Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
46 - сөз 1149 25 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 09:55

Қазақтың бір соры - рушылдық

Қазақтың соры көп қой. Кедейшілік, жоқшылық, жұмыссыздық, көреалмаушылық тағы басқа. Бірақ сол сорлардың ішінде, өзім үшін, ерекше тұрған сор бар. Ол - рушылдық.

Біз өзімізше ел болдық, анау болдық, мынау болдық деп кеудемізді соққылаймыз. Ал шындап келгенде рушылдық деген ұрып-өршіп тұр бізде.

Басы алтын болса да, Атырауда найман әкім бола ала ма?

Бес-алты тіл білетін адай Өскеменде әкім бола ала ма?

Қазақстанға еңбегі сіңген еңбекқор қоңырат Петропавлға әкім бола ала ма

Әлде ғылым мен білімді тауысқан арғын Шымкентке әкім бола ала ма?

Бола алмайды. Жеп қоямыз. "Ішімізден адам табылмады ма?" деген тізесі шығып кеткен сөз тіркесі шығады. Астанаға арыз жазамыз, ел ішінде іріткі саламыз. Қысқасы келімсекті қуамыз.

Біздің бөлімде 9 адам жұмыс жасайды. Сол тоғыздың барлығы тоғыз түрлі ру-тайпаның өкілі. Мақтанғаным емес, бірақ өмірде жек көретін екі нәрсем бар - ол РУШЫЛДЫҚ пен КЕДЕЙШІЛІК. Сол қағиданы барша атқа мінер ағаларымыз ұстанып, қазақты байытып, руларды ми-палаудай араластырып, бір ҚАЗАҚ ұлтын жасаса деген тілегім бар...

