Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
Тарихтың бір күні 1117 9 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 10:46

Қош бол, қазақты әлемге танытқан, ЭКСПО!

Елбасы жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Астана мен еліміздің барлық өңірлері күш жұмылдырғанының арқасында «ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өткенін айтты, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Нұрсұлтан Назарбаев көрменің Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін ерекше атап өтті.

– Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы көрме аясында өткен мәдени және халықаралық шараларға тоқталды.

– Күн сайын елордамыз төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен жеткен түрлі мәдениеттің әуені мен нақышына бөленіп тұрды. Бүгінгі салтанатты рәсім Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитімен тұспа-тұс келіп отыр. Онда ислам әлеміндегі ғылыми-техникалық дамудың маңызды мәселелері талқылануда. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті еліміздің Еуразия өңіріндегі қауіпсіз әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін нығайта түскенін атап өтті.

Мемлекет басшысы «Болашақтың энергиясы» аясында озық идеялар мен технологиялардың дамуына түрткі болған және әлемде ғылымның өзара ықпалдастығын нығайтуға септігін тигізген көрменің бірқатар жағымды аспектілеріне тоқталды.

– ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік берді. Мұнда жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ЭКСПО аясында қазіргі заманғы энергетикалық саясаттың басымдықтары жөнінде жаһандық диалог ұйымдастырылғанын және энергетика мен экология саласындағы заманауи проблемаларды шешуге арналған ұсынымдар әзірленгенін атап өтті.

– ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясына берік екенін тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО инфрақұрылымын көрмеден кейін пайдалану жоспары жөнінде ой бөлісті.

– «Нұр Әлем» және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретінде сақталады. Көрменің аяқталуы бірнеше ауқымды жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасады. Ол қаржы хабына, инвестиция тартатын орталыққа айналып, халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орынға ие болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталықты және ІТ-стартаптар халықаралық технопаркін құруға арналған жобаларға тоқталды.

– «ЭКСПО» көрме кешені толығымен инновациялық және орнықты дамудың мақсаттарына одан әрі қызмет ететін болады. Баршаңызды жаңа орталықтардың жұмысына белсенді атсалысуға шақырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті көрмені өткізуге үлес қосқандардың бәріне алғыс айтып, келген қонақтарға ерекше ризашылығын білдірді.

– Осымен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын! Оның идеясының толығымен жүзеге асуына қолдау көрсеткен Қазақстан халқына ризашылығымды білдіремін. Көрменің сәтті өтуіне мыңдаған адам атсалысып, еңбек етті. Баршаңызға Қазақ жеріндегі айтулы шараға белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы.

