Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
Деп жатыр 5232 17 пікір 6 Қыркүйек, 2017 сағат 08:46

Қара Тоқа Күлекбаевтың ісін қайталауы керек пе?

Атырау облысы, Жылой ауданы 7 - ауылда тұратын бауырымыз 24 жастағы Амандәулетов Тоқтар, жанама аты "Қара Тоқа" (по кличке "Черный Тока") қазақтың жай, қара домалақ салмақты, биязы баласы. Асыра мақтағандық емес, туа біткен шымыр, мықты спорт шебері, біртуар азамат десек те болады. Бұл бауырымыздың спорт саласына да қосқан үлесі өте зор. Мұндай біртуар жігіттердің көзін ашып, ынталандырып, қол жетпес биік белестерге қанат жайып ұмтылуына жағдай жасаудың, себеп болудың орнына біздің ІІ Бөлімі қызметкерлері оны сындырып, одан ұлтарақ жасамақ.

Қазір мүгедек болса да мүгедектер аралық жарыстарда бірінші орын алып ауданның абырой-даңқын, атағын көтеріп отырғанын неге айтпасқа? Осы уақытқа дейін ішіне сырын бүккен бауырымыз күні кеше келіп (жастар жиылатын ордаға) ішіндегі бар сырын ортаға  ақтарып салды. "Бір күнәнің иесі болсам бір сәрі, негізсіз артқа түскеннен асқан азап жоқ екен. Не істеу қалды, не істейін, мен сынатын шыны хрусталь емеспін, алдым құз да артым жар, Күлекбаев құсап түгел қыру керек пе бұларды?" деді.

Бұл - лажы қалмаған ашулы жігіттің соңғы ұйғарымы екен. Осы мәселеде қандайда бір жаманат орын алса, бұған кінәлі, мұндайға жол ашқан, себепкер құзырлы орын қызметкерлері болып қалмақ. Біз сабырлы болуға шақырдық оны.

"Қара Тоқаның" артына 2015 жылдан бастап ІІ Бөлімі қызметкерлері шырақ алып түсіпті. Даудың басы Дайрабайдың ала сиыры дегендей, жалған нәрсені сылтау қылып, шыбыннан піл жасау ІІ Бөліміне мызғымас қағида болып бекіген бе? 2015 жылы, яғни Аудандық ішкі істер басқарамасы ІІ Бөлім қызметкерлері жала жапқан кезде Тоқтар балдақпен жүрген мүгедек еді. Сондай жүгіре алмайтын мүгедекке «сотка ұрлап қаштың» деп жала жабуы, жалған куәгерлер жалдауы, Тоқтардың атынан түсініктеме, арыз, қолхаттар жазып, оның қолын қоюы барып тұрған қылмыс емес пе, осының бәрі ақылға сия ма?

Екі жылдық драманы бұл жерге сыйғызу мүмкін емес, дегенмен де нақтыланып жазылып жатыр. Қорқытып мойындату, қарумен қорқыту, қалтаға наркотик-есірткі салу операциясының барын жасап көрген, "өлмейтін құлға өлі балық кезігеді" дегендей, әзірше ондайлардан бауырымыз дін аман. Бірақ, қуғыншыға жарға тірелген хайуанның азуын ақсыйтуы табиғи заңдылық. Демек, қарсы тараптан ызғар, қауіп бар. Хикая алдағы уақытта толық жарияланады. Сондықтан да, Тоқаның артына түскен "бандыны қуған Хамиттерге" айтарымыз, іс насырға шаппай тұрғанда бейбіт жағдайда істі тоқтатуларыңды Жылой жастары атынан сұраймыз!

Жылыой намысты жастары!

