Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
46 - сөз 492 2 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 09:46

Жеңістің - жеті атасы бар, жеңіліс - қашан да жетім

Арман Оспанов жеңіліп қалды. Шыны керек, күтпедік. Бірақ мұнда кездейсоқтық көп орын алады. Арман қателікке жол берді. Бұл жеңілістен сабақ алса, мансабы үшін оң əсер етуі керек.

Өз басым спорттағы Оспанов сынды жігіттерді құрметтеймін. Олар жеңілуден қорықпайды. Нағыз жекпе-жек көрсетеді. Көзбояушылыққа жол бермейді. Ал Қанат Ислам командасы мен Əлемфайтерс жігіттері үшін əлсізден айласын асырып, жеңіліссіз сериясын жалғастырса болғаны. Алматыда жасаған шоуынан кейін көңілім қалған. Олар жанкүйер қалауын бере алмайды. Иə, олар патриот азаматтар, ізгі қасиеттерін үлгі етуге болады. Бірақ спорттағы саясаттарын емес. Əлімханұлы, Мырсатаев, Ахметов сынды жігіттер биікке шыққысы келсе, басқа командаға баруы керек. Жеңілістен қорыққан спортшы нəтижеге жете алмайды. Карьерасын жеңілмей аяқтау абырой емес. Өз-өзіңді алдап отызға дейін қапшықтарды ұрып-ақ жүре беруге болады. Кішігірім турнирді жеңіп келіп, əлем чемпионы болды деп халықты алдауды да қою керек. Əлем чемпионы деп бір кездері Бейбіт Назаровпен де сұхбаттасқан едім. Одан кейін Мырза Еркінбековті де "чемпион болу оңай емес" деп радиодан көсілдіріп қойдық.
Ал солардың шын биігі қай жерде?!

Арман - азамат! Мен оның əлі талай биіктікті бағындыратынына сенемін. Жəне Қанат Ислам бастаған жігіттерді де жоғарыдан көргім келеді.

Берікбол Төлеген

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір
Асан 2017-09-11 19:11:19
Табысы үлкен мейлі кіші болсын қарайып жұрт алдына шыққан азаматтардың бәрін тиісінше бағалап қадірлей біліу керек. ылғи да ұшан биік, ұлы жеңіс талап етіу, сосын былайғыларды қомсыныу ақылға қонбайтын, адамшылыққа жатпайтын асылық болмақ.
Спорттан хабары бар жан 2017-09-11 16:56:43
Мына жігіттің логикасына салсақ Генадий Головкинде жеңіліссіз сериясын жалғастырып жатыр екен ғой. Рингте бір раунд тұрып көрсінші бокстасудың оңай дүние еместігін түсінер еді. Қай жағыңнан соққы тиетінін аңғармай адамның қалатынын, ең әлсіз деген боксердің өзі қолынан бір сермеп қалатынын. Жай соққының өзі адамды есеңгіретіп тастайтынын бокстасып көрмеген адам қайдан білсін?!. Құр көрермен боп тамашалаған адам бокспен айналысу маңдай терді төгетін үлкен еңбек екен ұқпайды ғой...Әйтпесе Қанат Исламдікі таза жеңіс екенін олимпиада чемпиондарының өздері мойындағанын қалың жұртшылық естіді.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5712
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11940