Самат Нұртаза

Facebook-тегі парақшасынан

25 пікір
рушылдық 2017-09-14 23:14:44
рушылдыққа салынып бет - бетіне кетіп, берекены бұзып жүргендерінің ең негізгі себебі --- қазақтарды біріктіретін ортақ дұшпанның жоқ болуынан немесе өздеріне ортақ дұшпанның не нәрсе екендігіне милары жетпегендіктен болып тұр. Ал миы аз адамдар жүз жылдан кейінде милы болып жырғатпайды.
Марко Поло 2017-09-14 20:39:34
Əлемді билеген Шыңғыс қағанда бұтаның тасасына дəрет сындыруға баратын. Түнде киіз үйдең артына барасалатын !!!
Төре 2017-09-14 19:27:49
Сорлы "р"! Іріктің аузынан шірік шығадыны! ұмытқансыз? Соныда ой айттым? деп марқайып отырған боларсыз, оған қоса аса сауатсызсыз... Орныңызды біліңіз?
р 2017-09-14 16:06:49
әй, түңілген ! тарихқа "білгіш" екенсің. қазақ қала салмады дейсің. көшпендіге дәретхана салып не керек, төре мен сенің атаң басына (жатқан төбесіне) тышып кетеді ғой. менің қазір .....тышқым келіп тұр.
Асқар 2017-09-14 15:35:49
Ақылың мен білімің жетсе бəрінде істеуге болады. ШЫҢҒЫС ҚАҒАН СИЯҚТЫ ƏЛЕМДІ ДЕ БИЛЕУГЕ БОЛАДЫ.
Есен 2017-09-14 15:33:25
Елді бөлетін ру емес. Елді бөлетін сендер сияқты ата-тектерін білмейтіндер.
Түңілгенге латыншыл 2017-09-14 10:54:44
Қателесесің. Жаһандануға жетпей-ақ қазақ рушылдығын көйітіп, бірінің астына бірі динамит қойып жатыр. Көп ұзамай рушылдық өз дүмпуін бермесіне қандай күдік бар? Оған рулық негіздегі коррупция қосылса жетіп жатыр.
Түңілгенге 2017-09-13 22:52:14
Атаңның басы. Қазақтар ежелден арийлердің, онан соң парсылардың, онан соң қытайлардың, кейін турк-азербайжандврдың, одан кейін венгрлердің, түркпендердің, онан кейін моңғолдардың, кейін жоңғарлардың, одан соң орыстардың қойын бағып жұрген жоқ па ???
Ахмет 2017-09-13 19:40:17
Өле қалса да мынаны айтамын: оралмандар әлі жүз жыл қазақ болмайды. Кешегі Әлем барысы палуандардың күресінен соң кіл керей жазған мақалаларға қарап осындай ой қорыттым. Бар қазақ жабылып Айбектің жеңісіне мәз болып жатсақ өңкей керей жиналып монголиялық керейдің жеңілісімен келіспей руының сойылын соғып кетті. Серік керей деген әумесер тіпті қазақты қырып тастамақшы. Осыдан соң шетелдегі қазақтың қанында сол шет елдің қаны қытайдың, мыңғұлдың қаны артық соғатынына сендім. Бұлар дау шығармай жүре алмайды. Ұлттық сана қалыптаспаған. Бұлар ағалары інілерін көре алмай, қатыны мен байы тиын бөлісе алмай соттасып жатқаны. Осыларды елге қайтармай-ақ қояйықшы.
Мәлік Бекарыс 2017-09-13 11:55:31
Бастауыш,орта,жоғары білім берудегі жүйесіздіктің салдары деп білемін.
Төре 2017-09-13 07:54:31
Әй... әй... әй Түңілген, тіліңіз "імірдің" оғындай екен! Көптен бері езу тартуды ұмытқан Төренің көңілін бір "көтеріп" тастадыңыз! Рахмет!
Есен 2017-09-13 07:52:41
Ру мен Ата синоним сөздер ғой. Атаңнан безіп, Атанды жамандап не абырой таппақсыздар?
Есен 2017-09-13 07:52:31
Ру мен Ата синоним сөздер ғой. Атаңнан безіп, Атанды жамандап не абырой таппақсыздар?
Орынтай 2017-09-13 03:13:38
Ру сөзіне "...шылдық"-ты қосып алған шылықтар мен былықтар өзіміз ғой... Ру керек, рулы ел керек, сан рудың санасына сəуле шашар саңлау "тесетін", идеология деп итіңдемей-ақ қоялық, мемлекеттік қуат керек!!! Кертартпа қазақ, кері кеткен пиғыл - бір адам атқа мінсе, бір орда жұрттың тақымы қышиды, қара басып... Бұл жөнінде алып қарасаң - қазақты басқаруға Аблайың да аздық етеді-ау, шамасы.... Керек нəрсенің өзін кергіге салмай көне қоймайтын, көнекті сөгіп көйлек тігіп ал десең "келісе" кететін əдетіміз тағы бар... Ру - ретті жүйе, рушылдық - дертті дене....
Түңілген 2017-09-13 02:57:09
