Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
Біртуар 1656 6 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 08:41

Er Qazaq!

Бұл жырымды QAZAQ Қанат Ислам бастаған

қазақтың жеңімпаз  жеті ұлына арнаймын. 

Ұлтымен бір мәңгі тілегі,

(Ойы да, бойы да ірі еді)...

Ал Қанат - Ұлтының ұлы еді.

«QAZAQ» деп соғатын жүрегі.

 

...Ғажайып алтын күз кешінде,

Тәтті ойға батқандай Есіл де...

QAZAQ - шын ерлігін көрсетті,

Киелі Сары Арқа төсінде!

 

Намысын Қазақтың бермеді,

Намысшыл Ер QAZAQ өрледі.

Жеңіліс білмейтін Қанатым,

Бұл жолы тағы да ерледі!

 

...Жүрегім кеудеме сыймады,

Ерледі Қазағым, сынбады!

Сондай-ақ, Қазақтың жеті ұлы

Қанаттай тек Жеңіс сыйлады...

 

Жеңетін қандай да қайғыны,

Ұл-қызы – Ұлтымның байлығы,

Бұл жолы барша әлем алдында

Көрінді Ер Қазақ айбыны!

 

Тек қана Жақсылық тілегі,

Қазақтың намысшыл ұлы еді,

Ал шынын айтқанда ұлтым-ау,

Бұл нағыз Қазақтың күні еді!..

 

Бір сәтте жақындап алысым,

Ерледі Ер QAZAQ арысым!

Жасай бер, ҚАЗАҒЫМ, жасай бер,

Аялап Ұлтымның намысын!..

 

Жұмаш Кенебай (Көкбөрі),

10.09.2017 жыл, жексенбі

Abai.kz

6 пікір
Шам 2017-09-14 07:57:18
Қанатың талмасын! Жастар көрсету керек əлемге қазақтың қандай болатынын.
Гүлжан Мұқатайқызы Тәнеке батыр шөбересі 2017-09-11 20:51:51
Ұл-қыздарымызды тіл- көзден сақтасын!
Асеке 2017-09-11 19:00:31
ТтТ Qazaqstan дұрыс әрине, KAZAKHSTAN орысша Казахстан дегенді білдіреді. Ұлттық банкті Акишев деген қазақша бір ауыз сөз білмейтін мәңгүрт басқарса қайтесің енді. Ұлттық бірінші арнаны қазақылығы басымдау Қарин мырза басқарса оны дұрыс емес деуге ауыз бармайды, қайта ол азаматты қолдау керек. Ал Қанат бауырымның жекпе-жегін тақым қысып отырып көрдім, өте керемет жекпе-жек өткізді бауырым, тіпті арқам қозып, айызым қанды. Батыр бауырым әлемдік деңгейдегі Кукты айқын басымдықпен жеңді. Ол біраз нәрсені аңғартса керек. Аман бол әрқашан жүрегі қазақ деп соққан бауырым.
ҒАЛЫМ ШӘКІРТТЕРІ. 2017-09-11 17:21:00
проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 2017-09-11 12:13:01 ЖАРАЙСЫҢ БОТАМ... - АҚ ЖҮРЕКТІ АЗАМАТЫМ... ӘРҚАШАН АТА-БАБАҢНЫҢ АРУАҒЫ ҚОЛДАП ЖҮРСІН...
тТт 2017-09-11 14:35:06
Жақында ұлтық банк юбилей монета 100 теңгелікті шығарды. Онда темірге басылып, KAZAKHSTAN деп жазылған.Алқа сияқты мойынға іліп жүруге де болады екен.Ұлттық бірінші канал Qazaqstan деп өзгертіп алды.Журналистер Qazaq деп пергілеп жүр .Қайсысы дұрыс.
Айназия 2017-09-11 13:33:10
Жеңіс құтты болсын!!!

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5712
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11941