Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Аймақ 7377 3 пікір 12 Қыркүйек, 2017 сағат 08:35

Маңғыстауда мамырлап мал жайылар мүмкіндік бар

Маңғыстау облысын аграрлық өңірге жатқызу мүмкіндігі шектеулі дейтіндер бар. Дейтұрғанмен, аграрлық секторды облыс экономикасының дамуының драйверіне айналдыру мақсатында ата кәсіп - мал шаруашылығын қарқынды дамытумен қатар, егін шаруашылығын дамыту іске асырылып келеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Берішбаев мәлімдеді.

Айта кету керек, бірінші жарты жылдықта 2658,5 тонна ет, 3000 тонна сүт, 808,6 мың дана жұмыртқа, 4708,6 тонна ұн, оның ішінде 4513,3 тонна бірінші сұрыпты ұн өндірілген. Жалпы мал шаруашылығы саласында ілгерілеу жоқ емес. Ароөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында, мал шаруашылығында тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру негізгі екі бағыт бойынша айқындалған.

2017 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен 80 300,0 мың теңге қаражат бөлініпті. Асыл тұқымды мал шаруашылығы - сапалы да мол өнім өндіру көзі, малдың өміршеңдігі мен өнімділігін, өнім сапасын арттырудың негізгі жолы. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша 36 асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісі тіркелген.

2017 жылдың 1 шілдесіне дейінгі статистикаға көз жүгіртсек, мал санының көрсеткіші мынадай: ірі қара мал - 19656 бас, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 16101 бас, яғни көрсеткіш 22,1% артып отыр. Ал қой болса - 398279 басқа жеткен, 2016 жылдың осы кезеңңмен салыстыратын болсақ 3,4% артқан. Ешкі - 114747 бас, өткен жылы 106154 бас болатын, арту көлемі 8,1% құрады. Жылқы басы болса 10,4% артқан, яғни 83348, өткен жылы 75518 болатын. Түйе - 62597 бас, ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстыратын болсақ 8,0% артқандығы байқалады, яғни 2016 жылы - түйе саны 57987 бас болатын. Құс болса - 28949 бас, өткен жылмен салыстырған 2,1% артып отыр.

Тағы бір өзекті мәселе егін шаруашылығы. Айта кету керек, облыста егін алқабы 2017 жылы 1100 га болды, ал өткен 2016 жылы 941 га болатын. Өңірде 2014-2015 жылдары 15 жылыжай кешені болса, 2016 жылдан бері 27 жылыжай кешені жұмыс жасауда. Оның ішінде өнеркәсіптік жылыжай-5, фермерлік жылыжай-2, жылыжай кешендеріндегі егіс алқабы 20,0 га.

Егін шаруашылығы саласында ұсақ шаруашылықтардан бөлек «КаспийАгроКомпани» ЖШС ірі жылыжай кешені жұмыс жасап келеді. «Creen house» E.C.O.» АҚ-ның көлемі 3 га жылыжай кешені іске қосылды, осы жылы көкөністер, құлпынай отырғызылды. 2017 жылға егін шаруашылығын дамытуға 181800,0 мың теңге бөлінді, қазіргі таңда қаржыны игеру мақстанда қызметтер жүргізілуде.

Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау: 2017 жылға инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау үшін 260,240 мың теңге бөлінген.

"2017 жылға 30 құдық қазылады деп жоспарланған. Осыған байланысты, 6 инвестордан (шаруа қожалықтар) өтінім келіп түсті. 6 инвестордың құжаттары қаралып, көз жеткізу актісі жасақталып, операторлық қорытынды дайындалды. Қазіргі таңда, аталған 6 инвестордың қазылған құдығына кеткен шығынды өтеу негізінде субсидиялауға тиісті немесе тиісті еместігін анықтау мақсатында комиссияға шешім қабылдау мақсатында ұсынылды", - дейді Серік Берішбаев.