Қазақ халқының санасы алғашқы қауымдық құрылыс деңгейіндегі аң аулаумен, табиғаттың дайын асын пайдаланатын термешілдікпен тамағын асырап келген ру-тайпалардан құралған. Олар тумысынан тек өлтіру, жою, жолындағының бәрін дым қалдырмай қиратып, отырықшы халықтарды тонауды ғана жақсы меңгерген әскери ұйым болды. Олардың ата-бабалары ешқашан қала салмаған. Қала дейсің, тіптен дәретхана деген олардың түсінігінде болмаған. Жүзденген ғасырлар бойы азар көрген Қытай мемлекеттері жартылай жабайылардан қорғану үшін өздерінің территорияларының шекараларына ұзын-ұзын, жүздеген, мыңдаған километрлеп қорған дуалдар тұрғызған. Күнделікті олжаларынан қағылған кейбір түркі тайпалары батысқа қарай көшіп, Орталық Азиядағы парсылардың қалаларын басып алып, олардың мәдениеті мен өмір сүру дәстүрлерін өздеріне қабылдап, ақыр аяғында Батыс Түрік Қағанатын құрады. Олар түрікі тайпалары Азербайжандар мен Оғыздар болатын. Кейіннен қытай мемлекеттерінің басын біріктірген Цин империясы құрылып, Солтүстіктен тонаушылығын қоймаған Шығыс Түркілер Қағанатынан қорғану үшін үзік-үзік қорғандарды жалғастырып, ұзындығы 6 мыңнан 8 мың километрге дейін жететін Ұлы Қытай Қорғанын салды. Дайын ас пен байлықтан айырылған Шығыс Түркілері жолындағылардың бәрін қирата-мирата жайпап, тонап, Батысқа қарай жөнкіді. Орталық Азиядағы бұрынғы ағайындарын да басып алып, сұрағандарын бермесе қалаларын қиратып, Ұлы Жібек Жолында өткен-кеткен қытай, араб, еуропалықтардың керуендерінен салық жинап, қазіргі қазақтың МАЙ қызметкерлерінің функциясын үздіксіз атқарды. Азапқа шыдамаған Азербайжан мен Оғыздар Сейхун өзенінің бойындағы қазақтар қиратқан астанасы Жанкент қаласын тастап, Визания империясының қолтығына барып тығылды. Мыңдаған жылдар бойы тонауды тоқтатпаған көшпелі түркілерді жер бетінен көздерін жою үшін Қытай императорлары, парсы билеушілері мен еуропа мемлекеттері неше түрлі айла-шарғы қолданса да, көшпелі түркі тайпаларының ұрпағы, дайын асқа тік қасық қазақтардың көзін құрта алмай келеді. Енді қазақтарды жахандану заманында тілін құрту арқылы, мүмкін ру-тайпаларға бөлу арқылы құрту керек шығар.
ҒАЛЫМ ШӘКІРТТЕРІ ҚАЙТАЛАП ҰСЫНАДЫ. 2017-09-12 16:48:26
проф. Совет-Хан Ғаббасұлы................................. 2017-07-10 12:55:59 ...................................................................... Бүгінге дейін - ЖҮЗ - деген не ? .. Ол қашан пайда болды ?.. РУ - деген не ?.. Оның мәні не ?.. Бұларды - ҰРПАҒЫМЫЗҒА - дұрыс түсіндіріп жүргеміз жоқ !!. Осының зардаптары - Қазақ арасында - Жыл өткен сайын қағынып барады....................................................................................................................................................... Міне - ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫЗ - Халықтың адасар соқпақтары уақыт өткен сайын... ұрпағын аздырып сандырақта та бермек !!.. ТӘУЕЛСІЗДІКТІ - ала салысымен-ақ ... МЕМЛЕКЕТКЕ ИДЕОЛОГИЯ КЕРЕК - деп ұсыныс жасаған едім ?!.. АМАЛ ҚАН ША ?.. ------------------------------------------------------------------------------------------ НҰРСҰЛТАН - бізге ИДЕОЛОГИЯ - керек жоқ ! - деген ұстанымымен әлі келеді. Жалпы - ИДЕОЛОГИЯСЫЗ мемлекет - МҰХИТ үстіндегі ескексіз ХАЙЫҚ - оны ЖЕЛ айдап соғылары - жағалаудағы ЖАРТАС - деп әлі айтудамын !!.. ТЫҢДАЙТЫН - құлақ жоқ !.. Ал, Жартастың астарлы ұғымы - БАЛАСЫН терезеден лақтырған ҚАТЫН - қатынын бауыздаған ЕРКЕК - өзара ОРЫСША сөйлесіп жүрген ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ - жөргектегі және жетегіндегі сәбилерімен ОРЫСША сөйлесіп жүрген ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ - балаларын ОРЫС мектебіне беретін ҚАЗАҚТАР - балабақша мен І-ші кластан ҮШ ТҰҒЫРЛЫ тілге көшіруге тырысқан МЕМЛЕКЕТ - міне осыншама көп ЖАРТАСТАРҒА соғылып жатқан... ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІ (идеологиясы ) жоқ ҚАЗАҚ халқының жетер жері ҚЫСҚА екенін түсінбеудің зардабы аса ауыр... Айяаулы жұртым ХАЛЫҚ - өзін-өзі сақтауы керек !!! .. ОЙЛАНАЙЫҚ...
Төре 2017-09-12 14:02:55
