Сәрсенбі, 22 Қараша 2017
Жаңалықтар 754 0 пікір 28 Тамыз, 2017 сағат 11:07

Этномәдени бірлестіктердің экцпедициясы Әулие ата жерінде жалғасты

Жақында Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Әулие ата жерінде «Өз өлкеңді таны!» атты облыстық тарихи-мәдени экспедициясы жұмысын бастады деп, хабарлайды «Abai.kz» ақпараттық порталы.

Қазақстан халқы ассамблеясы бастамашы болған бұл шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктер, тарихи-өлкетану мұражайлары, аудандық жастар ұйымдары, барлық деңгейдегі өңірлік кітапханалар, ҚХА ғылыми-сараптамалық топ мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Айта кетейік, экцпедицияны ұйымдастырудағы мақсат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында аталған қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын іске асыру және Мемлекет басшысының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін дәріптеу.

Шараның алғашқы бөлігінде сөз сөйлеген Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Камал Нарбатыров экспедицияны ашып, қатысушыларға ақ жол тіледі.

«Бұл экспедиция барысында бүкіл облысты қамтып, тарихи құндылығы бар деректерді жинау үлкен бір мақсатқа айналып отыр. Біздің жастардың санасына ерекше ой, бойларына патриоттық сезім ұялататындай саяхат боларына сенемін. Ақ жол!»,- деді Камал Нарбатыров мырза.

Экспедицияның керуені алғаш болып Тараз қаласындағы Қарахан баба кесенесі мен Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі кесенесіне ат басын тіреді. Одан  кейін Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы мұражайына аттанды. Бұдан кейін саяхатшылар Талас ауданында орналасқан Тамды қалашығы мен Сарысу ауданындағы Ықылас Дүкенұлы мұражайын тамашалады.

Дәл осы уақытта екінші бағытпен шыққан саяхатшылар Байзақ ауданындағы Ақыртас қалашығына, Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан төбе қалашығына және Меркі ауданындағы Сыпатай батыр мавзолейіне экспедиция жасады. Ал үшінші бағыттағы қатысушылар Шу ауданындағы Жайсаң қорымы мен Қордай ауданындағы Өтеген батыр кесенесіне барды.

Экспедиция құрамын Жамбыл облысы әкімі аппаратына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің жауапты мамандары мен Қазақстан халқы ассамблеясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев бастап жүрсе, аймақтардағы мәдени ескерткіштер мен тарихи орындарды таныстыру жұмыстарын  өңірімізге танымал археолог Сауран Қалиев жүргізді.

Әулиеата өңіріндегі «Өз өлкеңді таны!» тарихи-мәдени экспедициясы республикалық маңызы бар «Берікқара» шатқалында қорытындыланып, «ҚХА жастары - 2017» форумымен жалғасты.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10333
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18546