Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
319 3 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 08:32

Ресейде сайлауға дауыс берушілер саны өте аз болған

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы 10 қыркүйекте өткен 82 аймақтың жергілікті орган мүшелерін сайлауға қатысушылардың өте аз болғанын мәлімдеді. Дауыс берушілердің тек 29 пайызы қатысқан.

Ресейдің ішкі істер министрлігі болса, сайлау тыныш өтті деп мәлімдеді. Бақылаушылар сайлау учаскелерінде бюллетендерді уыстап жәшікке салған, сайлаушыларды ақшамен және ішімдікпен сатып алған жағдайлардың кездескенін хабарлады.

ОСК болса, сайлау қорытындысына әсер ететіндей заң бұзушылықтар орын алған жоқ деді.

Әдеттегідей сайлауға қатысушылардың жоғарғы көрсеткіші абақтылар мен психиатриалық ауруханаларда тіркелген. Бұл жөнінде "Открытая Россия" хабарлайды.

Премьер-министр Дмитрий Медведев сайлау "жоғарғы деңгейде" өтті, барлық аймақтарда сайлаушылар белсенділік танытты деп мәлімдеді.

Abai.kz

3 пікір
Есболат 2017-09-13 10:19:52
Ну сайран ты даещь!!!!
Сайран 2017-09-13 10:18:27
жолан - деген адамға "Қос гномның кеткені керек, бізге" деген не сөз????!!!!! Ол гномдар кімдер??? В.В.Путин мен Д.А.Медведевтер ма?? Олардың сізге қандай қатысы бар??? Олар кетсе, олардан да асып түскендер келеді!!!! Содан кейін, жолан - сіз неге көптік мағанада "бізге" деп жазып отырсыз?! Барлық Қазақстандықтар мен Қазақтар үшін сөйлеуге болмайтынын білесіз бе?! Басқа елдің басшыларын мазақтап жазу, жек көру, біріншіден топастық, екіншіден: тағыда топастық, ал үшіншіден тағыда топастық. Усек братишка?! Пікіріңді аргументированно жазып үйрен. Мені, Россияның саясаты мен президенті, үкімет басшылары қызықтырмайды!!! Мені қызықтыратын надан қазақтар мен топас фанаттар!!!!
жолан 2017-09-12 00:07:55
Қос гномның кеткені керек, бізге.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5712
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11941