Қазақтар тыңдаңыздар! ... Билікке Төрелерді, Абылай Ханның ұрпақтарын қойсаңыздар бәрі өзінен-өзі орнына келер еді!
Лиза Тынышбаева 2017-09-12 08:29:02
Мен сіздің пікіріңізбен толық келісемін. Өте орынды айтылған. Қазақта у ішсең руыңмен бол деген. Қиындықта, қуанышта бірге бол деген сөз. Ал қызмет бабындағы рушылдық өте қауыпты. Бұның зияны айтпаса да түсінікті. Басшы жұмысты жүргізу үшін жанына руластарын емес өз ісінің шын жанашырын жинау керек. Маман білікті ма, адамгершілік қасиеті жоғары ма, мейлі ол кедей болсын. Қазір басшылар өз руластарын айналасына жинау үшін жұмысқа қабылдаудың түрлі әдістерін ойлап тапқан. Әсіресе бұл әрекеттің білім саласында орын алуы өте өкінішті. Себебі қоғамдағы бүкіл өрескел нәрселерге негіз болатын әрекеттерді мектептен басталса ..........
жəй Қазақ 2017-09-11 23:56:21
Кеңес кезінде Орыстан қорықтық па, əйтеуір студенттер облыс болып бөлінетін, ру сұрауды білмейтін. Қелай Егемен болдық қозып кетті. Оның үстіне рушылдық Мемлекеттік қызметте өте дамыған. Басшылыққа тек руға қарап тағайындайды, солай жоғарыдан ең төменге дейін. Бұл тəсіл Билікті бір қолда ұстауға керек. Ал қалай Жаңғырамыз, қалай рушыл болмаймыз. Өркениет, жалпылама таза сайлау еніп, бірер қателесіп ертерек түзелмей, Қазақты Ел болғызбайды, Ел жікшіл болса басқаруға оңай.
шапырашты 2017-09-11 19:54:33
рушылдық біреуге бақ ... біреулерге сор? Қазақ жерінде рушылдықтың ашық-жасырын туын әзірше желбіретіп тұрған шапырашты руы екенін ешкімнен жасыра алмаспыз? Егер бірінші әкім-қаралар шапырашты болмаса, оның орынбасары міндетті түрде шапырашты болу крек... Сол шапыраштыңыз орынбасарлықпен қоса "тыңшы" міндетін атқарады. Биліктің "құлағы, көзі"! Сенбейсіз бе? Онда айтайық, Жамбыл обылысынң әкімінің орынбасары Мәнжуов Ерғанат Нұрбапаұлы - шапырашты, оның ішінде "теке" бұтағы... Еңбекшіқазақ ауданының Ақши аулында туған...Осындай жағыдай бүкіл Қазақстан бойынша жаппай орын алған! Сондықтан болу керек, "Анықтамада" туған жерін көрсетпеу?! Бұны шапыраштының асқан "данагөйі" ойлап тапқанымен Қазақ деген жүндеуге "жуас" халық жақсы біліп отыр?!
Тарихи сана 2017-09-11 16:40:22
Өзінің ата-бабасын жамандайтын ұрпақ өсіп келе жатқанын білсе хакім Абай таңқалатын болар. Отаршылдар санамызға құйып теріс құбылыс деп түсіндірген ру факторы қазақ ынтымағының негізі екенін ұқпайтындар әлі бар екен-ау. Шала қазақтар ғана емес ана тілін, дәстүрін біледі деген қазақтардың өзі ру құбылысын түсінбей жүр. Рушылдық өз әпке-қарындастарыңа білмей үйленіп қалудан сақтайтын механизм екенін Самат сияқты балдарға үйрететін ақсақалдың болмағаны өкінішті. Ру мәселеін жаңсақ түсінетін адамдар көбейіп бара жатыр. Оған ғылыми түрде жауап беретін мақалаларға сұраныс артып тұр екен.
Жак 2017-09-11 14:34:19
Басы алтын найман болса Атырауға əкім болады. Бес алты тіл білсе адай Өскеменге əкім болады. Мəселе оның руында емес. Шыққан ортасында. Ақорда мен Жергілікті кланның мүддесі т.б. бар соған қарайды. Мысалы Владивостоктың орысы Астраханьға келіп губернатор қалай болад ? Іргені аттап келе алмайды ғой . Əр нəрсенің жолы оңы мен солы бар.
р 2017-09-11 14:04:21
Мекемесінде осы рушылдықтың соры кедейшілдікпен күрес қалай екен, айына 1 000 000 тг төлей ме.
Бақытбек 2017-09-11 11:49:28
Рушылдық қазақтардың қасіреті болмауы керек. Мемлекеттік жұмыста жүрген қазақтар ру сұрап таныспаулары керек. Нені білесің, Шет тілін білесің бе?! Компютердегі бағдарламаларды білесің бе ?! - деп біліктілігін сұрау дұрыс. Рушылдық - қазақтарды біріктіретін күш болу үшін Арғын мен Адай, найман мен Албан, Беріш пен Қоңырат құдаласулары керек.
Қазақбай 2017-09-11 10:44:40
Өте дұрыс айтылған пікір.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5712
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11940