келген ақпаратты тез қабылдап, заман талабына сай жылдам меңгеріп, көш ілгері жүріп отырмақ», - деді.

Ашық диалог алаңында Елбасының мақаласы қазақ халқын жарқын келешекке бастайтын білім, ғылым, руханият, туған жер, тіл мәселесіне қатысты айтылған нақтылы міндеттер елдің ұлттық кодын айқындап, ұлттық болмысын сақтап қалуға жол ашатыны жөнінде сөз қозғалды. Қатысушылар тарапынан «Рухани жаңғыру» қазіргі Қазақстанға қажет екені айтылып талқыланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2252
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505