Жексенбі, 19 Қараша 2017
46 - сөз 2056 3 пікір 23 Тамыз, 2017 сағат 07:53

Ресей "Қырғи-қабақ соғыс-2" сериясын бастап кеткендей...

Сырттай бақыласаң, Ресейдің бүгінгі әрекеті "Қырғи-қабақ соғыс-2" сериясын бастап кеткендей.

Бұрын АҚШ екеуі Африка, Азия елдерін социалистік, не капиталисттік деп бөлсе, қазір бөліс Украинада жүріп жатыр.

Ресей АҚШ-тың дипломаттар санын қысқартты (қолынан бар келгені сол), ал АҚШ ресейліктерге виза беруді қиындатты. АҚШ-та 3 млн-дай орыс тұрып жатқанын ескерсе, онда Кремль өз халқын өзі қинап жатқанын түсіну қиын емес. Енді Ресей паспортынан бас тартатындар көбейсе, таң қалмау керек.

Ал санкциядан туған кедейлік, жұмыссыздық, инвестицияның келмеуі - тек халыққа соққы. Сол санкция басталғалы Ресей 55 млрд. доллар жоғалтты. Эксперттер 170 млрд дейді.

Бұл сол баяғы патшалықтан келе жатқан империалистік амбицияның құны. Көршілерді жаулау, жайпау.

Ал Батыс Донбастағы соғысты тоқтатпай, санкция алынбайды деп отыр.

Бір қызығы - халқының басым бөлігі осыған риза. Батысты жамандау, өзін ерекше ел деп сезіну. Бірақ Еуропаға саяхатқа шыққанда, орыстар ең жиі кездескен турист ретінде көрінді. Тіпті, солтүстіктегі Ослода да қаптап жүр. Интернетте "загнивающий Запад, гейропа" деп мәз, ал артық ақша табылса, сол Еуропаға қыдырып, ақшасын сонда тастап кетуге даяр.

Бірақ осындай мүшкіл жағдайына қарамай, біздің латын әліппесіне көшуімізге қарсы (эксперттері "казахи уходят из русского мира" деп аузы көпіргені әлі есте), "ортақ валюта енгізейік" дейді... Өздері айтпақшы, "тәпішкемді күлдірме"...

P.S. Кезінде қуатты корольдік болған Швеция қазіргі жоғары дамыған елге айналу себебін ең алдымен өзінің империяық амбициядан бас тартуымен түсіндіреді...

Нұрмұхаммед Байғараев

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір
Касым 2017-08-28 08:47:10
Сонда сиздин оиынызшы Сирияда халыкты бостырып жиберген батыс саясаты дурыс па.Ресеи Украинага карсы арекетти батыстан коргану ушин жасап отыр
Серік 2017-08-23 17:25:28
Ей, Нұрмұхаммед батыр, "АЛАҢ" қайда, "АЛАҢ"?
пайыз деп айта беремін. 2017-08-23 14:04:38
осы журналист өте білімді!Алаң -ды жүргізгеннен білеміз.неге шықпай кеттің?

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10036
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18139