Abai.kz

9 пікір
Эксперты рассказали о скором подорожании бензина в Казахстане 2017-09-12 07:59:27
В стране подорожал самый ходовой бензин. Сейчас на автозаправочных станциях 92-й отпускают в среднем по 145 тенге за литр. А на некоторых столичных АЗС цена этой марки доходит до 149 тенге. 92-ой по 145, 95-ый по 159 тенге за литр. Такие ценники сейчас красуются на большинстве АЗС Алматы. После выходных самый ходовой бензин резко пошел вверх и стал дороже сразу на пять тенге. Следом подорожал и дизель.
Город контрастов 2017-09-12 07:48:34
Депутат мажилиса парламента РК Джамиля Нурманбетова рассказала, как ее возмутило увиденное в столичной школе №8. По словам парламентария, она посещала городские школы в рамках встреч с избирателями. "Мы увидели такую картину: школа в буквальном смысле разваливается с основания фундамента, трещины по стенам, перекошены косяки, с потолка течет. Снаружи стяжку сделали, чтобы она просто не развалилась. Перегруженность детей на лестничных площадках. Зашли в столовую зону: очень маленькое помещение и санитарно-эпидемическая ситуация там наверное не ахти. Она разваливается, это же касалось безопасности детей!", — сказала Нурманбетова на заседании комиссии при фракции партии "Нур Отан".
Заседание продолжается 2017-09-12 07:40:40
Пожалуй каждый любитель шахмат помнит незабываемый момент из шедевра Ильфа и Петрова «Двенадцать стульев» — шахматный турнир в городе Новые Васюки (Нью Васюки). Оставшись без средств к сосуществованию,Остап и его Компания решают обмануть доверчивых граждан этого городка и устроить шахматный турнир- Междупланетный шахматный конгресс. Остап,толкает прочувствованную речь.В своем спиче он разворачивает сияющие перспективы для этого крохотного городка, что сотни тысяч людей, богато обеспеченных людей, будут стремиться в Васюки. Во-первых, речной транспорт такого количества пассажиров поднять не сможет...Столица мира автоматически переходит в Васюки. Сюда приезжает правительство. Васюки переименовываются в Нью-Москву, Москва — в Старые Васюки. В Кызыкстане такая же ситуация. По разным данным, по разным источникам, на ЭКСПО потрачено было от трех до четырех миллиардов долларов США. Реальная отдача, опять же тоже по разным источникам, где-то не превышает полумиллиарда долларов — от 300 до 400 где-то миллионов...
Амиржан Кажыгелдин 2017-09-12 06:36:02
ЭКСПО в Казахстане – это стремление казаться, а не быть! А жизнь после ЭКСПО - инфляция, подорожания продуктов, коммуслуг, обнищание народа...Для глаз обывателя создали красивый шоу с салютами и т.д. Имидж – все, деньги – ничто! ЭКСПО — это имиджевый проект. Никто потом не вспомнить куда ушли все наши деньги. Население с этого ничего не имеет, а всякие саммиты, симпозиумы и конференции , выставки за счет налогоплательщиков больше пиар-ход и ничего не даст для развитие экономики. По мнению аналитиков после проведения ЭКСПО для экономики Казахстана ничего не изменится в лучшую сторону. Наоборот, будет ухудшение жизни народа. Пожалуй, большинство казахстанцев сталкиваются с проблемой нехватки денег. Власть выбирая между имиджем и реальными улучшениеми жизни народа выбрали имидж. Если бы мы эти деньги, потраченные на ЭКСПО, потратили на создание новых рабочих мест от этого было бы больше пользы. А так пустое трата государственных денег...
Еркін 2017-09-11 22:55:45
Әй Гүлжан, професор тағыда басғаларын, батыстан ЭКСПО ға келген бір топ мәртебелі мейxмандар кормені тамашалап болып облыстартарды да көре кейтпйіктеп Семей айналып Алакөлге жоь тар тартыпты. Тесік толы трассандан шаршаған олар мұратына жете алмай жол ортадан Россияға бұрылып кетіпті де "ЭКСПО өткізбегегн Россия Батыстың санкциясына қарамастан әжеп тәуір дамып келеді екен ау ә" депті.
Гүлжан Мұқатайқызы Тәнеке батыр шөбересі 2017-09-11 20:49:26
Кезінде Роза Бағланова орыстарға қазақтың кім екенін таныстырып еді,Нұраға қазақты бүткүл әлемге паш етті. Қазақтың абройы арта берсін ! Аспанымыз ашық,жаманшылықтан еліміз .аулақ болсын-деп тілейік
Жалайырдың жалғызы 2017-09-11 18:44:11
ЕНді неше жыл қайыр тілеп экспоға кеткен ақшаны жабар екенбіз оданда талайдың жыртық шалбарын айырбастайтын жаңа дамбал әперсеші.
проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 2017-09-11 11:48:38
Ата-Бабамыздың аманаты ; - "Атың бар да - ЖЕР таны желіп жүріп... Асың бар да - ЕЛ таны беріп жүріп ! - дейтін ... ҚАСИЕТТІ ҚАҒИДАНЫ - бүкіл ӘЛЕМГЕ паш етуді ұйымдастырған... АРДАҚТЫ ЕЛБАСЫМЫЗ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫНА - өлшеусіз АЛҒЫС айтамын !!.. Жалпы бұл ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ - тәлімді де... ТӘРБИЕЛІ ІСІ болды. Қайырын беріп... ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ - Ұлттық санасы жетіліп... РУХАНИ жаңғырғанын тілеймін...
Қандасың 2017-09-11 11:33:59
Аса мәртебелі Нұреке, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге алғысымыз шексіз, жаман қазағыңды бес құрлыққа таныттың, беделін жеті қат көкке көтердің! Аман болыңыз!!!

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5712
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11940