Сенбі, 23 Қыркүйек 2017
Осы ғой енді... 659 2 пікір 5 Қыркүйек, 2017 сағат 10:43

Құлсары қаласы қоқыс полигоны ма?

Құлсарының Маңғыстауға кетер жолындағы шамамен 7-8 шақырым жерде орналасқан "шлам игергіш" мекемеге шлам-қалдықтары Ақтөбе мен Орал қалаларынан да әкелініп тасымалдануда. Орал тасымалының бір рейсі 1 млн 300 000 тг.

Ұлттық рухы жоқ, мойнында қырғын несиесі бар амалсыз жүргізушілерге "ел тағдыры, ұрпақ мәселесі" деген түсініктер миына кіріп те шықпайды. Сонда Жылой ауданы болашағынан үміт күттіретін жас қала ма, әлде "бірің өліп бірің қал" кірпішінен қаланған қоқыс полигоны ма? Мына келеңсіздіктерді кім тоқтатады? Әкімдер бұдан хабардар ма?

Бұл жерге қалдық төктіруге кім-кімнің де рұқсат беруіне хақысы жоқ еді. Бірақ, көз қысты, бармақ басты әмпәй-жәмпәйлар шамадан тыс шекарадан шығып болды. Бұл мәселеге де халық түйілген қабақпен қарауда.

Облыс, аудан басшылары, бұл мекемені тез жабуға шешім шығарыңдар! Ел жаппай наразы болған жерде берекет болмайды! Ұрпақ сонда өспей жатып өшу керек пе? Өнбей жатып өлу керек пе? Бізде қандай болашақ бар? Ел-халықтың шамадан көп пайызы ауру. Жан сақтау бөлімінде орын жоқ. Комаға түскендерге 1-2 аппарат ауыспай безек қағуда. Өлімші болып жатқан адамдар күні-түні ІІ Бөлімі алдынан салынып жатқан "камера" құрылыс ғимаратының смола түтінімен тыныстауда! Ал біздің ауданның экологы қара уылдырықтанда қымбаттап кеткеніне қай заман!

Тұрар Шапқара

Abai.kz

 

2 пікір
Ь 2017-09-08 20:09:25
Алло, Р. құлсарының боқтарын жатқа танитын бедің?
р 2017-09-06 06:27:17
бұл құлсарының фотосы емес.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5879
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12385