Өткен жылы 5 ауылшаруашылығы кооперативтері құрылған болатын. Олар «Болашақ», «Несібе-Жан», «Атамекен-Маңғыстау», «Ботакөз ұжымы», «Бейнеу». Биыл құрылған кооператив саны - 6. Атап айтқанда «Олжа», «Берген Бек», «Бас Үстірт», «Асар», «Елтай» және «Кызылозен». Бұлардың барлығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, жинау және өткізумен айналысады.

Ұсақ шаруашылықтарды біріктіре отырып, ірі ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру арқылы, өндірісті ірілендіру бағытында мал шаруашылығы дамыған Бейнеу және Маңғыстау аудандарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, тек Бейнеу ауданының өзінде 2017-2020 жылдары келесі 6 кооперативтер ашу жоспарлануда: Бейнеу селосында «Мусира», Боранқұл ауылында «Қарақұм», Есет ауылында «Есет», Сам ауылында «Сам құмы», Сарға ауылында «Сарға» және Төлеп ауылында «Төлеп» кооперативтері.

Жастардың кәсіп ашуға деген ынтасы жоғары екендігі де қуантады. Өңірімізде өткен жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бір қуантарлығы, кәсіпке икемді жастар қатары артқан. Міәселен, Жаңаөзен қаласында – 240 жас оқытылып, 45 млн. теңге қаражатты құрайтын 12 бизнес жоба мақұлданған. Сонымен қоса үстіміздегі жылдың 2 тоқсанында 75 адамға арналған жұмыс орнын ашылған. Мұнайлы ауданында – 48 жас оқытылып, 30 млн. теңге қаражатты құрайтын 12 бизнес жобасы мақұлданып, қосымша 15 жұмыс орны ашылды.

Серік Берішбаев өз сөзінде қайта өңдеу саласы бойынша да жұмыстар қолға алынғанын айтады. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігімен сүт, ет, тері, жүн, майлы дақылдар, астық, жеміс-көкөніс, қант қызылшасы және картоп өңдеудің 9 бағыты бойынша қайта өңдеу кәсіпорындарының картасы  жасалған. Оған өңірдегі келесі қайта өңдеуші кәсіпорындар енді отыр, яғни «Ақтау сүт», «Ақ-нек», «Бейнеу сүт зауыты», «Жаңаөзен сүт зауыты», «Millina food production company ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Бұл кәсіпорындар негізінен Ресей және Беларусь елдерінен тасымалданатын құрғақ сүт негізінде жұмыс жасайды.

Ет бағыты бойынша да аталмыш картаға кірген кәсіпорындар бар. Олар «Қарағантүбек» және «Сенек» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Өңірдегі бірден бір ұн тарту кәсіпорны «Бейнеу астық терминалы» жұмыс жасайтыны белгілі. Терминал 2015 жылы - 30462 тонна, 2016 жылы 28185,7 тонна, 2017 жылдың 1 жарты жылдығында 5500 тонна ұн өндірді.

Жыл соңына дейін іске асырылатын жобалар көп. Олардың қатарында бекіре тұқымды балық өсіру кешені, құс фабрикасы, құтыға құйылатын қымыз өндірісі, тәуілігіне 8000 литр түйе сүтін құтыға құю зауыты, тәуілігіне 4000 литр түйе сүтін өндіретін цех, жылыжайлар, сыйымдылығы 15000 тонналық түйіршікті жем өндіретін зауыт пен  сыйымдылығы 1321, 5000 және 8500 тонна көкөніс сақтау қоймалар құрылысы аяқталысымен, индустриялық және аграрлық салалар дами түспек.

Жоғарыда айтылған жаңа бизнес жобалар негізінен Ақтау қаласы және Қарақия, Түпқараған, Мұнайлы аудандарында жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде, барлығы 300-ден астам адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылады деп күтілуде. Яғни, мал шаруашылығын дамыту жөніндегі  іс-шара жоспарын жүзеге асыру Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ өңірде шаруа қожалықтарын дамытуға маңызды серпін бермек.

 Дайындаған Нұрбол Оқуов, ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516