Сенбі, 23 Қыркүйек 2017
Жаңалықтар 549 3 пікір 6 Қыркүйек, 2017 сағат 12:35

Н.Нығматулин: Мәжіліс Елбасы белгілеген бағытын заңнамалық қолдау бойынша жұмысты жалғастырады

Мәжілістің пленарлық отырысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин үшінші сессияның ашылуында Президенттің депутаттық корпусқа қойған міндеттеріне баса назар аударды.

Барлық айтылған міндеттерді орындау үшін,  сондай-ақ, Мемлекет басшысының стратегиялық курсын заңнамалық қолдауды қамтамасыз етуде бізге Үкіметтен ұсынылған, сондай-ақ, өзіміздің әріптес-депутаттардың бастамасымен әзірленетін заң жобаларымен жұмысты жүйелі және сапалы түрде жалғастыруымыз қажет, - деді Н. Нығматулин.

Осыған орай, Палата Төрағасы Мәжіліске енгізілген «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Кедендік реттеу туралы Кодексінің жобаларына тоқталды.

Кодекс жобасымен жұмыс істегенде біз Елбасының басымдығын басшылыққа алуымыз керек. Ол кедендік рәсімдерді қысқарту, «бір терезе» әдісін қолдану, электрондық декларация жүйесін дамыту негізінде сұралатын құжаттардың санын қысқарту туралы.

Мәжіліс Спикерінің айтуынша, жақын арада жоспарлы түрде Үкіметтен түсетін Салық туралы басқа да міндетті төлемдер бойынша Кодеск жобасымен жұмыста осындай әдісті басшылыққа алу қажет.

Сонымен қоса, Мәжіліс Төрағасы заң жобаларымен жұмыста әдеттегідей ашық талқылау алаңында өтетініне сенім білдірді.

-Біздің алдымызда көлемді заң шығармашылық жұмыстар тұр. Өткен сессияда еңбек еткен дәстүрімізге сәйкес аталған жұмыстар заң жобаларын мемлекеттік органдар, сарапшылық қауымдастық, азаматтық қоғам институттарының өкілдерін кеңінен тарта отырып, ашық пікір-талас алаңында және осының барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жариялаумен өтетін болады. Қабылданған заңдар барынша бәсекеге қабілетті, прагматикалық және ең жоғарғы стандарттарға жауап бере алатын, яғни еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізден талап ететін нақ осындай тәсілдерді біз осы сессиядағы жұмысымызда басшылыққа алатын боламыз – деді Н. Нығматулин.

Abai.kz

3 пікір
Төре 2017-09-07 18:43:33
Мен! Мен! Мен! Ауруымен ауырған патшалар соңында "жоқ", "жоқ", "жоқ" болып шығады. Өзіне-өзі ғашық патшалар, басқаның пікірін қабылдаудан, түсінуден қалады. Осы мінезін айналасындағы зәлімдер өз пайдасына оңымен пайдаланып, патшаларды мақтап-мадақтап, сіздің даналығыңыздың шегі жоқ деп сендіріп түбіне жетеді. Соңы патша үшін сорға айналады! Күтелік, тірі болсақ оныда жақын арада көріп қалармыз!?
Әділ Сайлаубек 2017-09-07 12:00:59
Халық сайламаған соң бізге парламентте керек емес. Ақорда да алдын ала дайындалып қойған тізім бойынша тағайындалған Мәжіліс дептутаттарынан тәуелсіздік пен инициатива күту бос үміт. Тек жаңа ұрпақ келіп демократия орнамаса, бүгінгілерден еш қайыр жоқ. Жеді, тойды, кейбірі тойғандай болды. Немерелер шетелде, балаларға запасной аэродром дайын. Енді оларға не керек?
Мустафа, но не Шокай 2017-09-07 07:34:10
Өркениетті әрі дамыған елдерде заң шығарушы орган өзге билік тармақтарынан тәуелсіз болып келеді. Үш билік тармағының тәуелсіздігі ғана адам құқығы сақталуының кепілі! Сондықтан де- факто бізге Мәжіліс керек емес. Құдайға шүкір нотариалдық конторалар елде жетеді. Атқарушы биліктің шешімін солар растаса болғаны. Бюджеттен ақша шығарып депутаттарды ұстаудың қажеті шамалы. Для форма үшін жасағанша екі билік тармағы Қазақстанға әбден жетіп тұр.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5879
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12385