Abai.kz

17 пікір
Махамбет 2017-09-09 12:57:44
Мен жалпы менттерди колдамаймын,бipак жылойда уахабистердин коптiгi шындык егер жанагы Сайран дегеннин айтканы шындык болсашы,онда шынымен жагдай киын
Tvf 2017-09-08 20:14:01
Цифровой пікіршілер не деп кеттіңдер, пікірлеріңді анық қылып жеткізіңдерсиш. ато біреуің былай, біреуің былай дебатсыңдар.Бұжерге Тұрар Шапқаридың қандай қатысы бар?? Манитордың артында отырып алып герой болмаңдар.
5 2017-09-08 13:36:45
мына жерге менттардың телеқранитілдері кіріп кетіпті ғо.мүйздерің сынғырлар, елді тонап болдыңдар ғо.Осы менттардың қырсығынан ел оңбай тур Өздеринди сындыру керек бірбірлеп
3 2017-09-08 12:34:12
дұрыс ! құлсарылықтар ешкімге өздігінен ұрынбайды. арандатпасын. енді авторды - тұрар шапқараны табуымыз керек. кім жел бергенін айтсын бізге. осы "абай" кз.дың өз ішінде де өте нашар адамдар бар.
Сайран 2017-09-08 09:35:28
Жылой жастары !!! Ауданның ішкі істер қызметкерлері ерігіп жүрген жоқ. Бұл жігітке бекерден-бекер тиісті деген Б О С сөз (ля-ля-ля тра-ля-ля). Жазғыш болсаңдар шындықты жазыңдар. Тоқаларың нағыз зымиян (еврейлердің шпионы) сарыауыз балапан жас (көбіне тупой) қазақ балдарды ваххабизмге үгіттеп жүргенін неге жазбайсыңдар, нағыз жазғыш болсаңдар. Полиция қызметкерлеінікі дұрыс. Бұндай әңгүдік арапқұлдарды бір-бірлеп сындыру керек. Әйтпесе елдің ішінде ірткі салып бітті!!!!!!
3 2017-09-08 04:30:35
мұның арт жағы атат ! пих-пих деп.
1 2017-09-08 04:27:18
3 дұрыс айтады. өзің-ақ аузыңмен күлекбаев бола қойшы. мықтысың ғой !
3 2017-09-07 14:31:06
автор бұқпай ел алдына шықсын !
Болат 2017-09-07 10:31:06
Мақсұт деген пікірші полиция жайлы өз ойын өте әдемі, шебер жеткізген. Таза шындық. Атын жасырған, 3 деген санмен шыққан пікірші өзінше "жастарды арандатпаңдар" деп қоғам тыныштығын ойлағандай сыңай таныта қойыпты. Жастарды мал қылып отырған кімдер екен? Сонда жастарға құлағы салбырап болдырған есек құсап жүре бер дей ме? Ондай пікірді дәл сондай есектер ғана қалдырады. Жұрттың бәрі есек емес екенін біліп алсын. Және бұл мақаланы кім жазса ол жазсын, бұл шындық!
14 2017-09-07 09:35:54
"Шаш ал десе бас алатын" надандар қанды ішіп болды.
3 2017-09-07 01:37:34
мақаланы жазған автор кім, тағы Шапқара ма. жастарды арандатпаңдар !
Мақсұт 2017-09-06 21:39:40
Ешқашан ішкі тәртіп қызметіндегілер мемілекеттің заңдық нормаларын күзетіп елде тыныштық болуына кепілдік ете алмайды. бұл -анық аксиома! Олар көбейген сайын Халықтың арасында қылмыс ушығып, наразылық күшейе береді. Неге дейсіздер ғой. "Полиция", болсын, "милиция" болсын, мейлі тіпті басқа атауды алсын, олар -негізінен Биліктің жасауылдары, айтақтары. Өз халқынан қауіптенетін арты қуыс билеушілер амалсыз солардың санын көбейтіп, өз халқына қарсы қатігез армия құруға мәжбүр болады. Оларды жөнсіз марапаттап, асыра жемдеп, арсыздыққа, екіжүзділікке, дүние үшін ештеңеден тайынбайтын дүлейлікке баулып бағыттайды. Біздің елде дәл осындай жағдай орын алып отыр, біздің ел ашық полицайлық мемілекет.Өткен жылы министр Қасымов тағы да қосымша адам күшін сұрады. Онсызда қоғамдық тәртіпті "қорғаушылардың" саны тиісті мүмкіндіктен 10-20 есе асып кетсе де тап бір өз халқымен үлкен соғысқа дайындалып жатқан сияқты. Егер қойшы өз отарын қасқырдан қорғағысы келсе -әр он қойға бір бөрібасар асырамайды ғой?! Ал асырай қалса -ашыққан иттер сол отарға қасқырдан бетер қауіп төндірер еді. Бізде қылмыстың деңгейі төмендемей тұрғанына бірден бір себеп сол -полицайлардың шектен тыс көптігі...Әйтпесе қазақ негізінен тәртіпті, көнбіс халық, қылмысқа бейімі жоқ. қылмыс болмаса -полицайлардың қарындары тоймайды. Міне, сосын барып олар осындай топтарды өздері астыртын ұйымдастырады, кінәсіздерді торға түсіреді, халықты солай өз асыраушыларына қарсы қояды. Бұл әрекеттерінің елге, қоғамға, мемілекетке қауіптілігі мен қасіреті оларға түсініксіз-қандай қарғыбауға байланып, қай қораға қамалса да бәрі бір- қалталары толық, қарындары тоқ болса -болғаны.Қай заманда да жалдамалылардың жағдайлары осындай болған, өздері де осылай құрбандыққа шалынып қырылып кете берген. Өйткені -Халықтың қаһарынан асқан құдіретті ештеңе жоқ!
қазақ 2017-09-06 17:40:43
пол-ИТ-ция қалай дәлме дәл айтылған.Бұлардың иттіктері жетіп артылады.Халықтың наразылығвн алдымен осылар тудырады.
нұртай 2017-09-06 17:08:54
Жалпы, жылына бір-екі полицайды құрбан етудіңде айыбы жоқ сияқты. Бұлар мемлекеттік қылмыскерлер ғой.
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-09-06 15:08:04
Арабская весна осындайдан басталган. Еске тусiрейiк тачка суйреп келе жаткан адамды пол-ИТ-ция токтатып ол кiсi самосожжения жасап онын туган туыстары жиналып СОЦСЕТЬ аркылы мукым жастарды жинаган. Казахстан дал сол жол мен келе жатыр ПО НОТАМ.
Болат 2017-09-06 14:57:34
Біздің елде жақсының жақсылығын айтпайды, керісінше көзін құртуға жұмыстанады. Жылыой жастары аудандық ІІ Бөлімі алдына үлкен жиын өткізбекші. Ақ қара ажыратылып сол жерден шешілмек, болмаса......
Ажыхан. 2017-09-06 10:21:29
Қолдаймын!

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5712
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11940