Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
3399 0 пікір 21 Тамыз, 2017 сағат 09:28

Сургуттегі шабуыл бақылау камерасына түсіп қалған

СТОК Виды Сургута Вид на улицу Ленина и торгово-деловой центр "City-Centre".

"К-Информ" ақпарат агенттігі 19 тамызда Ресейдің Сургут қаласында полицияның күдіктіні ұстау операциясының видеосын жариялады.

Бақылау видеосында күдікті қылмыскердің соңынан қуған полицей қаруын алып, 2–3 метр қашықтықтан оқ атады. Осыдан кейін күдікті жерге құлайды. Полиция қызметкері оқты ауаға атты ма, ол жағы белгісіз.

Сургутте болған шабуылдан жеті адам жараланды. Олар ауруханаға жеткізілген. Біреуі өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, шабуылды 19 жастағы Сургут тұрғыны ұйымдастырған. Ол полицейлер тарапынан ұстау операциясы кезінде қаза тапқан.

Сургутте болған шабуылды "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы жауапкершілігіне алғанымен, ресейлік құқық қорғау органдары оқиғаны әзірге теракті деп атаған жоқ.

Abai.kz

0 пікір